Әлсейіт оспан шырағым менің ӘҢгімелер алматы



Pdf көрінісі
бет5/9
Дата17.02.2017
өлшемі0,98 Mb.
#4310
1   2   3   4   5   6   7   8   9
(Әңгіме)
 Алты  айлық  оқудан  кейін  демалысқа  шығып  ауылға 
келе  жатырмын.  Көктемнің  нағыз  құлпырған  шағы. 
Автобустан  түн  ішінде  түстім.  Ауыл  ұйқыда.  Күйреуік 
пен жусан исі мұрын жарады. Далаға біреу әтір шашып 
тастағандай. Ауылға барар жолдағы төбеден түсіп келем. 
Сағыныштың  әсері  ме,  төбе  бұрынғысынан  пәсейіп 
кеткендей көрінеді. Қуаныштан адамға қанат бітеді екен 
ғой. Аяғым жерге тиер-тиместей болып келеді.
Көзге  түрткісіз  қараңғы  түн.  Күн  шығыс  жаққа  енді. 
Ағараңдай  бастаған.  Жүріп  келем.  Кейде  жолға  тұрып 
қалған  қақтың  суын  байқамай  кешіп  кетемін.  Бір  кезде 
қарсы  алдымнан  біреудің  ентіге  суды  шалпылдатып 
келе жатқанын естідім. «Бұл кім екен, бейсауыт жүрген? 
Үйдегілер менің бүгін келетінімді білмеуші еді ғой», – дедім 
іштей.  Жаңағы  өзімді  еліткен  тәтті  сезімнен  айырылып 
қалдым.  Жақындап  қалған  кезде  анықтап  қарадым.  Ит 
екен. Қауып алмасын деген оймен бойымды жинап алдым. 
Жаныма да келіп қалды. Тіпті еркін. Таныдым, өзіміздің 
–  Ақтөс!  Құйрығын  бұлғаңдатып  келіп,  қыңсылайды. 
Танығаны ғой мені. Желкесі күжірейіп, дәу ит болып: «Ау, 
Ақтөс,  мені  қарсы  алуға  келгенсің  бе?»  –  деп  басынан 
сипадым. «Сен өзің ақылдысың, ей», – деймін. Бір озып, 
бір  қайтып  келіп  шапқылап  жүр.  Менімен  кездескеніне 
қуанғандай.  Мен  де  қуанып  қалдым.  Мені  Ақтөс  қарсы 
алады деп ойламаппын да. Арқасын жерге беріп, бауырын 
жата  жазып,  жата  қалып  еркелей  қыңсылайды.  Өзім 

99
жолдан  шаршап  келе  жатырмын.  Үйге  тезірек  жетсем 
деп  келемін.  Үйге  де  жеттім.  Ақтөс  жаңағы  әдетін 
қайталай берді. Апам сыртта жүр екен. Мені көріп қалып, 
үйдегілерге естірте: 
 – Үйбай-ау, баламыз келіп қапты ғой, – деді де бетімнен 
шөп еткізіп сүйді. Басқалар ұйқыда екен. Біртіндеп ояна 
бастады.
 Сол  кезде  арт  жағымнан  Ақтөстің  ұмтылғанын  сезіп 
қалдым.
 Апам: «Кет, әй, кет!» – дегенше болмады, күрткемнің 
етегін алып түсті. 
 Әкем: – Мына ит немене, құтырған ба өзі, – деп Ақтөске 
сес білдірді. Сонда барып Ақтөстің мына қылығын енді 
түсінгендей болып:
 –  Қой  тиіспеңдер,  мені  сағынып  қалған  ғой,  ұмытып 
кетіппін, – дедім де сөмкемді қарындасыма беріп:
  – Ақтөс, Ақтөс, келе ғой, келе ғой, – дедім. Құйрығын 
бұлғандатып  алдыма  кеп  бауырын  жазып  жата  қалды. 
Сипалап біраз отырдым. Ашуы тарқаған сияқты. Жаңағы 
ашуланған себебі, осы екен. Ал, бұған үйреткен де өзім 
едім.  Біздің  үйде  ит  жоқ  болатын.  Сегізіншіде  оқып 
жүргенде,  көрші  ауылдағы  Амангелдінің  иті  күшіктепті 
дегенді естіп, сабақтан келген бойы солай қарай тарттым. 
Ауласында жүр екен. Мені көріп: «Неге келдің?» – деді.
– Маған күшік беріңізші, – дедім.
– Бұл қуларға дауа бар ма? Итіңнің күшіктегенін өзіңнен 
бұрын  біліп  қояды,  –  деп  күліп  қораға  қарай  беттеді. 
Күшікті алып шықты да:
– Әкең ақша берді ме? – деді қуланып.
–  Жо-жоқ, әкеліп берем, – дедім бермей қояды ма деп 
қауіптеніп.
– Әшейін айтамын, ақшаңның керегі жоқ. Бұл қаншық 
жылда күшіктейді. Қайтып құтылсам екен мұнан? – деп 
ол мұңын шағып кетті. 

100
Ал менің назарым күшікте. Қолмен ұстағанша асығып 
тұрмын.  Пальтомның  өңірін  ашып  жіберіп,  қойныма 
сүңгітіп  жібердім.  Бір-екі  рет  қыңсылады  да,  бұйығып 
ұйықтап кетті. Атын не қойсам екен деп ойланып келемін. 
Құттыаяқ  қойсам  ба  деп  едім,  ауылдың  екі  итінің  бірі 
«Құттыаяқ».  Өзім  білетін  ит  аттарын  есіме  түсірдім. 
Жолбарыс, Қабылан, Көксерек...
 «Ақтөс» дедім, төсіндегі ақ жүнін байқап қалып. Есімің 
– Ақтөс, Ақтөс деп басынан сипалап қойдым. Апам:
 –  Бұл  бәлені  неменеге  әкелдің,  түні  бойы  қыңсылап 
мазаны  алады  ғой,  –  деді.  Қуанғаннан  адам  оған  мән 
береді ме?
– Ештеңе етпейді, үйреніп кетеді, – дедім. Қыс ортасы. 
Күн суық. Ескі киізге орап, ағаш жәшікке орап қойдым. 
Бір-екі күн қыңсылады да, қойып кетті. Күнде есік алдына 
алып  шығып,  бауырынан  сипалаймын.  Үйден  жылы-
жұмсақты ұрлап шығамын. Біліп қалған апам: –  Тағы да 
итке апара жатсың ба? – деп дауыстайды. Мен үндемей 
құтыламын.
Ақтөс  тез  өсіп  кетті.  Көктем  шығысымен  далаға 
жібердім. Жанымда салпақтап шауып жүреді. Бауырынан 
сипалағанға  әбден  үйреніпті.  Кез-келген  жерде  аяғыңа 
оратылып бауырын жазып жата қалады, сипала дегендей. 
Тағы да кім екен демейді, үй-ішінің бәріне сөйтеді.
–  Мына бәле жүргізе ме, жүргзбейді ме? – дейді әкем 
кіжініп.
 Күзде  апам  тауық  асыраймын  деп,  базардан  төрт-
бес  тауықтың  балапынын  сатып  әкелді.  Апам  келісімен 
бәріміз шайға отырғанбыз. Кішкентай інім жүгіріп келіп:
–  Ақтөс бір балапанды жеп қойды, – деді ентіге.
Үй алдына жүгіріп шықтық. Қораның түбінде балапан 
жатыр. Жан-тәсілім қылыпты. Тамақтан бір-ақ салған ғой 
ауызды.
–  Бұл бәле тауықты көрмеген, – деп ақтап жатырмын 

101
Ақтөсті.
 Расында  солай,  қайдан  білсін  мұның  тауық  екенін, 
оның  бізге  керек  екенін.  Әкем  Ақтөсті  ұстап  алды  да, 
байлап қойды. Қыңсылағаны жүрегіңді шымырлатады.
Сол  байлаулы  күйінде  үш  күн  тұрды.  Түні  бойы 
қыңсылап  шығады.  Тамақ  та  ішпейді.  Жақындасаң 
ырылдап  өзіңе  айбат  шегеді.  Босатайын  десем,  әкемнен 
қорқамын. Көрші ауылдағы үлкен атамның келе қалмасы 
бар ма? Қыңсылап жатқан Ақтөсті көріп:
 –  Ой,  бұларың  не?  Босатыңдар!  Ит  болған  соң 
ұмтылғанда. Иттің аты ит қой. Иттік қасиетін жоғалтқан 
ит, ит болушы ма еді. Енді өзі де тимейтін шығар, – деді.
 Әңгіменің өзі жайында болып жатқанын түсінгендей, 
Ақтөс  қыңсылағанын  қоя  қойыпты.  Бардым  да  босатып 
жібердім. Содан кейін ол тауықтарға тимейтін болып кетті. 
Тауықтар  енді  Ақтөстің  жанында  тіпті  еркін  жүретінді 
шығарды. Жалпы, Ақтөстің ақылдылығына сенуші едім. 
Ал  кішкентай  екі  інімнің  Ақтөсті  есек  қылып  мініп 
алатынын  қайтесің,  тіпті  құлағынан  тартса  да  маңқиып 
жата береді. Келесі күзде оныншы бітірдім де, оқуға түсіп 
кеттім.  Ауылдан  шығып  көрмеген  бозбала  ауылдың  ит 
екеш  итінде  сағынады  екен.  Мен  де  Ақтөсті  сағындым. 
Бұлардың бәрі жаңа –  Ақтөс мені қауып ала жаздағаннан 
кейін есіме келіп отырған нәрселер ғой. Шай ішіп, бәріміз 
ұйқыға жаттық. Таңертең тұрсам, Ақтөс есік алдындағы 
төбенің үстінде жатыр екен.
 – Ақтөс, Ақтөс, –  деп шақырып ем, жүгіріп келді. Тағы 
да бауырын жазып жата қалды. 
 Апам: – Үсті батпақ қой, киіміңді былғар, – деді.
Мен:
 ......... –  Ештеңе  етпес,  –  дедім  де  бауырынан 
сипаладым. Ауылда екі-үш күндей болдым. Қойға барсам 
да, тойға барсам да, Ақтөс жанымнан бір елі қалмайды. 
Салпақтап ереді де жүреді. Тек алдыңнан бір мезет шыға 

102
қалғанда: «Ой, мынау қай уақытта келіп қалған?» – деп 
таңданасың. Кішкентай кезінде жаныма еремін деп көрші 
ауыл  иттерінің  тісі  батқаны  бар  бір-екі  рет.  Мені  пана 
тұтып жаныма тығылатын. Ал қазір иттер Ақтөске бата 
алмайтын болыпты. Ол қазір желкесі күжірейген үлкен ит. 
Біреуі қыңқ демейді. Ал өзінің көрінген итке ұмтылатын 
әдеті жоқ.
Бүгін менің қайтатын күнім. Соны білгендей Ақтөс те 
түн ұзақ үйдің алдындағы сәкінің астынан шықпай жатып 
алды,  мені  аңсағандай.  Міне  күн  де  батты.  Үй-ішімен 
қоштасып,  Арысқа  апаратын  сүрлеумен  жүріп  келем. 
Ақтөс жанымда арсалаңдап келе жатыр. Біресе оң жағыма, 
біресе  сол  жағыма  шығады.  Ал  жолға  жақындағанда 
алдымды кес-кестеп жүргізбей қойды.
 – Кет, Ақтөс, кет! – десем, онан сайын өршелене түседі. 
Сірә  менің  алысқа  көп  уақытқа  кетіп  бара  жатқанымды 
сезеді. Жолға да жеттім. Қырсыққанда машина де келмей 
қойды.  Бір  сағат  уақыт  өтті.  Ал,  Ақтөс  болса  жолдың 
қарсы  жақ  бетіндегі  үйілген  тастың  үстінде  шоқиып 
отырды  да  қойды.  Кететін  ойы  жоқ.  «Мені  шығарып 
салып бір-ақ кетейін дегені ме?!» – деп ойландым. Міне, 
автобус та келіп жетті. «Қош, қош» дегендей, бір-екі рет 
еркелей қыңсылап қойды.
 – Ал, Ақтөс қош бол! – дедім де автобусқа мініп кеттім. 
Ашық есіктен дауысымды естіген бе, алдыңғы қатардағы 
бір-екі  кісі  итпен  сөйлескені  несі  дегендей  таң  қалған 
сыңай  танытты.  Біраз  жер  жүргеннен  кейін,  терезеден 
Ақтөс әлі тұр ма екен деген оймен арт жаққа көз салған 
едім, әлі тұр екен. «Қош, Ақтөс!» – дедім күбірлеп. Көзіме 
жас келіп, көңілім босап кетті. 

103
 
АСЫРАНДЫ ҰЛ
Өзіңнен тумай ұл болмас
Әңгіме
Біздің ауылда екі ағайынды кісі болды. Үлкені – Ерман, 
жетпістің  үстінде,  кішісі  –  Құрман  одан  екі  жас  кіші. 
Құрманның  үбірлі-шүбірлі  қызы,  ұлын  қосқанда  жеті 
перзенті  бар.  Шынына  келгенде,  оның  перзенттерінің 
саны  –  сегіз.  Бір  ұлын  ағасы  Ерман  ертеректе  асырап 
алған.  Ерманның  әйелі  келін  боп  түскеннен  етегі  қанап 
құрсақ  көтермеді.  Олар  алғашында  жастықтың  қызумен 
жүріп,  бала  жоқтығына  онша  мән  бермеген.  Әне-міне 
дегенше  екеуі  де  қырықтың  о  жақ,  бұ  жағына  шықты. 
Қатарластарының  алды  немере  сүйгенде  өздерінің  қу 
тізелерін  құшақтап  отырғандары  жандарына  қатты 
бататын.  Ерманға  ештеңе  емес,  совхоздың  жылқысын 
бағатын.  Күні  бойы  ат  үстінде.  Зерігуге  уақыт  жоқ.  Ал, 
әйеліне  өте  қиын.  Таң  алакеуімнен  тұрып  күйеуінің 
шайын  береді  де,  сонан  соң  үй  шаруасын  жайғайды. 
Шаруа  дегенде  не  шаруа  бар  дейсің,  бір-екі  сиырды 
сауып  қоя  береді  де,  бұзауын  арқандайды.  Бес-алты 
ұсақ  тұяқты  өріске  айдап  жібереді.  Бір  күбі  айранды 
піскен  соң,  отыра  ғап  шайға  кіріседі.  Жалғыздық  деген 
жаман ғой, ас та батпайды. Тіпті өзін қоярға жер таппай 
күйбеңдеп  кетеді.  Алданыш  болатын  бір  «жаман  неме» 
де  жоқ.  Ерлі-зайыптылардың  перзенті  болмаса,  қазақ 
санасына сіңген әдет емес пе, көбіне-көп бар кінәнің әйел 
жағына артылатыны. Соның әсері болар. Ерманның әйелі 
күйеуінің алдында өзін үнемі кінәлі сезінетін. Кей-кейде 

104
тағдырына  көкірегі  қарс  айырыла  күрсініп,  күйінетін. 
Ерман өзін қамшы астына алып жатса да, қыңқ етпейді. 
Онысы  қорыққандықтан  емес.  «Перзенті  болмаған  соң 
көңілі жарымжан ғой», – деп үндемейтін. Былай алғанда, 
күйеуі  жаман  адам  емес.  Осы  күні  тойға,  жиынға  бара 
қалса, өздерін жұрт біртүрлі аяйтын сияқты көрінеді. Тіпті 
олар жылы-жылы амандасқан болып, сонысын білдіріп те 
қоятын.  Ондайда  Ерман  мен  әйелі  ертерек  үйге  қайтуға 
асығатын. Бір күні орталықта тұратын Құрманның әйелі 
босанып, ұл туыпты деген хабарды ести салысымен Ерман 
күрт шешімге келіп, атқа қонған. «Онсыз да үш ұлы бар, 
жалғыз бауырына бір ұлын қимас дейсің бе. Барып қолқа 
салып көрейін» – деген. 
 Шынында  да  Құрман  бірауыз  сөзге  келмеген.  Әйелі 
аздап қыңқылдап еді. «Бөтен біреу емес, өз бауырым ғой, 
берелік»  –  деген.  Қуанышы  қойнына  сыймаған  Ерман 
жөргекке оралған сәбиді құшағына алып үйіне жеткенше 
асыққан.  Сәбидің  іңгәлаған  үні  өне  бойын  елжіретіп, 
тумасында балажан Ерманның ішкі дүниесін сары майдай 
ерітіп жүре берген. Дүниеге жаңа келген сәбидің жұпар 
исі мұрнын қытықтап, ыстық сезімдер алпыс екі тамырын 
қуалап  әкелік  махаббатын  оятып  жіберді.  Әйелінің  киіз 
үйдің керегесінен сығалап тұрғанын білсе де:
 . – Уа, қатын! Баланы ал! – деп айғай салған. Күйеуінің 
дауысын  ести  сала,  үйден  атып  шыға  келген  әйелі, 
қалбалақтап баланы қолына ала берді. 
Ерлі-зайыпты  екеуінің  қуанышында  шек  жоқ.  Мәре-
сәре болды да қалды. Сәбидің іңгәлаған үні шаңырақтарын 
құдды  бір  әнге  бөлегендей.  Ерман  іле  бір  қойды  сойып 
тастап, айнала-төңіректегі біраз үлкендердің басын қосып, 
батасын  алып  балаға  Жалғас  деп  ат  қойғызған.  Күндіз-
түні ермек еткендері – сол болды. Жасқа толғанда, Ерман 
үлкен той жасап көкпар берді. Әйелі екеуі бойларын тың 
күш билегендей, қайта жасарғандай күй кешті. Жалғасы 

105
не ішем, не кием демеді. Ерман: «Жалғыздан аяғанымды 
ит  жесін»,  –  деп  қоятын.  Жалғас  орталықта  интернатта 
жатып оқыды. Алғашында: «Жалғасжан, аман ба екен?» 
– деп екеуі күндіз-түні уайымдаумен болды. Ерман күн-
ара  ат  терлетіп,  қоржынын  сүтпен,  маймен,  қаймақпен 
толтырып,  барып  қайтатын.  Бірте-бірте  үйреніп  кетті. 
Әне-міне дегенше Жалғас мектеп бітірді, жігіт болды. Бір 
күні:
–  Алматыға  оқуға  барам!  –  деді.  –  Айналып  қана 
кетейін, Алматы түгіл, Мәскеуге барам десең де, қалауың 
білсін! Кеудемде жаным барда ештеңеден қам жеме. Сені 
оқытуға шамам келмесе, жер басып жүрмей-ақ қойдым, – 
деген Ерман қуанып.
Жалғасы  Алматыға  оқуға  кеткелі,  әйелі  екеуі  бір- 
түрлі  жабырқап  қалды.  «Бес  жыл  ештеңе  емес.  Демде 
өтіп  кетеді»  –  деп  өздерін  жұбатып  қояды.  Жалғастан 
хат  келсе  қайта-қайта  оқып,  мәз-мейрам  болып  қалады. 
Алғаш хат келгенде пошташының мотоциклінің қорабына 
бір тоқтысын салып жіберген. Кейін де хат келген сайын 
бес,  он  сомды  қалтасына  зорлағандай  болып  салып 
жіберетін.  Бес  жыл  дегенде,  көзді  ашып-жұмғанша  өте 
шықты. Қыста жазған хатында Жалғас: «Әке жақын арада 
үйленіп  қалармын»,  –  деп  жазған.  Есі  шыққан  Ерман 
тойға  қамдана  бастаған.  Қиналатын,  ойланатын  несі 
бар,  құдайға  шүкір,  жиған-тергені  бір  той  емес,  екі  той 
жасаса  да  жетеді.  Қақаған  қыста,  ызғарлы  суық  желдің 
өтінде  тұрып  Жалғасының  үйленетіні  есіне  түссе,  өн 
бойы  жылып  қоя  береді.  Ақ  сәукеле  киген  келіншегін 
қолтықтап  Жалғастың  табалдырықтан  аттаған  сәтін  көз 
алдына елестетіп, тәтті ойларға берілетін.
Осы жаз Ерман мен әйелін әбден күттірді. Кемпірі екеуі 
қараша  үйдің  іргесінен  өтетін  қара  жолға  көздерін  тігіп 
елеңдеумен  болды.  Бір  күні  інісі,  Құрманның  кіші  ұлы, 
Полат атпен шауып келіп, Жалғастың келінді өз үйлеріне 

106
түсіргенін айтып сүйінші сұрап келеді.
–  Мұнда  қашан  келді?  –  деп  Ерманның  өңі  бозарып 
сала берді. Келіншегі Алматыдағы үлкен бастықтың қызы 
көрінеді.  «Әкем  өкпелемесін,  қонақтарды  қара  жолдың 
шаңына  көмілдіруге  ұялдым.  Тойды  да  орталықтағы 
үйде жасайық», – депті. Мына хабардан кейін Ерманның 
алабұртқан көңілі су сепкендей басылды. «Қызталақтың 
онысы  несі-ей»  –  деп  күн  батқанша  үйге  бір  кіріп,  бір 
шығумен  болды.  –  Өсірдім  бе,  жеткіздім  бе,  қызығын 
көрем  бе  деп  отырғанда  сыртқа  тепкені  несі?!  Тіпті 
болмағанда, келінді осы үйдің босағасынан бір аттатып, 
одан Алматысы бар ма, басқасы бар ма, қалаған жағына 
кетем  десе,  бетінен  қақпас  едім  ғой.  Ерте  бастан 
құлақтанып қалған ел-жұртқа не бетін айтады. «Өзіңнен 
тумай ұл болмас» деген осы екен ғой,  деп әбден күйінді. 
Тойға  да  бармады.  Кемпірі  байғұс  әрең  дегенде  рұқсат 
алып, тойға барып қайтқан. 
 Содан  Ерман  іш-құса  болып,  төсек  тартып  жатып 
қалыпты да, көп ұзамай-ақ жарық дүниемен қош айтысып, 
көз жұмды.
ТАҒДЫР
Дәуренбек көкемді көрмегеніме он үш-он төрт жылдың 
жүзі болған. Қызмет бабымен не болмаса, оқу-білім іздеп 
ауылдан алысқа ұзап кеткен жандарды тоқайластыратын 
да, табыстыратын да ауыл емес пе. Тіршілік болған соң, 
бәрі де болады. Ол кісі болса, сонау жас кезінен жоғарғы 
оқу  орнын  бітіре  салып,  жолдамамен  тым  шетке,  сонау 
өзбек жеріне қызметке кеткен. Кеңес өкіметі бар кез ғой. 
Ауылға кейде араға жыл салып, кейде екі-үш жыл салып, 
келіп-кетіп тұратын. Оның өзінде де жақын туыстардың 
той-томалағына,  қаза-қайғысына  ортақтасу  үшін  келеді. 

107
Қызметі  үлкен  болса  да,  тым  кішіпейіл,  қарапайым,  өте 
балажан  кісі.  Содан  ба,  ол  кісі  келгенде  бәріміз  қуанып 
қалатынбыз. Әрқайсымызбен амандасып, жағдайымызды 
сұрайтын.  Маңдайымызды  иіскеп,  бетімізден  сүйеді. 
Бала  шіркін,  мақтау  сүймей  ме.  «Дәу  жігіт  болыпсың 
ғой» – дегенге төбеміз көкке жеткендей болады. Мектеп 
бітіріп, одан жоғары білім алып, дәм-тұз айдап, Алматыға 
орныққанмын.  Жақын  туыстардың  ұлы  үйленіп,  тойға 
шақырған екен. «Сыныққа сылтау» дегендей ауыл жаққа 
ат  ізін  салмағалы  да  біраз  болған.  Елге  тартып  кеттім. 
Барсаң,  ағайын-туыс  құшағына  алады.  Мәре-сәре  боп 
жатқанда:
 –  Е,  мынау  Әбілжан  ба?  –  деген  дауысты  естідім  де, 
жан-жағыма  көз  жүгірттім.  Қарасам,  қарсы  алдымда 
құшағын жайып Дәуренбек көкем күле қарап тұр. 
 –  О,  көке,  сіз  де  келгенсіз  бе  тойға?  –  дедім  қуанып. 
Көкем мені құшағына алып, қатты қысып бетімнен сүйді. 
Тым бауырмашыл кісі ғой. Көзінен жас та шығып кетті. 
Менің де көңілім босады.
 – Әбілжан, өзіңді көрмегеніме он бес жылдай болыпты 
ғой.  Қалай,  келін,  бала-шаға  аман  ба?  Алматың  жайнап 
тұрған шығар, – деді.
–  Иә,  көке.  Бәрі  аман-есен.  Өзіңіз  қалайсыз, 
денсаулығыңыз жақсы ма? – дедім толқып.
–  Зейнетке  шықтым  ғой.  Қол  бос,  туған-туыстарды 
аралап жүрмін, әбден сағындым. Мауқым басылар емес. 
Айналайын  туған  жерге,  туған  елге  ешнәрсе  жетпейді 
ғой. Дәуренбек көкемнің шаштары бурыл тартып, маңдай 
тұсындағы әжімдері тереңдей түсіп, бойы еңкіш тартыпты. 
«Сырлы қасықтың сыры кетсе де, сыны кетпейді» демекші, 
жас кезінде сымбатты, сұлу, кербез болғандықтан ба әлі 
де қайратты, қартайып тұрған ештеңесі жоқ.
– Сен, Әбілжан, қасымда жүр осы тойда. Басқаларды 
ғой, жиі көремін. Ал өзіңді көптен көрмедім, – деп мені 

108
қолтықтап алды. Көкемнің құдай қосқан қосағы осының 
алдында  ғана  дүние  салған  болатын.  Көңіл  айтуға 
мұршамды келтірмеді емес пе. Әңгімеден әңгімеге көшіп 
барады, сөзін бөлген тағы ыңғайсыз. Жеңгемізде көкемізге 
сай кербез, сұлу кісі болатын. Қасы қияқтай, шаштарын 
ортасынан  бөліп,  бұрым  ғып  өріп  қоятын.  Маңдайы 
жарқыраған жылы жүзді, биязы кісі болатын. Ол кісі де 
институт бітіріп, жолдамамен жұмысқа барып, көкеммен 
сонда танысыпты. Қаншама жыл отасып, әй-шәй дескен 
кісілер  емес,  біз  білгелі.  Тек  бір  өкініштісі  –  жеңгеміз 
бала  көтермеген  еді.  Тағдырдың  салғанына  не  істейсің? 
Алла тағала біреуге қанша тілесе де бермейді, ал біреуге 
тілемесе де үйіп-төгіп береді. Бірақ көкем мен жеңгем осы 
үшін уайым-қайғыға батып, ренжіспеген. Туған-туыстың 
қанша баласын бөле жармай бауырына тартып, құшағына 
алып  оқытты,  тәрбиелеп  өсірді.  Көкемді  көргеннен 
кейін көңіліме келген көп ойлар осындай еді. Көкем той 
біткенше көңілді жүрді. Кейде біреулерге бұйыра сөйледі, 
жеңгелеріне әзілдеп, жасы кішілерді еркелетеді. Ертеңіне 
той біткен соң, көкем қайтатын болды.
 – Әбілжан, қолың босаса, сен мені үлкен жолға дейін 
шығарып  сал.  Автобустың  келуіне  әлі  бір-екі  сағаттай 
уақыт бар екен, – деді.
– Жарайды, көке, боспын ғой, – дедім.
 Ол  кісі  туған-туыстарымен  қимай  қоштасты.  Содан 
үлкен жолға қарай аяңдап кеттік.
Жолай келе жатып көкем:
–  Айтпақшы, мен ұлымды таптым ғой, – деді қуанышты 
үнмен.
–  Көке-ау, тойдан да үлкен қуаныш сіз де екен ғой, – 
деп көкемді құшақтай алдым.
– Неге ертерек айтпағансыз?
– Иә, иә. Рас айтам, бәрі біледі, сен естімеген екенсің 
ғой.

109
 Ол  кісінің  өзге  бір  әйелден  ұлы  бар  деген  әңгімені 
естігенмін, бірақ анық-қанығын білмейтінмін.
–   Көке-ау,  сіздің  мына  жаңалығыңыз  үлкен  жаңалық 
қой. Қандай жақсы болған. Ағамызды көретін күн де алыс 
емес шығар, – дедім.
–   Жақында  ғана  табыстық,  араға  ұзақ  уақыт  салып. 
Оның өзі үлкен бір хикая, тыңдар болсаң.
–   Көке,  құлағым  сізде,  автобус  келгенше  біраз  уақыт 
бар ғой, – дедім.
– Өмір деген ұзын екен ғой. Ол кезде жас едік, – деп 
әңгімесін бастап кетті.
 –  Мен  мектепті  бітірген  кез  қиын  кез  еді  ғой.  Соғыс 
енді  аяқталған.  Ата-анам,  туған-туыстарым  менің 
оқығанымды  қалады.  Мектепті  үздік  бітірдім.  Біреу 
шалбарын, біреу көйлегін, біреу тарысын, біреу талқанын 
беріп жабылып оқуға шығарып салды.
  Абырой  болғанда,  оқуға  түсіп  кеттім.  Алғашында 
ештеңеге алаңдамай бар ынтаммен оқуға кірістім. Екінші 
курсты бітірерде кітапханада бір қызбен танысып қалдым. 
Онда да ол өзі сөзге тартты:
–  Сіз осы кітапханадан шықпайды екенсіз ылғи, – деді 
күлімдеп.
–  Өзгелер сияқты киноға, паркке де бармайсыз.
 Орысша сөйлегеніне қарап орыс қыз екен деп ойлағам. 
Соны сезді ме ұлтының татар екенін айтты.
 Мен  сасып  қалдым:  «Мен  алыстан,  ауылдан  келдім, 
оқуым керек», – дедім қызараңдап.
– Сіз несіне ұяласыз. Оқыған жақсы ғой, – деді жымиып.
Сөйтіп екеуміз танысып алдық. Есімі – Марина екен. 
Кітапханада  күнде  кездесіп  қаламыз.  Тап  сол  кезде 
махаббат, сезім туралы ештеңе ойлап көрмеппін. Расында 
Марина да тап солай ойлайтын сияқты. Баяғыдан таныс, 
жақсы  достар  сияқтымыз.  Әңгімелесеміз,  пікірлесеміз. 
Кейде киноға барамыз, паркке барамыз серуендеп. Осылай 

110
жүргенде  оқудың  соңғы  курсын  аяқтауға  жақындап 
қалдым.  Мемлекеттік  емтиханға  дайындық,  дипломдық 
жұмыс жазу сияқты қарбалас тірліктер басталып та кетті. 
Бір күні ол мені үйіне шайға шақырды. Мен ат-тонымды 
ала қаштым.
 – Дәуренбек, несіне ұяласың? Ата-анам қонаққа кетті. 
Шай ішіп музыка тыңдаймыз, – деді. Өзі бір ақкөңіл бала 
сияқты.  Бармайын  десем,  арамыздағы  сыйластық  жібі 
үзілердей көрінді. Амалсыз келістім. Айтқан уақытында 
үйіне келдім. Шай жасап қойыпты.
 –  Институт  бітіргелі  отырсың,  ересек  азаматсың,  – 
деп маған кішкене коньяк құйды. Бұрын іішіп көрмеген 
ем деуге ұялдым. Өзіне шамалы шампан құйды. Коньяк 
бірден  басыма  шықты.  Қысқасы,  сонда  қонып  қалдым. 
Таңертең ер-әйел боп ұйқыдан ояндық. Киініп алдым да, 
ұялғанымнан кетіп қалдым. Марина ренжитін болды-ау, – 
деп өзімді-өзім жерлеумен болдым.
Екі-үш күннен кейін кездесіп қалдық. Ұялғаннан жерге 
кіріп кете жаздадым. Марина өзі шақырып:
 – Дәуренбек, сен мені ұмытып кеттін бе? –деп әзілдеп 
күлді, ештеңе болмағандай. «Ренжімеген екен ғой» – деп 
иығымнан  жүк  түскендей  жеңілдеп  қалдым.  Қайтадан 
баяғы  сырлас  достардай  боп  жүре  бердік.  Ол  жақында 
практикаға  жүретінін  айтты.  Мен  диплом  жұмысымды 
қорғап,  жолдамамен  жұмысқа  жүріп  кеттім.  Маринамен 
жөндеп  қоштаса  да  алмай  қалдым.  Оны  шын  сүйдім 
десем, оным бекер болар. Бірақ қатты сыйластық жақсы 
дос  ретінде.  Өзіңмен  пікірлес,  сырлас  жан  болғанға  не 
жетсін? Содан, сонау қиыр шетке, жаңадан игеріліп жатқан 
тың жерге жұмысқа кеттім. Демалыс деген жоқ, арада үш-
төрт жыл өтті. Маринаға бір-екі рет хат жазып, жауап ала 
алмадым.  Ол  да  басқа  жаққа  жолдамамен  кеткен  болар 
деп түсіндім. Қашанғы салт жүрем. Бір-екі жылдан кейін 
үйленіп  алдым.  Марқұм  жеңгеңді  шын  ұнаттым.  Көрік 

111
десең  көркі,  мінез  десең  мінезі  бар  еді  ғой.  Өмір  солай 
өтіп жатты. Арамызда бала болмады. Емделдік, көріндік. 
Тек  әйтеуір  бір-бірімізге  мін  тақпадық,  шын  сүйген 
адамдар  бірін-бірі  түсінеді  ғой.  Қай  уақытта  болсын, 
бала-шағадан  үйіміз  босамайтын.  Өзің  білесің,  туыс, 
балалардың  оқуға  түсетіндерді  оқуға  түсіп,  үйде  жатып 
оқыды. Жұмыс істейтіндер жұмыс істеді. Содан бес-алты 
жыл  уақыт  өткенде,  адам  сенбестей  бір  хабар  естідім. 
Қалаға мамандықты жетілдіру курсына барғанбыз. Содан 
тұратын курстас досым кездесіп қалды.
 – Дәуренбек сен білесің бе, баяғыда сен бір қызбен дос 
боп  жүруші  едің  ғой.  Сол  қызды  көрдім.  Бір  ұл  баланы 
жетектеп алыпты, түрі сенен айнымайды, – дегені.
 Сасқанымнан: – Арада ештеңе болған жоқ, – дедім бар 
сырды бүгіп. Ал өзім болсам әрі-сәрі күйге түстім. «Олай 
болса,  Марина  неге  маған  хабар  бермеген,  не  істесем 
екен?» – деп. Көзбе-көз жолығуға дәтім шыдамады.
Бір  жағынан  әке  болғаным  ба  деп  қуанам.  Әрі  жүкті 
етіп  тағдыр  тәлкегіне  тастап  кеттің  деп  сөге  ме  деймін. 
Менің  не  кінәм  бар.  Егер  жағдайды  айтса,  бәлкім  бәрі 
басқаша  болар  ма  еді.  Содан  бір  күні  Маринаның 
баланы  қай  балабақшаға  апарарын  біліп  алайын  деп 
бақыладым. Баланың түрі тура менен айнымайды екен. Не 
қуанарымды, не жыларымды білмедім. Әкелік сезім деген 
керемет болады екен. Жүрегім атша тулап кеткендей. Не 
де болса, Маринаға жолығайын деп кездесуге бел будым. 
Үйін  білем  ғой.  Барсам  үйінде  екен.  Әй  жерден  алып, 
жерге салар деп қорқып келгем. Сол баяғыдай өзгермеген. 
Күлімдеп қарсы алды:
– Міне, папамыз келді, – деді.
–  Марина, сен неге күлесің? Бұл адам тағдыры ғой, – 
дедім ашуланып.
–   Аяғым  ауыр  болып  қалғанын  мен  қайдан  білейін. 
Онан соң сені таппай қалдым, – деді ол.

112
–  Егер мұны білгенімде саған үйленетін едім. Ал қазір 
басқаға үйлендім, – дедім ақтала.
–  Қосағыңмен  қоса  ағар.  Бақытты  бол,  сені 
кінәламаймын, – деді ол.
Қаладан  әрең  кеткенім-ай.  Үйге  келген  соң  дел-
сал  күйге  түстім,  не  ас  батпайды,  не  ұйқым  келмейді. 
Жеңешең:  «Ауырып  жүрген  жоқсың  ба?»  деп  бәйек 
болады. Содан бір күні жеңешеңе болған жайды айттым. 
Алғашында  қатты  ашуланды.  Әйелдің  аты  –  әйел  ғой. 
Құс  екеш  құс  та  ұясын  қызғыштай  қориды.  Ешкімді 
жолатпайды.  Отыз  жыл  отасқан  жарының  әлдебіреуден 
баласы бар екенін белгенде, қандай күйге түсті десеңші. 
Бәріміз де жұмыс басты пенде емеспіз бе? Мен де өзімді 
бір  кінәлі  жандай  сезіндім.  Жастықта  кім  жаңылмайды, 
кім  қателеспейді.  Балам  мектеп  бітіріп,  мені  іздеп  те 
келеді.  Одан  соң  әскери  училищеде  оқып  жүргенде  екі-
үш рет жолықтық. Бірақ жеңгең салқын қабақ танытқан 
соң ба, келмей қалды. Жүрегім екіге бөлінгендей болды. 
Ұлым оқуын бітір алды. Әскери қызметші болып кетті. 
 Тек  аман  жүрсе  болды  деген  тілекпен  мен  де  жүре 
бердім.
Сөйтіп жүргенде жеңгең қайтты. Көп ауырған жоқ. Көз 
жұмар алдында:
– Дәуренбек, сен мені кешір, – деді.
– ..... Ойбай, не үшін? – дедім жаным қалмай.
–  Сені  әке  ете  алмадым  –  бір.  Ол  Алладан  шығар. 
Екіншіден,  ұлыңменде  жөндеп  қатыстырмадым.  Бекер 
істеген  екенмін.  Сені  бақытсыз  еттім.  Мен  өлсем,  сен 
ұлыңды тауып ал, мен үшін кешірім сұра, – деді әлсіреп 
жатып.
 Жеңгеңнің осы сөздері сай-сүйегімді сырқыратты.
–  Қойшы,  қайдағыны  айтпашы.  Сен  өлмейсің  әлі-ақ 
жазылып кетесің, – деп жұбатамын. Амал қанша жеңгең 
көп  ұзамай  көз  жұмды.  Қаншама  жыл  отасқан,  құдай 

113
қосқан қосағым емес пе, қатты қайғырдым. Қанша биікке 
шықсаң да, әйелсіз күнің қараң екен. Жетім бала сияқты 
жәутеңдедім де қалдым. Алла жолымен жетісін, қырқын, 
жылын  өткізіп,  әруағын  күзеттім.  «Қой,  бүйтіп  қайғыға 
батып отыра бергеннен дертке ұшырармын», – деп туған-
туыстарды  аралап  кеттім.  Олардың  ішінде  өзіммен  әрі 
құрдас, әрі немере болып келетін Тұрманбек деген досым:
 –  Дәуренбек,  сенің  балаң  бар  деп  естуші  едік,  іздеп 
тауып  алмайсың  ба?  Уайым  түбі  –  қайғы,  батасың  да 
кетесің.  Өлер  әйел  өлді.  «Өлген  артынан  өлмек  жоқ» 
–  деді.  «Ұлым  бар  екенін,  көрісіп  табысқанымды  жан 
баласына тіс жарып айтқан емес сияқты едім ғой, қайдан 
білген?» – деп ойладым.
–  Жеңешеңнің  қайғысынан  кейін  ұмытшақ  күйге 
түскем.  Тұрманбектің  сөзінен  кейін  «Құдай-ау,  мен 
жалғыз емес екенмін ғой, ұлым бар емес пе? Неге іздеп 
тауып  алмаймын?  Жаманды-жақсылы  әкесі  емеспін  бе, 
бар жағдайды айтып берейін. Азамат болып қалды емес 
пе, түсінер», – деп ойладым. Маринаның бұрынғы тұрған 
үйін  білемін.  Іздеп  келдім.  Қыла  тым  қатты  өзгеріпті. 
Қалалар да адамдар сияқты өзгереді екен-ау. Әрең таптым. 
Барсам есігі жабық. Жас кезімдегідей жүрегім дүрсілдеп, 
өн-бойым ысып қоя берді. Ешкім дыбыс бермейді. Көршісі 
шығып, мұнда ешкім тұрмайтынын айтты.
–  Қайда  кетті?  –  десем,  –  Марина  жақында  қайтыс 
болды. Баласы алыста, әскер қызметте, – деді.
– Марина қашан, қалай қайтыс болды? – деп дауысым 
дірілдеп кетті.
– Сіз кім едіңіз? – деді көрші кемпір.
 Мен жылда аптығып: – Ал, ұлы ше, ұлы қайда? – дедім. 
– Мұнда келіп тұра ма?
– Келіп тұрады, сирек болса да.
– Келсе менімен хабарлассыншы, – дедім. Қағазға өзім 
тұратын  мекен-жайды  жазып  бердім.  Іздеп  келу-келмеуі 

114
екіталай екенін біліп тұрсам да.
 Үйге  келіп  жатсам-тұрсам  ойымнан  ұлым  кетпейді. 
Сарылып  күтумен  болдым.  Хат-хабар  келіп  қалар  деп 
пошташыны  аңдимын  күні-түні.  Бір  күні  ерте  мезетте 
әскер киім киген біреу есікті қағып кіріп келді. Қарасам, 
ұлым! «Ойбай, хабар айтпай келгенің не?» – деп естен тана 
жаздадым.  «Хабар  айтып  келетіндей  біз  бөтен  адамдар 
емеспіз  ғой»  –  деп  мені  құшақтай  алды.  Әкелі-балалы 
екеуміздің құшағымыз көпке дейін жазылмай тұрды.
 Қуаныш  ортақ  болсын  деп,  бір  қойды  сойып  тастап, 
көрші-қолаңды түгел шақырдым.
 Бәрі:  –  Ұлыңыз  табылыпты,  құтты  болсын,  көзайым 
болуыңызбен! – деп жатыр. – Қаншама жыл ұлыңыз бар 
екенін қалай айтпай жүргенсіз, – деп ренжіп жатқандары 
бар.
Кейін  ұлыммен  жеке  сөйлесіп  ақталмақ  болғам. 
Ұлымның есі бар екен: «Сіздің еш жазығыңыз жоқ. Мамам 
марқұм  бәрін  түсіндірген»,  –  деп  қойды.  «Айналайын, 
Маринажан-ай,  әйелдің  асылы  екенсің  ғой,  топырағың 
торқа болсын. Мен бейбақты кешіре алсаң кеш», – деймін 
көзіме келген жасты ұлыма көрсетпей.
–  Мен  де  сендерді  іздеумен  болдым.  Қаншама  рет 
хат  жаздым.  Ешбір  дерек  болмады.  Бұл  қу  тағдырды 
қойсаңшы.  Сенің  дегенің  емес,  оның  дегені  болды  ғой. 
Қонақтар  кеткен  соң  ұлым  екеуміз  жеке  қалдық.  Таңға 
дейін көз ілмей сырластық, әңгімелестік. Ұлым үйленген, 
екі  ұлы  бар  екен.  Құдай-ау,  сонда  немерелі  ата  екенмін 
ғой.  Қуанғанымнан  көзімнен  шып-шып  етіп  жас  шыға 
береді. Ұлым үйде екі-үш күн аунап-қунап жатты. Әкелі-
балалы  екеуміздің  арамызда  айтылмаған  сыр  қалмады. 
Үйге  кіріп-шығып  жүрген  ұлымның  сыртынан  сүйсіне 
қарап: «Жаратқан-ау, осы өңім бе, жоқ түсім бе?» – деп 
өз  көзіме  өзім  сенбеймін.  Уақытында  бере  алмаған 
әкелік  махаббатымды  бірден  үйе-төге  салып,  айналып, 

115
толғанғым-ақ  келеді.  Бірақ  алпамсадай  азаматты  қалай 
еркелетесің. Қуаныштан қол-аяғым жерге тимей есім кетіп 
жүр. – Жақында күзге қарай келініңізді, немерелеріңізді 
алып  келіп,  өзіңізбен  таныстырамын,  –  дейді  сөз 
орамында ұлым. Мұны естігенде көзім суланып қоя берді 
қартайғаннан ғой.
   ...«Әке,  қойыңызшы!»  деп  ұлым  құшағына 
алады.  «Қойдым,  қойдым!  Менің  бұл  қуанғаным  ғой» 
деймін.  Ылғи  шетте,  жырақта  жалғыз  жүрдім.  Туған-
туыстарымды,  туған  жерімді  сағынатынмын.  Содан  ба, 
көңілшекпін.  Қуанышым  қойныма  сыймай,  бақыттан 
басым айналғандай.
 – «Сен  де ауылға келіп жүр, бармасаң, келмесең жат 
боласың»,  –  деп  Дәуренбек  көкем  әңгімесін  аяқтай 
бергенде, автобус келіп қалды. 
ҚАЙТАДАН БАСТАУ
Оның  есімі  –  Мұхтар  болатын.  Алғаш  көргенімде 
ол  қызулау  еді.  Орта  бойлы,  шегір  көзді,  бұйра  шашты 
жігіт екен. Ауылда естігенмін «ішкіш» деп. Ол кезде мен 
институтқа емтихан тапсырып жүргем. Көшеде кездейсоқ 
танысқанмын.  Бұрыннан  араласып  жүрген  жандай: 
«Братишка,  қалай  нешеуін  тапсырдың,  жумаймыз  ба?» 
–  деді  еркінси.  Өзім  ішпесем  де:  «Жусақ,  жуамыз!»дей 
салдым, мас адамның көңілін аулайын деген оймен. Қай 
жағына ішеді өзі аяғында әзер тұрғанда.
 – «Жай айтамын, давай жақсы, сен түскен соң міндетті 
түрде «кабакқа» барамыз, сен емес біз жуамыз», – деп ол 
иығымнан қағып қойды да қисалаңдаған күйі аяңдап кете 
барды.
–  «Е,  е,  Мұхтар  деген  осы  жігіт  екен  ғой»,  –  дедім 

116
іштей  өзіме-өзім.  Сол  кезде  институттың  дайындық 
бөлімін бітіріп, мен емтихан тапсырып жүрген институтқа 
түсіп  қойыпты.  Соны  жуып  жүрген  кезі  екен.  Бағым 
жаным  мен  де  институтқа  түсіп  кеттім.  Мұхтарға  анда-
санда кезіге қалсам: «Братишка, оқуға түскеніңді қашан 
жуасың?!» – дейді ұмытпай. Күн құрғатпай ішетіндіктен, 
көздері  қанталап,  қызарып,  шаштары  ұйпа-тұйпа  болып 
жүреді.  Қашан  көрсең  аузынан  шарап  исі  бұрқырап 
тұрады.  Сабаққа  қай  уақытта  барып,  қай  уақытта  ішіп 
үлгеретінін  білмейсің.  Оның  үстіне,  жүрген  жерінің 
бәрі  айқай-шу,  ду-думан.  Қалтасы  ақшадан  босамайды, 
өзі  орыс  мектебін  бітірген  –  сөзуар.  Орысша,  қазақша 
бірдей  сөйлейді.  Ойнамайтын  аспабы  жоқ.  Туған  күн, 
бірдеңені  жуу  бәрін  ұйымдастырғыш.  Ол  кезде  шарап 
дегенің  арзан,  әрі  сатылуға  деген  шек  жоқ.  Мұндай 
кештердің  көбісінің  төбелеспен  аяқталуы  таңсық  емес-
тін. Ақылды да, сабырды да арақ жеңіп тынатын. Небір 
білімді, мәдениетті жігіттер езуіне «жүз грамм» тиісімен 
адам танымастай өзгеріп шыға келетін. Біреулері күледі, 
біреулері  жылайды.  Себеп  не?  Алғашқы  махаббаттың 
сәтсіздігі, не басқа бір жағдай. Кеше ғана жаныңда жүрген 
сырбаз  жігіттер  емес,  құдды  бір  басқа  дүниеден  келген 
адамдар сияқты. Таңырқап қарай қаласың, оныңды байқап 
қалса көздері ежірейіп: «Әй, сен неге ішпейсің? Әлде бізді 
сыйламайсың ба?» – деп стаканды аузыңа тосып: «Давай, 
давай» деп өзеуреп қоймайды. Кеш соңына таман өзің де 
жылыстай  бастайсың.  Жылыстамай  қайтесің,  «азаптай» 
бастаса.
 Міне,  жайшылықта  қарапайым,  ақкөңіл,  дос  десе 
жанын  аямайтын  Мұхтар,  ішіп  алса  осылардың  біреуі 
болып  шыға  келетін.  Гармонды  құлаштай  тартып, 
орысша, қазақша әндерді бірінен соң бірін төгіп жібереді. 
Әжептәуір  қоңыр  дауысы  бар.  Ән  салса  құлпырып, 
мастығынан айығып кеткендей көрінеді.

117
 Әр  ән  аяқтала  бере  қағып  тастай  берген  соң,  әннің 
де,  гармонның  да,  Мұхтардың  ба  берекесі  кетеді.  Оның 
менен  бес-алты  жас  үлкендігі  бар.  Бірде  менің  бөлмеме 
кірді. Тағы да мас екен.
Сіз осы неге іше бересіз? – дедім. «Ім-м», – деп ежірейіп 
қарады да:
 –  «Біріншіден,  мені  сіз  демей-ақ  қой,  «сен»  дей  бер, 
замандас  құрдаспыз»,  –  деді  де  ойланып  қалды.  Бір 
мезетте: 
– Күйік үшін, – деді. Елең ете қалдым.
– Сонда ненің күйігі?
–   Братишка,  сен  әлі  жассың,  ондайды  білмейсің  ғой, 
мені ұнатқан қызым тастап кетті, – деді де: – Әй-й, деп 
кіжініп столды жұдырығымен қойып қалды.
– .  Кім  ол,  мен  танимын  ба?  –  дедім  әңгімені 
жалғастырғым кеп.
–  Сендермен параллель группадағы Бақытгүл.
– Сонда ол кіммен кетті?
– Досжанмен.
– Досжан әлгі өзіңнің жолдасың ба?
– Иә, дәл соның өзі.
–  Сонда қалай, сен онымен жолдас емессің бе?
– Вот, бар мәселе сонда боп тұр ғой.
 – Қысқасы Бақытгүлді ол да, мен де ұнататын болып 
шықтық. Екеуміз жолдас болған соң, Бақытгүлмен ашық 
сөйлестік.  Әңгімені  созбай  тікесінен  қойдық.  Ол  да 
осы әңгімені күтіп жүрген екен, екі ойлы боп. Ойланып 
отырды  да:  «Досжанды  қалаймын»,  –  деді.  –  Әрине, 
Досжанды қалады ол. Досжан сымбатты, сұлу жігіт. Мен 
ше, тәпелтекпін, оның үстіне көріксізбін. Мені не қылсын. 
Күйіп  кеттім.  Содан  шықтым  да  іштім,  іштім,  үш  күн 
бойы. Күйігім басылар емес. Оларға өкпем жоқ, тағдырға 
өкпелімін.
«Мен бәсе», – дедім іштей оның соңғы кезде ішуінің 

118
жиілеп  кеткендігін  есіме  түсіріп.  Ол  үн-түнсіз  орнынан 
көтерілді  де  бөлмесіне  кетті.  Содан  1-курсты  аяқтауға 
жақын  қалдық.  Ал,  Мұхтардың  ішуі  үдей  түсті. 
Жатақханада  шатақ  шығарды,  бірнеше  рет  сабаққа  да 
бармады.  Ақырында  үлгермеушілер  қатарына  ілігіп, 
институттан  шығып  қалды.  Жатақханадан  болса  да 
қуылды.  Комендант  әйел  Мұхтар  десе  азар  да  безер 
болған. Бір күні оны көшеде жолықтырып қалдым. Баяғы 
Мұхтар жоқ, өңі жүдеп, тұнжырап кетіпті.
–  Ой, Мұхтар, саған не болды? Оқудан шығып қалғанын 
қалай? – дедім.
–  Е,е  солай  болды  ғой.  Енді  не  істерімді  білмеймін. 
Ауылға барайын десем, әке-шешемнен ұят. Әбден басым 
қатты.
–   Жүр,  одан  да  жүз  грамм  алып  қояйық,  –  деп  мені 
кафеге  сүйреледі.  Тіпті  ұят  болса  да,  ауылға  қайтып 
кетейін десем, мұнда сүйген қызым бар оны қимаймын. 
Мен таңырқап қалдым.
– Ия, шынымен, сүйген қызым бар.
– Латыш қызы, аты – Инна, – деді.
–  Ой, сен не деп тұрсың! Шынымен сені сүйеді ме?
– Иә, сүйеді. Сүймесе маған үнемі «ішпе» деп ұрсар ма 
еді. Ішсем тіпті сөйлеспей қояды. Бәрібір сонда да талай 
ішіп  бардым.  Енді  мүлдем  келме  дегенде  ғана  ішпей 
барамын.  Ол  кезде,  тіпті,  көңілді  қарсы  алады,  бұрын 
арамызда ешқандай реніш болмағандай.
–   Мұхтар,  сен  ішпе!  Ішпесең,  қандай  жақсысың!  – 
дейді еркелей. «Мақұл» деймін де былай шыға достарым 
кездессе,  айнып  шыға  келемін.  Әй,  маған  да  дауа  жоқ 
қой.  Мына  ішіспен  бір  күні  Иннадан  да  айырылатын 
шығармын.
–  Онда  ішпесей.  Жұмысқа  тұрмаймысың,  бәлкім 
жұмыс  орныңнан  жақсы  мінездеме  алсаң,  оқуға  қайта 
қабылдар, – дедім. 

119
– Бәрібір қоя алмаймын. Жігерсіз, босбелбеу жанмын. 
Біреу «іш» деп ұсынса тартына алмаймын. Өзімді қанша 
ұстаймын десем де, бәрібір болмайды.
Осы  арақ  деген  пәлені  кім  ойлап  шығарады  екен. 
Ақыр осы пәле жетер түбіме. Әскерден келгенше татып 
алған  емеспін.  Әскерден  келген  соң  басталды  ғой  бәрі. 
Күнде жиын, күнде кеш. Анау үйде, мынау үйде. «Біраз 
қыдырып бой жазсын», – деді ме әке-шешем де үндемеді. 
Ал мен ішкен үстіне іше түстім. Тіпті күнде ішпесем тұра 
алмайтын күйге жеттім. Бір күні әкем қабағы тұнжырап: 
–  Осы  қыдырғаның  жетер!  Не  оқуды,  не  жұмысты 
ойламайсың  ба?  –  деді.  Атестатымда  екі-ақ  «төрт» 
болатын. 
– Оқимын, – дедім.
 ...Әкем де менен осыны күткен болуы керек.
 Қуанып:
–  Бізден қам жеме, өзің қалаған оқуыңа бар, – деді.
Содан  соң  институтқа  түстім.  Мектепте  жақсы 
оқығанымды медеу тұтып, өзіме-өзім сеніп жүре бердім. 
Сабаққа  бірде  барсам,  бірде  бармаймын.  Оның  үстіне 
қалтам  құр  жүрмейді.  Қайран  әкем,  менің  ол  ақшаны 
қайда жаратып жүргенімді біледі деймісің. Менің оқудан 
шығып қалғанымды білмейді ғой. Қандай масқара, – деді 
үні дірілдеп. Ол аз болғандай Иннамен үйленеміз деген 
ойымыз бар. Оны үйге апарайын десем, әкем таятап қуып 
шығатыны сөзсіз. «Қазақтың қызы жетпегендей, қайдағы 
біреуді  әкеліпсің»  –  деп.  Әкем  өмірден  көп  тауқымет 
көрген. Біреулердің жаласымен түрмеде отырып шыққан. 
Жүрегі  ауырады.  Менің  осы  жағдайымды  білсе,  өліп 
кетуі  де  ғажап  емес.  Инна  екеуміз  алды-артымызды 
ойламаппыз. Ол жүкті болып қалды, екі оттың ортасында 
жүргендеймін.  «Үйлен,  үйленбесең  жатақханада  тұра 
алмаймын, үйіме кетем, сырттайға ауысам», – дейді. Оны 
сүйемін, сондықтан қимаймын. Ішіп жүрісім мынау...

120
 Кейін  бір  жолыққанымда  Мұхтар  жүк  тиеуші  болып 
бір  базаға  орналасыпты.  Ондағылардың  ішісі  тіпті 
сойқан көрінеді. Ол жерде де ішіп, көзге түсіп, ақырында 
жұмыстан  қуылыпты.  Содан  әр  жерде  тиіп-қашып 
жүргеніне үш-төрт жылдың жүзі болды. Мұхтар бәрібір 
ішуін  қоймады.  Мен  соңғы  курсқа  көштім  де,  пәтерге 
шығып  кеттім.  Диплом  жұмысымды  жазып  жатқанмын. 
Бір күні біреу есік қақты. Шықсам, Мұхтар тұр.
–   Ой,  қайдан  жүрсің?  –  деп  құшақтай  алдым.  Ол 
алғашында не дерін білмей сасып қалды.
– Мен, мен, пәтер іздеп жүрмін.
– Кір, кір ішке, – дедім.
 Ішке  кірген  соң  дереу  шай  қойып  жібердім  де,  жөн 
сұрай бастадым. – Инна босанды, қыз тапты, – деді жүзі 
күлімдеп.
–  Құтты болсын, бауы берік болсын, – дедім.
–   Иә,  қалай  барып  қайттың?  Қайын  жұртың  қалай 
қарсы алды, – дедім әңгімеге тартып.
–   Қайын  жұртты  сұрамай-ақ  қой,  таяқ  жеп  қала 
жаздадым.  Иннаға  алдында  хат  жазғам,  оны  қуантайын 
дегем. Әкесі ұрмақ болып ұмтылып еді, ағасы арашалап 
қалды.  Мен  болсам  ұяттан  жерге  кіріп  кете  жаздадым. 
Иннаны  тастап  кетем  деген  ойым  болған  жоқ,  жағдай 
солай  болды,  оны  сүйемін.  Инна  сол  баяғыдай.  Хал-
күйімді  тәптіштеп  сұрап  жатыр:  –  Қызыңды  көр.  Сенен 
аумай  қалған.  Ұстап  көр,  –  деді.  Қолыма  алғаным  сол 
еді, өн бойым елжіреп сала берді: – Менің қызым, менің 
қызым! Айнымайтын өзім... Сол сәт өзімді соншалықты 
жек көріп кеттім. Көзімнен бір тамшы жас ыршып түсті.
 Қандай әкемін мен?! Алты айдан соң іздеп келіп тұрған. 
Қолым  тимей  жүрсе  мақұл  ғой,  ішуден  басқа  жұмысым 
жоқ. Әкелген сыйлығым қайда? Ертең өскен соң не бетімді 
айтамын. Әке болу үлкен бақыт, үлкен қуаныш екен ғой. 
Бойымды сөзбен айтып жеткізуге болмайтын бір керемет 

121
құдыретті, ыстық сезім билеп қоя берді. «Бала адамның 
бауыр  еті»  деген.  Қолыма  ұстап  тұрған  қызым  менің 
жанымның,  жүрегімнің  бір  бөлшегі  сияқты.  Иннаның 
үйінде  үш-төрт  сағаттай  болдым.  Инна  менен  қайтар 
кезде:
– Әлі ішесің бе? – деп сұрады.
– Иә, аздап, – дедім жасырмай.
– Не істесең де, шыныңды айтасың. Сол үшін сүйемін 
сені.  Міне  енді  әке  болдың,  ойланбаймысың.  Жоқ,  бұл 
менің саған жалынғаным емес, қызымды өзім де асырай 
аламын.  Бірақ  мен  сені  сүйемін  ғой.  Қызымның  әкесіз 
өсетіні  есіме  түссе,  күйзеліп  кетем.  Сенімен  еріп  кете 
салуға  болар  еді.  Бірақ  сенің  жүрісің  мынау.  Бұл  менің 
ұрысқаным емес, шындықты айтқаным, – деді Инна көз 
жасын мөлтілдетіп.
–  Вот,  братишка,  біздің  жағдай  осы.  Оңып  тұрған 
ештеңе жоқ, – деді Мұхтар түңілген түрмен әңгімесін үзіп. 
–   Жоқ,  түңілетін  түгі  жоқ,  бәрі  алда,  бәрін  қайта 
бастауға  болады,  –  дедім  мен  оны  жұбатқым  келіп.  Ол 
ойланып қалды. Мен шай демдеп әкелдім де, студенттік 
дастархан жасадым. Ол пәтер таппай жүргенін айтты шай 
үстінде.
–  Ол  жағынан  қам  жеме.  Мен  енді  бір  айдан  кейін 
кетемін  ғой,  оның  үстіне  жанымда  бір  орын  бос,  өзім 
үй  иесі  апаймен  сөйлесіп  көрейін,  –  дедім.  Мұхтар  бұл 
мәселенің оңай шешілгеніне қуанып кетіп:
– Шынымен бе, апта бойы пәтер іздеп аяғымнан тозған 
едім, – деп жадырап сала берді. Шай ішіп болған соң, мен 
пәтер  мәселесі  жөнінде  үй  иесімен  сөйлестім.  Үй  иесі 
жетпістерді алқымдап қалған қазақ кемпірі болатын. Ол 
кісінің оны-мұнысына қол ұшын беріп жүргем. Бір ауыз 
сөзге келместен келісім берді де:
–  Бірақ, байқа өзің сенсең болды, оқуыңа зияны тиіп 
жүрмесін, – деп жанашырлық танытты. 

122
– Жоқ, о жағынан қам жемеңіз, – дедім.
–   Мұхтардың  бұрынғы  пәтері  ескі  қала  жақта  екен. 
Екеуміз Мұхтардың бар затын алып қайттық. Зат дегенде 
бір  шабадан  киімі,  бір  шабадан  кітаптары  және  ескі 
гармоны  бар,  сыры  кетсе  де  сыны  кетпеген.  Пәтерге 
оралып оның заттарын жайғастырғаннан кейін:
–   Ал,  Мұхтар,  сенің  гармоныңның  да,  өзіңнің  де 
дауысыңды  естімегелі  біраз  болды  ғой.  Қане  бірдеңе 
ойнашы, – дедім өтініп.
–  Қайдам, ұстамағаныма көп болды, қолым шығып та 
қалған шығар, – деп гармонын соза берді де: – Не ойнайын, 
– деді.
–  Өзің ең жақсы көретін нәрсеңді ойна,  – дедім.
Ол  жайлап  «Полонезді»  бастай  жөнелді.  Алғашқыда 
біраз  кібіртіктеп  еді,  кейін  саусақтары  түймелерді  еркін 
таба  бастады.  Түймелер  саусақтарды  өздері  іздеп  тауып 
жатқандай. Әп-сәтте бөлме ішін «Полонездің» мұңлы да 
жігерлі, асқақ та нәзік әуені кернеп кетті.
«Полонезді» мен де жақсы көретінмін. Мен де деймін, 
кім  жақсы  көрмейді  бұл  әуенді.  Ол  мені  әр  тыңдаған 
сайын жаңа әсерге бөлейтін. «Полонез» тек Отанға деген 
махаббатың  ғана  емес,  табиғатқа,  адамдарға  деген  ұлы 
махаббаттың символы сияқты шығарма ғой. «Полонезді» 
тыңдап  түсіне  білген  адамның  өмірге,  Отанға,  туған 
жерге деген көзқарасының селқос болуы мүмкін емес. Ол 
әрдайым көңілге ізгілік, сүйіспеншілік сәулесін шашады. 
Тіпті,  өткен-кеткеніңе  қайта  көз  жүгіртіп,  не  үшін  өмір 
сүріп жүрсің дейтін сұрақтар тудыратын көкейімде.
Сонау сұм заманның қыпағында дегеніне жете алмай 
азаттық, бақытты өмірді аңсаған жігіттің арманының, мұң-
зарының сарыны сияқты болып естілетін. Қанша мұңды 
әкені болғанымен одан мұңға бой ұсынушылықтың емес, 
асқақ  азаматтықтың,  адамгершіліктің,  қайсар,  қайтпас 
жігердің,  рухтың  лебі  есетін.  Зұлымдықты,  топастықты, 

123
надандықты әшкерелейтіндей.
 Өмірді  ардақтауға,  сүюге,  адам  деген  қастерлі  атты 
абыроймен  алып  жүруге  шақыратындай.  «Мұхтар,  сен 
болсаң  осыны  біле  отырып,  түсіне  отырып,  мүлдем 
керағар  өмір  сүріп  келесің.  Оқушы  кезімізде  альбомға 
жазатын едік қой. «Өмір адамға бір-ақ рет беріледі» деп. 
Сол сөздің мәнін енді түсіндік емес пе? Ал сен болсаң, әлі 
ештеңе  түсінбеген  сияқтысың»,  –  деп  ойып  шартарапқа 
кетті. Әуен аяқталғанда: – Мұндай күйге түскенің өзіңнің 
жігерсіздігіңнен, босбелдеулігіңнен ғой. Ренжісең ренжи 
бер, бетіңе айтқаным үшін, – дедім. Ол басы салбыраған 
күйі: – Сөзіңнің бәрі рас, несіне ренжимін. Мүмкін маған 
бәрін  қайтадан  бастау  керек  шығар.  Мен  өмірде  көп 
қателестім.  Иә,  көп  қателестім.  Қорытынды  шығаратын 
кез жеткен сияқты. Мен ең бірінші әкеме бар шындықты 
айтуға  тиіспін.  Әрине,  ол  кісіге  бұл  оңай  тимес.  Бірақ 
маған да бұлай жүре беру қиын. Екіншіден, маған осында 
бөтелкелес  «ескі  достардан»  мүлдем  ажырау  керек,  ол 
үшін  басқа  қалаға  қоныс  аудару  қажет  шығар.  Сөйтіп 
жұмысқа  орналасып,  Инна  мен  қызымды  қолыма  алу 
керек, – деді.
– Міне, мұның дұрыс шешім. Бірақ, қайдам, достарыңа 
қайтадан қосылсаң, мұның бәрі есіңнен шығып кетер, – 
дедім сенімсіздік білідіріп.
–   Жоқ,  бұл  менің  ең  соңғы  шешімім,  –  деді  ол  нық 
үнмен.
 Сонымен  Мұхтар  ертеңіне  әкесіне  бар  шындықты 
айтуға ауылына кетті. Сол жақта біраз дем алып, одан әрі 
не істейтінін шешетін болды. Оны өзім пойызға шығарып 
салдым.  Пойыздың  қозғалуына  біраз  минут  қалғанда:  – 
Мұхтар, сен уәдеден айныма, айнып бара жатсаң қолыңа 
гармоныңды ал да, «Полонезді» тарт, – дедім.
–  Жоқ,  енді  айнымаймын.  Ал,  братишка,  көрісеміз 
бе, жоқ па, көріскенше хош сау боп тұр, – деп құшақтап 

124
бетімнен сүйді де қозғалып бара жатқан вагонына секіріп 
мінді. 
 «Полонезді»  тыңдаған  сайын  есіме  Мұхтар  түсетін. 
«Уәдеңнен айныған жоқсың ба, Мұхтар?» деймін ондай 
сәтте іштей. Міне, содан бері біраз жылдың жүзі болды. 
Жуықта  Мұхтар  барған  қалада  жұмыс  істеп  келген  бір 
жігітке  жолығып  қалдым.  Мұхтарды  қайдан  білесін  деп 
жай сұрай салғанмын.
Ол: – Тәпелтек бойлы ма? – деді.
– Иә, – дедім елеңдеп.
– Арақ іше ме? – дедім күдіктеніп.
–  Жоқ,  татып  алмайды.  Өзі  керемет  гармоншы  екен. 
Кеш  болсын,  жиын  болсын  ылғи  «Полонезді»  тартады, 
–  деді.  Ол  екеніне  әлі  сенгім  келмей:  –  Әйелі  бар  ма,  – 
дедім.  –  Иә,  әйелі  бар,  латыш  па,  әлде  эстон  ба...  Аты 
Инна. Бір қызы, бір ұлы бар, – деді. – Ой, сол Мұхтардың 
дәл  өзі  ғой,  –  дедім  қуанып.  –  Ал,  жігітім,  менің  неге 
қуанып  тұрғанымды  сен  түсінбейсің.  Ол  –  ұзақ  әңгіме. 
Бұл хабарыңа рахмет, – деп оны құшақтай алғанымда, ол 
тіпті аңырап қалды. 

125
БІР СӨМКЕ ҚАТҚАН НАН


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет