Елтану мен саяси география негіздері-1 ДҮниежүзі елдері


айрықша саяси режимі немесе мәртебесі бар



Pdf көрінісі
бет2/8
Дата15.11.2023
өлшемі1,52 Mb.
#122872
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
ЕЛТАНУ МЕН САЯСИ ГЕОГРАФИЯ НЕГІЗДЕРІ-1

айрықша саяси режимі немесе мәртебесі бар
(мысалы, Аомынь – ҚХР 
құрамындағы арнайы әкімшілік аудан). 
Сондай-ақ тәуелді мәртебесі 
айқындалмаған аумақтар бар 
(мысалы, Фолкленд аралдары – Аргентина 
мен Ұлыбританияның даулы аумағы). Шын мәнінде, олардың барлығы да – 
отар. отар – шетелдік мемлекеттің билігіне бағынатын, экономикалық және 
саяси тәуелсіздіктен айырылған және арнайы тәртіп негізінде басқарылатын 
мемлекет немесе аумақ (метрополия). Отары бар мемлекет 
метрополия
деп 
аталады. 
-1960 ж. БҰҰ Отар мемлекеттер мен халықтарға тәуелсіздік беру туралы 
Декларация қабылдады. Тәуелсіздік берілуі тиіс аумақтардың тізімінен 


тұратын БҰҰ-ның Отарлық тізімі жасалды. 
1945 жылдан 2007 жылға дейін 
80-ге тарта мемлекет өзін-өзі басқарушы мәртебесін алып, БҰҰ қатарына 
енді.
Өзін-өзі басқармайтын аумақтардың саны дүниежүзінде азайып келеді. 
-
Қазір 50 тәуелді аумақ бар.
Олардың тізімі: 
1. АҚШ-тың Кіші Тынықмұхиттық аралдары: байырғы халқы жоқ АҚШ иелігі (Бейкер аралы, 
Джонстон aтoлы, Джервис, Хаулэнд аралдары, Кінгмен тосқауылы, Мидуэїї атолы, Пальмира 
атолы, Уэйк аралы енеді). 
2. Америкалық Самоа: АҚШ-тың шалғайдағы иелігі («қосылмаған аумақ»). Шығыс Самоа деген 
атпен де белгілі. 
3. Ангилья: Ұлыбританияның шалғай аумағы. 4. Аруба: Нидерланд Корольдігінің автономиялық 
аумағы. 
5. Ашмор және Картье аралдары — Аишмор және Картье аралдарының аумағы: тұрақты халқы жоқ, 
Аустралиядағы сыртқы аумақ. 
6. Әулие Елена аралы: Ұлыбританияның шалғайдағы аумағы, Тристан-да-Кунья аралдары мен 
Вознесеніне аралын қамтиды. 
7. Бермуд аралдары: Ұлыбританияның шалғай аумағы. 8. Буве аралы: Норвегия иелігі, тұрақты 
халқы жоқ. 
9. Виргин аралдары (АҚШ) — Америка Құрама Штаттарының Виргин аралдары: АҚШ-тың 
шалғайдағы елiri («қосылмаған аумақ»). 
10. Виргин аралдары (Ұлыбритания) — Британдық Виргин аралдары: Ұлыбританияның шалғай 
аумағы. 
11. Гваделупа: Францияның шалғайдағы департаменті. 12. Гвиана — Француз Гвианасы: 
Францияның шалғайдағы департаменті. 13. Гернсин: Ұлыбританияның иелігіндегі жер, Нормандия 
аралдарының бөлігі. 14. Гибралтар: Ұлыбританияның шалғай аумағы (Испаниямен даулы жер). 
15. Гуам: Тынық мұхиттың батысындағы АҚШ-тың шалғайдағы неліrі («қосылмаған аумақ»). 
16. Джерсн: Ұлыбританияның иелігіндегі жер, Нормандия аралдарының бөлігі. 17. Жаңа Каледония, 
Францияның ерекше мәртебеге ине шалғай аумағы. 18. Кайман аралдары — Кайман аралдары: 
Ұлыбританияның шалғайдағы аумағы. 
19. Клиппертон аралы: тұрақты халқы жоқ, Францияның ерекше мәртебеге ие шалғайдағы елiri, 
Француз Полинезиясы құрамынан 21.02.2007 ж. бөлінген. 
20. Кокос аралдары — Кокос (Килинг) аралдарының аумағы: Аустралияның сыртқы аумағы. 
21. Кук аралдары: Жаңа Зеландиямен еркін ассоциациядағы өзін-өзі басқаратын аумақ 
22. Кюрасао: 2010 ж. 10 қазанынан бері Нидерланд Корольдігінің құрамындағы едәуір автономияға 
не өзін-өзі басқаратын аумақ. 
23. Майотта: Францияның шалғайдағы аумағы. 21. Маржан теңізі аралдары: тұрақты халқы жоқ 
Аустралияның сыртқы аумағы. 25. Мартиника: Францияның шалғай департаменті. 26. Монтсеррат: 
Ұлыбританияның шалғайдағы аумағы. 27. Мэн-эн аралы: Ұлыбританияның нелігіндегі жер. 28. 
IIиуэ: Жаңа Зеландиямен еркін ассоциациядағы өзін-өзі басқаратын аумақ. 29. Норфолк аралы: 
Аустралияның сыртқы аумағы. 
30. Оңтүстік Георгийї және Оңтүстік Сандвичев аралдары: Ұлыбританияның пшалғайдағы аумағы, 
Аргентинамен даулы. 
31. Питкэрн аралдары: Ұлыбританияның шалғайдағы аумағы. 32. Пуэрто-Рико, АҚШ-тың 
шалғайдағы нелігі («қосылмаған аумақ»). 33. Реюньон: Францияның шалғай департаменті. 34. 
Рождество аралы: Аустралияның сыртқы аумағы. 
35. Свальбар: арнайы халықаралық келісім негізінде Норвегия басқаратын аумақ; Шпицберген және 
Медвежий аралдарын қамтиды. 
36. Солтүстік Мариан аралдары — Солтүстік Маріан аралдары Бірлестігі (АҚШ): АҚШ-тың 
шалғайдағы нелігі («қосылмаған аумақ»). 
37. Сен-Бартельми: Францияның шалғайдағы аумағы, 21.02.2007 ж. Гваделупа құрамынан жеке 
аумақ ретінде бөлініп шыққан. 
38. Сен-Мартен (аралдың солтүстік бөлігі): Францияның шалғайдағы аумағы, 21.02.2007 ж. 
Гваделупа құрамынан жеке аумақ ретінде бөлініп шыққан. 
39. Сен-Пьер және Микелон: Францияның шалғайдағы аумағы. 


40. Синт-Мартен (Әулие Мартин аралының оңтүстік бөлігі): 2010 ж. 10 қазанынан бері Нидерланд 
Корольдігінің құрамындағы едәуір автономияға не өзін-өзі басқаратын аумақ. 
41. Тёркс және Кайкос: Ұлыбританияның шалғайдағы аумағы. 42. Токелау: Жаңа Зеландияға 
тәуелді аумақ. 
43. Уолис және Футуна — Уоллис және Футуна аралдары: Францияның шалғайдағы аумағы. 
44. Үнді мұхитындағы Британдық аумақ: Ұлыбританияның шалғай аумағы (Чагос аралдарында). 
45. Фарер аралдары: Данияның тәуелді аумағы (автономиялық аймақ). 
46. Фолкленд аралдары — Фолкленд (Мальвин) аралдары: Ұлыбританияның шалғайдағы аумағы, 
Аргентинамен даулы. 
47. Француз Полинезиясы: Францияның шалғайдағы аумағы. 
48. Француздық Оңтүстік және Антарктикалық аумақтар — Үнді мұхитында шашырай орналасқан, 
тұрғылықты халқы жоқ ұсақ аралдарды қамтиды. 
49. Херд және Макдонать] аралдары: тұрғылықты халқы жоқ, Аустралияның сыртқы аумағы. 
50. Ян-Майен — Ян-Майен аралы: Норвегия нелiri. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет