ДҮНИЕЖҮЗІНІҢ САЯСИ КАРТАСЫНДАҒЫ
САНДЫҚ ЖӘНЕ САПАЛЫҚ ӨЗГЕРІСТЕР
-
САНДЫҚ ӨЗГЕРІСТЕР.
Дүниежүзінің саяси картасында үнемі
сандық
өзгерістер болып тұрады. Яғни ондағы басты нысандардың: мемлекеттердің,
отар мемлекеттердің,
халықаралық аумақтардың, мәртебесі анықталмаған
аумақтардың, өз егемендігін жариялаған мемлекеттердің саны өзгереді.
-Егер
империя ыдырап, отар мемлекеттер тәуелсіздік алса, онда дүниежүзі
картасында егеменді елдердің саны көбейеді. Мысалы, 1960 жылы
дүниежүзінің саяси картасында тәуелсіз 17 жаңа мемлекет пайда болды. Олар:
Англия, Франция, Италия мен Бельгияның бұрынғы колониялары. Осы жылды
«Африка жылы» деп атады. Кейде мемлекеттер
бір-бірімен біріге немесе
ыдырай алады. Жер бетінде 1922 жылдан 1991 жылға дейін Кеңестік
Социалистік Республикалар Одағы атты мемлекет болды. Ол
Батыс Еуропа
аумағында, Орталық және Шығыс Азияның солтүстік бөлігінде орналасты.
Оның құрамына Қазақстан Республикасының аумағы да енді. КСРО Жер
бетіндегі адамдар тіршілік ететін құрлықтың 1/6 бөлігін алып жатты. Ыдырау
алдында дүниежүзіндегі ең ірі мемлекет болды. Алайда 1991 жылы ол ыдырап,
дүниежүзінде егеменді мемлекеттердің саны15-ке артты. 1990
жылы қазан
айында екі мемлекет – Герман Демократиялық Республикасы мен Германия
Федеративтік Республикасы, сонымен қатар мәртебесі анықталмаған аумақ –
Батыс Берлин бірігіп, Германия Федеративтік
Республикасының құрамына
кірді. Дүниежүзі картасында бір мемлекет саны мен мәртебесі анықталмаған
бір аумақтың саны азайды.
-
Достарыңызбен бөлісу: