айрықша саяси режимі немесе мәртебесі бар
(мысалы, Аомынь – ҚХР
құрамындағы арнайы әкімшілік аудан).
Сондай-ақ тәуелді мәртебесі
айқындалмаған аумақтар бар
(мысалы, Фолкленд аралдары – Аргентина
мен Ұлыбританияның даулы аумағы). Шын мәнінде, олардың барлығы да –
отар. отар – шетелдік мемлекеттің билігіне бағынатын, экономикалық және
саяси тәуелсіздіктен айырылған және арнайы тәртіп негізінде басқарылатын
мемлекет немесе аумақ (метрополия). Отары бар мемлекет
метрополия
деп
аталады.
-1960 ж. БҰҰ Отар мемлекеттер мен халықтарға тәуелсіздік беру туралы
Декларация қабылдады. Тәуелсіздік берілуі тиіс аумақтардың тізімінен
тұратын БҰҰ-ның Отарлық тізімі жасалды.
1945 жылдан 2007 жылға дейін
80-ге тарта мемлекет өзін-өзі басқарушы мәртебесін алып, БҰҰ қатарына
енді.
Өзін-өзі басқармайтын аумақтардың саны дүниежүзінде азайып келеді.
-
Қазір 50 тәуелді аумақ бар.
Олардың тізімі:
1. АҚШ-тың Кіші Тынықмұхиттық аралдары: байырғы халқы жоқ АҚШ иелігі (Бейкер аралы,
Джонстон aтoлы, Джервис, Хаулэнд аралдары, Кінгмен тосқауылы, Мидуэїї атолы, Пальмира
атолы, Уэйк аралы енеді).
2. Америкалық Самоа: АҚШ-тың шалғайдағы иелігі («қосылмаған аумақ»). Шығыс Самоа деген
атпен де белгілі.
3. Ангилья: Ұлыбританияның шалғай аумағы. 4. Аруба: Нидерланд Корольдігінің автономиялық
аумағы.
5. Ашмор және Картье аралдары — Аишмор және Картье аралдарының аумағы: тұрақты халқы жоқ,
Аустралиядағы сыртқы аумақ.
6. Әулие Елена аралы: Ұлыбританияның шалғайдағы аумағы, Тристан-да-Кунья аралдары мен
Вознесеніне аралын қамтиды.
7. Бермуд аралдары: Ұлыбританияның шалғай аумағы. 8. Буве аралы: Норвегия иелігі, тұрақты
халқы жоқ.
9. Виргин аралдары (АҚШ) — Америка Құрама Штаттарының Виргин аралдары: АҚШ-тың
шалғайдағы елiri («қосылмаған аумақ»).
10. Виргин аралдары (Ұлыбритания) — Британдық Виргин аралдары: Ұлыбританияның шалғай
аумағы.
11. Гваделупа: Францияның шалғайдағы департаменті. 12. Гвиана — Француз Гвианасы:
Францияның шалғайдағы департаменті. 13. Гернсин: Ұлыбританияның иелігіндегі жер, Нормандия
аралдарының бөлігі. 14. Гибралтар: Ұлыбританияның шалғай аумағы (Испаниямен даулы жер).
15. Гуам: Тынық мұхиттың батысындағы АҚШ-тың шалғайдағы неліrі («қосылмаған аумақ»).
16. Джерсн: Ұлыбританияның иелігіндегі жер, Нормандия аралдарының бөлігі. 17. Жаңа Каледония,
Францияның ерекше мәртебеге ине шалғай аумағы. 18. Кайман аралдары — Кайман аралдары:
Ұлыбританияның шалғайдағы аумағы.
19. Клиппертон аралы: тұрақты халқы жоқ, Францияның ерекше мәртебеге ие шалғайдағы елiri,
Француз Полинезиясы құрамынан 21.02.2007 ж. бөлінген.
20. Кокос аралдары — Кокос (Килинг) аралдарының аумағы: Аустралияның сыртқы аумағы.
21. Кук аралдары: Жаңа Зеландиямен еркін ассоциациядағы өзін-өзі басқаратын аумақ
22. Кюрасао: 2010 ж. 10 қазанынан бері Нидерланд Корольдігінің құрамындағы едәуір автономияға
не өзін-өзі басқаратын аумақ.
23. Майотта: Францияның шалғайдағы аумағы. 21. Маржан теңізі аралдары: тұрақты халқы жоқ
Аустралияның сыртқы аумағы. 25. Мартиника: Францияның шалғай департаменті. 26. Монтсеррат:
Ұлыбританияның шалғайдағы аумағы. 27. Мэн-эн аралы: Ұлыбританияның нелігіндегі жер. 28.
IIиуэ: Жаңа Зеландиямен еркін ассоциациядағы өзін-өзі басқаратын аумақ. 29. Норфолк аралы:
Аустралияның сыртқы аумағы.
30. Оңтүстік Георгийї және Оңтүстік Сандвичев аралдары: Ұлыбританияның пшалғайдағы аумағы,
Аргентинамен даулы.
31. Питкэрн аралдары: Ұлыбританияның шалғайдағы аумағы. 32. Пуэрто-Рико, АҚШ-тың
шалғайдағы нелігі («қосылмаған аумақ»). 33. Реюньон: Францияның шалғай департаменті. 34.
Рождество аралы: Аустралияның сыртқы аумағы.
35. Свальбар: арнайы халықаралық келісім негізінде Норвегия басқаратын аумақ; Шпицберген және
Медвежий аралдарын қамтиды.
36. Солтүстік Мариан аралдары — Солтүстік Маріан аралдары Бірлестігі (АҚШ): АҚШ-тың
шалғайдағы нелігі («қосылмаған аумақ»).
37. Сен-Бартельми: Францияның шалғайдағы аумағы, 21.02.2007 ж. Гваделупа құрамынан жеке
аумақ ретінде бөлініп шыққан.
38. Сен-Мартен (аралдың солтүстік бөлігі): Францияның шалғайдағы аумағы, 21.02.2007 ж.
Гваделупа құрамынан жеке аумақ ретінде бөлініп шыққан.
39. Сен-Пьер және Микелон: Францияның шалғайдағы аумағы.
40. Синт-Мартен (Әулие Мартин аралының оңтүстік бөлігі): 2010 ж. 10 қазанынан бері Нидерланд
Корольдігінің құрамындағы едәуір автономияға не өзін-өзі басқаратын аумақ.
41. Тёркс және Кайкос: Ұлыбританияның шалғайдағы аумағы. 42. Токелау: Жаңа Зеландияға
тәуелді аумақ.
43. Уолис және Футуна — Уоллис және Футуна аралдары: Францияның шалғайдағы аумағы.
44. Үнді мұхитындағы Британдық аумақ: Ұлыбританияның шалғай аумағы (Чагос аралдарында).
45. Фарер аралдары: Данияның тәуелді аумағы (автономиялық аймақ).
46. Фолкленд аралдары — Фолкленд (Мальвин) аралдары: Ұлыбританияның шалғайдағы аумағы,
Аргентинамен даулы.
47. Француз Полинезиясы: Францияның шалғайдағы аумағы.
48. Француздық Оңтүстік және Антарктикалық аумақтар — Үнді мұхитында шашырай орналасқан,
тұрғылықты халқы жоқ ұсақ аралдарды қамтиды.
49. Херд және Макдонать] аралдары: тұрғылықты халқы жоқ, Аустралияның сыртқы аумағы.
50. Ян-Майен — Ян-Майен аралы: Норвегия нелiri.
|