ЕЛТАНУ МЕН САЯСИ ГЕОГРАФИЯ НЕГІЗДЕРІ-1
ДҮНИЕЖҮЗІ ЕЛДЕРІ.
-
Ел
– бұл мемлекет орналасқан белгілі бір шегарасы бар аумақ. Ал
мемлекет
–
бұл өзінің белгілі бір аумағы, басқару жүйесі, халқы, әлеуметтік,
мәдени
мүддесі ортақ тұрғындары, қауіпсіздік жүйесі,
тәуелділігі бар қоғамның
ерекше ұйымы.
-Кейде елдерді теңіз және мұхиттармен географиялық орналасу ерекшеліктері
бойынша топтастырады: теңіз жағалауындағы, түбек, арал, топарал
аумағындағы елдер.
Теңізге шығу мүмкіндігі жоқ елдерді бөлек жіктейді.
Олардың саны 40-қа жуық.
-Елдің экономикалық дамуы үшін не маңызды?
Атақты ғалым,
географ-
экономист Н.Н. Баранский алғаш рет бұл сұраққа ғылыми түрде толық жауап
берді. Ол экономикалық-географиялық жағдай туралы ілім әзірледі. Оны әрбір
географтар ұрпағы өз мағлұматтарымен,
идеяларымен, нақтылаулармен
толықтырды.
-Саяси картаның нысандары –
елдер мен аумақтар. Оларды 3 топқа бөледі:
1.Мемлекет мәртебесі рәсімделген, халықаралық деңгейде танылған тәуелсіз
мемлекеттер.
2.Дербес басқару мәртебесіне ие болмаған тәуелді аумақтар.
3.Тәуелсіздігі танылмаған елдер мен мәртебесі анықталмаған аумақтар.
-
230 ел белгіленген, 190-ы тәуелсіз мемлекеттер.
Тәуелсіз мемлекеттер саны
–
195 тәуелсіз ел.
-Дүниежүзінің саяси картасындағы мемлекеттерден басқа 30-дан астам
алуан түрлі егемендігі жоқ, тәуелді саяси-аумақтық түзілістер бар.
Олардың бірі егеменді мемлекеттерден алуан түрлі формада тәуелді аумақтар
құрады.
Тәуелді аумақтар
– олардың өзін-өзі басқарудың әр алуан формасы
бар меншігі (мысалы, Гвиана немесе Гваделупа – Францияның теңіздің арғы
жағындағы департаменттері).
Енді бірі – мемлекеттердің бір бөлігі және