Елубаев саржан иманбекович қазақстан Республикасы Қарулы Күштері



бет32/37
Дата08.09.2023
өлшемі2,05 Mb.
#106634
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   37
Байланысты:
КІТАП ҚРҚК

Педагогикалык, мәдениеттің негізгі көрсеткіштері. Офицердің педагогикалық мәдениетінің негізі көрсеткіштері болып офицерлердің әскери педагогикалық қызметке оң қатынасы, онымен белсенді айналысуға ұмтылысы қарамағындағы бағыныштыларын сыйлауы, олардың жалпы және арнайы дамуын күнделікті ойлауы, офицерлердің жеке басының педагогикалық бағыттылығы больш табылады. Педагогикалық бағыттылықтың негізі педагогика - психологиялық сендірулер жүйесі болып табылады. Офицерлердің педагогикалық сеңдірулерінің мазмұнын зерттеуде оларға жалпы болып табылатындар:
- офицерлердің педагогикалық шеберлігінің жалпы және арнайы дайындығына, қызмет және өмір тажірибесіне тәуелділігі.

  • сабақтың қорытындысы - офицерлердің бағьшыштыларын қызықтыра білу шеберлігіне тәуелді.

  • сабақтардың, жаттықтырулардың, ептіліктің нәтижелілігі оқу-жауынгерлік тапсырмаларды шешуде ең қолайлы және нәтижелі жолдарын белсенді ізденуіне тәуелді:

- тәртіп - оның мықты өнегелілік негізіне тәуелді.
Терең негізделген білім - ол кемелденгендік пен зиялылықтың алғышарты больш табылады, яғни ойлау қабілетінің кеңдігі, құбылыстарды зерттеу мен түсінуде олардың байланыстылығын түсіну, шығармашылық ізденіс пен адамгершілікті үйлестіру, адамдармен қатынаста сыйластық пен ілтипатпен қатынас жасау, олардың мәдениеттілігін көтеру.
Зиялылық - бұл офицерлердің қозғалтғыштық саяси моральдік сапасы болып табылады, оның қабілеті болып жатқан құбылыстарды терең және әділ сынауы, оларды дұрыс бағалауы, педагогикалық мәселелерді шешуде ең қолайлы жолдарды таба білуі жатады. Зиялы офицер бұл рухани бай және жоғары сезімді мәдениетті адам. Білімді болу және өз ойын дамытуға қарағанда сезім мәдениетін дамыту қиын мәселе болып табылады. Жоғары педагогикалық мәдениетті офицер өнегелі таза болады, өйткені оның негізінде, өнегеліліктің, моральдің, әскери анттың талаптары, әскери жарғылардың талаптарының орьшдалуы жатыр. Әр офицерге мына қасиеттер тән: белсенді өмір, сөз бен жұмыстың бірлігі, тәрбиелілік, ұйымшылдық, адалдық, еңбекқорлық және тағы басқа өнегелі сапалар.
Офицердің педагогикалық мәдениетінің маңызды көрсеткіші оның педагогикалық шеберлігі болып табылады. Әскери педагогикалық еңбек офицерден жоғары кәсіпқойлық пен хабардарлықты, бағыныштыларды дайындауда міндет пен мақсаттын терең білімділігі, керекті оқыту материалын таба білу және қолайлы құрастыра білуін талап етеді.
Офицер - педагог үшін керек жағдайларда түрлі әдістемелік құралды қолдана білуі, әскери қызметтің тәсілдерін үлгілі көрсете білуі, жауынгерлермен дұрыс қарым - қатынас жасай білуі, жауынгерлерде өз бетінше дағды мен білім алуға талабын оята білуі. Олардың дайындығының дәрежесін тексеріп және бағалай білуі, олардың күнделікті қызметтік, оқулық және қоғамдық саяси қызметін бағыттай білуі маңызды рөл атқарады.
Қазіргі заманғы жетекшіге қойылатын талаптар: нақтылық, іскерлік, бірауызділік, жұмыс пен сөздің бірлігі, нәтижелі адамдарды таңдай білуі, барлық қоғамдық күштерін шебер байланыстыра білуі, өзіне деген жаңашылдығын арттыру, өзін-өзі белсенді жетілдіру, ғылыми және саяси ақпараттарда бағдарлана білуі, өзінің ой-өрісін кеңейту, рухани байлығын арттыру, өз денсаулығын сақтау және нығайту - міне осылар офицердің педагогикалық қызметінде табыстылықтың кепілі, педагогикалық мәдениетінде маңызды бөлшегі және көрсеткіштері больш табылады. Педагогикалық мәдениетті игеру - қиын әрі ұзақ процесс.
Оқытушы мен офицердің өзін - өзі тәрбиелеу мен оқытуы. Өзін - өзі жетілдіру мазмұны мен әдістемесі.
Қазіргі заманғы талаптарға сай болу үшін офицер үздіксіз өзін-өзі жетілдірумен айналысу керек, ол екі түрде болады: өзін-өзі тәрбиелеу және өзін-өзі оқыту.
Өзін-өзі тәрбиелеу офицерлердің белсенді, мақсатқа бағытталған жұмысын көрсетеді. Ол офицерлерде оң саналардың қалыпстасуы мен дамуын және теріс сапалардың жойылуына бағытталған. Оның мақсаты командирлердің, саяси қызметкерлердің, жоғары мамандандырылған әскери маманның идеалын офицердің саналы ұғынуы.
Өзін-өзі тәрбиелеудің мақсаты жас ерекшелігіне, жеке-дара ерекшелігіне және офицерлердің қызметінің түріне тәуелді болады. Өзін-өзі тәрбиелеу процесі бірнеше кезеңнен өтеді:

  • өзінің әскери кәсіпқойлы қызметіне қойылған талаптарды саналы ұғыну;

  • өзін-өзі тану, өзінің қызметі мен тәртібіне сын көзбен қарау;

  • өзін-өзі тәрбиелеу жұмысын жоспарлау;

  • өзін-өзі тәрбиелеу бағдарламасын тәжірибелік іске асыру;

  • өзін-өзі бакылау, өзін-озі бағалау, өзін-өзі түзету;

Өзін-өзі тану процесінде офицер саналы талаптар негізінде өзінің жаксы және жаман жақтарын талдап, өзіне баға береді, соның нәтижесінде шешім қабылдап, өзін-өзі тәрбиелеудің бағытын анықтайды.
Өзін - өзі тәрбиелеу әдістерін төмендегі көрсетілгендер арқылы жетік біле алады:
- өзін - өзі сендіру арқылы офицерлер оң немесе басқа
сапалардын дамытуына көз жеткізеді, сенімді
болу, тәрбиенің жоғары өнегелілік ережелерін игеру, белгілі бір
принциптер мен ережелер бойынша әрекет ету;

  • өзімен өзі жаттығу офицерлерге әскери жарғылық әдеттерді қалыптастыруға көмектеседі, кәсіпқойлықтың дағдылары мен ептіліктерін, интеллектуалды және дене дайындығының мүмкіндіктерін дамытуға көмектеседі;

  • едәуір беделді адамдардың ақылын тындау, оны өзінің шығармашылық қызметінде қолдана білуі әрдайым өзімен жұмыс жетілдіріп отыру;

  • өзін-өзі қатты сендіру аркылы өзінің психикалық жай-күйін нақтылайды, көңілі көтеріледі, соғыстық және бейбіт кезеңде өзін-өзі басқару және тағы да басқа.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет