Тәрбиенің субьектісі, обьектісі және мақсаты. Жауынгерді тәрбиелеу – бұл күрделі процесс. Оның негізгі құрылымын тәрбиенің обьектісі, субъектісі, мақсаты, қарым-қатынас жүйесі, әсері, сондай-ақ осы бөлшектердің өзара байланысы құрайды. Тәрбиенің субъектісі әрқашан ұжымдық. Бұл командирлер, саяси қызметкерлер, қоғамдық ұйымдар. Өткізіліп жатқан жұмыстың табыстылығы олардың қызметінің бірлігіне, мақсаттылығына, ұйымшылдығына тікелей байланысты. Командир бірыңғай бастық ретінде жеке құрамның нәтижелі тәрбиесінде маңызды орын алады. Тәрбиенің кез-келген субъектісі сатылай бағынушылық жүйесінде тәрбие объектісі болып табылады.
Тәрбиенің объектісі – бұл бөлімшенің жауынгерлері, оның жеке құрамы. Сондықтан, тәрбиелеуші мен тәрбиеленуші бір ұжымның мүшелері болып қалады. Ұжым тек тәрбиенің объектісі ғана емес, сонымен қатар субъектісі де болып табылады. Ол әрбір жауынгерге қалыптасушылық әсер етеді, ал олар өз кезегінде ұжымға әсер етеді.
Тәрбиенің мақсаты бұл жан-жақты дамыған белсенді ержүрек отан қорғаушыларды қалыптастыру. Тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің осы мақсатты терең түсінуі олардың бірлескен қызметінің табысты болуының негізі.
Тәрбие процесінің мүшелерінің қарым-қатынасы келесі топтарға бөлінеді: тәрбиешілер мен тәрбиеленушілер арасындағы, тәрбиешілер арасындағы, тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің жауынгерлік оқуы мен қызметке қарым-қатынасы, тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің қоршаған ортаға қарым-қатынасы. Бұлардың жиынтығы педагогикалық қызметтің табыстылығы мен табыссыздығын анықтайтын жүйе құрайды.
Жауынгерді тәрбиелеудің қызметтері. Тәрбие – бұл көп қызметті процесс. Оның негізгі базалық қызметі қалыптастырушы-дамытушылық болып табылады, оның мақсаты жауынгерде жаңа сапаларды қалыптастыру және дамыту, сонымен қатар ұжымдастыру қызметі де іске асады, бұл жауынгерді нақты жағдайларда белсенді әрекет етуіне үйретеді. Сақтандыру қызметі жауынгерді жарғы талаптарын бұзбауын алдын-ала ескеріп отырады. Қайта тәрбиелеу қызметінің мақсаты адамның мінезінің жағымсыз жақтарын жойып, жағымды жақтарын дамыту, яғни мінезді қайта шыңдау болып табылады, өзін-өзі тәрбиелеуге ояту қызметі, бұл жауынгердің өзінің әрекетінің арқасында жан-жақты дамуына негізделеді.
Дамыту процесі – бұл сапалы қасиеттерді қалыптастыру үшін жауынгер психологиясына айқын, шыңдалған, мақсатталған түрде әсер ету. Командир, саяси қызметкер, қоғамдық ұйымдар өз әсерін іске асыру үшін сөзді, жеке басының үлгісін қолданады, ұжымдармен әрдайым қарым-қатынаста болады, жауынгердің жұмысы мен демалысын ұйымдастырады және тағы да басқа.
Педагогикалық әсер тікелей немесе жанама болуы мүмкін. Егер тәрбиеші қолданып жатқан құралдар нақты бір адамға, ұжымға немесе тәрбиеші мен тәрбиеленуші бетпе-бет қарым-қатынаста болса, онда бұл педагогиканың тікелей ықпалы болады. Ал жанама ықпал жасау, бұл жауынгердің қызметіне, олардың өміріне жасалған жағдайлар арқылы іске асады (өзара қарым-қатынас, ереже, ішкі тәртіп және т.б.).
Тәрбиешінің жеке басының үлгісі жауынгерге өте күшті әсер етеді. Өйткені, тәрбиеші оқыту процесінде өз орнын нақты, ашық түрде көрсете білсе, жауынгерлер оны солай болу керек нәрседей қабылдайды.Сондықтан, тәрбиелеу кезінде тәрбиеші орны еленбейді, оның әсерлігін бірінші кезекте жеке басының беделдігінен, өнегелі мінез-құлқынан, жұмысына жауапкершілігі, педагогикалық орынды мазмұндамасы мен тәрбиелеудің нәтижелі әдістемесін қамтамасыз етеді.
Ықпалдың жиынтығы үшін нақтылық, мақсаттылық және жүйелілік керек. Нақты жағдай мен мәселенің түріне байланысты нақтылық – тәрбие құралы мен мақсатты негізделген таңдау арқылы болады. Мақсаттылық ол алға қойылған мақсаттың нақтылығын, оның мазмұнын, әдістемесі мен ықпал ету құралын анықтайды. Жүйелік ол тәрбие жұмысын оқиғадан оқиғаға дейін емес, әрдайым өткізіліп тұруын қадағалайды. Бұл тәрбиелік жұмыстың әсерлілігін, нақтылығын және үздіксіздігін қамтамасыз етеді.
Жауынгердің тәрбиесі оның психологиялық қасиетінің ерекшелігін ескере отырып ұйымдастырылады. Жауынгерді жарғы талаптарына сай, тәртіп ережелерімен қаруландыру тәрбиенің негізі болып табылады. Меңгерілген білімдер базасында терең және мықты сенім қалыптасады. Тәрбиеші жұмысында негізінен жауынгердің саналығына сүйенеді. Әскери ұжымдағы қоғамдық көзқарасты қалыптастыратын тәртіп ережелерін дәстүрге, әдет-ғұрыпқа айналдыра білу тәжірибесі өте маңызды. Барлық процесс біліммен қаруланудан сенімнің қалыптасуы мен тәртіптің әдеттенуіне дейін бірлікте іске асады. Жарғылық тәртіптің тәжірибе жинақтауға бағытталған жұмысы жауынгердің білімін тереңдетеді және кеңейтеді.
Өз кезегінде білім жүйесінің қалыптасуы жақсы әдеттің құрылуына негіз болып табылады. Сондықтан да, тәрбиелік жұмыстар жауынгер санасына, оның ішкі сезімі мен ерік жігеріне және тәртібіне толық әсер етеді деп тұжырымдауға болады. Тәрбие жұмысының нәтижелілігі жауынгердің тәжірибесі мен әрекеті арқылы анықталады.
Тәрбие жұмысының негізгі сипаттамасы тәрбиешілердің біріккен өзара әрекеті ретінде жауынгерлермен әскери ұжымдардың қазіргі заманғы ұрыстың талаптарына сай сапаларды қалыптастыруы және қойылған талапты нақты орындай білуі болып табылады.
Тәжірибе көрсеткендей тәрбиешінің педагогикалық дайындық жұмысының барысында мыналар анықталады:
әсердің нақты мақсаты (жауынгерге қандай ойлар, қажетті өнегелікті түсіндіру; оларға қойылатын талаптар; әсердің негізі: ауызша сөз, құжат, нақты тәжірибелік әрекеттің ұйымдастырылуы және т.б.);
әсер етудің әдісі мен жолдары (түсіндіру немесе мәжбүрлеу, көтермелеу немесе үлгі көрсету және т.б.), оларды қолдану түрлері мен жағдайлары (тікелей немесе жанама, жылдам немесе баяу);
тәрбие жұмысының түрі (оқыту сабағы, тақырыптық кеш, әңгіме, жиналыс және т.б.).
Жауынгердің жеке басына көптеген факторлар әсер етеді. Олардың негізгілері мыналар:
оның өмірлік мақсаттары, қажеттіліктері, әрекетінің түрі, қызығушылығы, тәрбие мазмұнын түсіну деңгейі, оның қоғамдық және жеке бағалануы;
көңіл-күй және еріктік жағдайы, әскери еңбекке қарым-қатынасы, әріптестеріне және өзіне деген қарым-қатынасы;
өз мүмкіндіктерін бағалай білуі, оған қойылған талапты орындай білуі.