Елубаев саржан иманбекович қазақстан Республикасы Қарулы Күштері



бет28/37
Дата08.09.2023
өлшемі2,05 Mb.
#106634
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   37
Байланысты:
КІТАП ҚРҚК

Әдебиеттер тізімі:
1. «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі» туралы Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпан №561-ІV Заңы.
2. "Запастағы офицерлерді әскери есепке алу және одан шығару" мемлекеттік қызмет стандарты Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 22 шілдедегі № 848 Қаулысы.
3. «Қазақстан Республикасының Әскери Доктринасы» Қазақстан Республикасы
Президентінің 2011 жылғы 11 қазандағы № 161 Жарлығымен бекітілген.
4. Қазақстан Республикасының азаматтарына патриоттық тәрбие берудің 2006-2008 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 10 қазандағы №200 Жарлығы.
5. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының жалпыәскери жарғылары. ҚР Президентінің 19.05.2009 жылғы № 805 Жарлығымен бекітілген.
6. Әскери психология және әскери педагогика, Ә.Р. Айтуғанов, И.Қ. Тұрметов. К.Д. Баетов, 2007ж
7. Офицердің педагогикалық мәдениеті, А.В. Барабанщиков, 1985ж.
8. Офицердің жеке тұлғасын қалыптастыру, В.П. Иванов, 1986ж.
9. Интербелсенді әдістемені жоғарғы оқу орындарында қолдану мәселелері. Әлімов А.Қ., Оқу құралы - Алматы, 2013жыл.

14. Болашақ офицерлердің отансүйгіштік қасиеттерін қалыптастыруда халқымыздың ерлік дәстүрі және оның тәрбиелік мүмкіндіктері. Қазақ халық педагогикасының патриоттық ерлік құралдары, формалары мен әдістері.

Ұлттық жауынгерлік дәстүрінің ерекшеліктері:


Шағын ауыл, рулардан бастап, сатылай отырып белгілі жүзді, одан үш жүзді біріктіретін қазақ халқының тұтас қолын құрайды.
Қолына қару алып соғыса алатын әрбір ер-азаматтың әскери міндеттілігі. Бозбала шақтан қартаң кезге дейінгі жас аралығын қамтиды / Қабанбай- 13 жасында, Абылай- 17 жасында араласқан, ал Қожаберген 60 жасында ерлікпән соғысқан/.
Әскери лауызымға тағайындауда оның шыққан тегі, әлеуметтік ортасы ескерілмейді. Қоғамның әлеуметтік тобын тұтас қамтиды /Негізінен ер адамдар/.
Қазақ әскерлері тек атты әскер сыпатында жасақталған. Сол себепті соғыс атына, батырлардың соғыста мінетін аттарына ерекше маңыз берілген /Аттың таңдалып, сыйға берілуі, т.б./.
Хас батырдың майданда серік болған аты мерт болған жағдайда оны қастерлеу дәстүріне ерекше мән берілген /Мысалы, Қабанбайдың Құбас атқа деген қүрметі/.
Қол өз туын көтеріп, өз ұранын шақырған. Әруақты батырлардың аттары ұранға айналып отырған.
Бүкіл халық басына күн туған қан құйлы соғыс кездерінде қазақтың қыз- келіншектері де қол құрап, майданға араласқан /Томирис, Гауһар, Назым және т.б./.

Жауынгерлік дәстүр Ерлікті қалыптастыратын қасиеттер


І. Ел қорғау дәстүрі 1. Адамгершілік
2. Жер қорғау дәстүрі 2. Ар-намысты жоғары ұстау
3. Жауынгер-ізбасар дайындау 3. Іс-әрекеттегі батылдық
4. Байрақты жеңіс тұғырынан түсірмеу. 4. Шешімталдық
5. Анттасу. Ант беру 5. Елжандылық
6. Серттесу
яғни, ерлік тәрбиесі дегеніміз ата- бабаларымыздың жауынгерлік дәстүрі негізінде оқушылардың ерік- жігерін, табандылық, батылдық қасиетерімен бірге ұлттық сана, парыз, намысты қалыптастыра отырып, Отансүйгіштікке тәрбиелеу. Көне түркілер, көшпәнділер тарихына, халқымыздың ерлік және жауынгерлік дәстүрлеріне шолу жасағанда ерлік қасиеті әрбір жауынгерге тән болғанын көрәміз. Әрбір жауынгерден батылдық, табандылық қасиеттерді талап еткен.
Жауынгерлік тәрбие қазір әскери тәрбие мағынасында беріледі. "Әскери тәрбие жұмысында жауынгерлерді, офицерлерді жоғары саяси саналылық, өз Отанына шексіз берілгендік рухында баулу, жүктелген міндетті тыңғылықты орындауға, адалдыққа, қырағылыққа, соғыс қимылдарына әзір тұруға, батыл да табанды, әскери қызметтің ауыртпалығына төзімді болуға даярлау, өз-ара жолдастық көмек көрсетуге тәрбилеуде жүзеге асырылады".
Ұлттық жауынгерлік дәстүр негізінде жас ұрпақты ерлікке бау­лу мәселесі Ы.Алтынсарин атындағы Қазақтың білім проблемалары институтының педагогика тарихи бөлімнің 1991-93 жылғы ғылыми-зерттеу жұмыстарының негізгі жоспарына кірді. Аталған ғылыми-зерттеу жұмысының барысында жауынгерлік және ерлік тәрбиесін бүгінгі әскери тәрбиемен салыстыра, байланыстыра жүргізуді мақсат етіп қойды.
Талай ғасырды басынан өткеріп, бізге жеткен батырлар жыры бүгінгі ұрпақтың еліне, жеріне деген сүйіспәншілігін қалыптастыруда басты орын алады. Батырлар жырының мазмұны туған елін, жерін жаудан қорғаумен қатар ананың балаға деген махаббаты, сүйіспәншілігі, адамгершілік қасиеттеріне негізделген. Ата-бабаларымыз батырлардың қайсар қаһармандылығын, ерлігін суреттей отырып, ұрпақ тәрбиесіне өшпес мұра қалдырып отырды.
Жастардың және оқушылардың әскери-патриоттық тәрбиесі – біздің мемлекет қызметінің ең маңызды саласының бірі. Әскери-патриоттық тәрбие алғашқы әскери дайындықпен тығыз байланысты және төтенше жағдайларда жастардың қорғаныс тәсілдерінің құралдарын, әскери істі меңгеруіне әсер етуі тиіс.
Қазақстан Республикасының «Жалпыға бірдей әскери міндеттер және әскери қызмет» жайлы заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылы 1 қарашада шыққан №1340 қаулысына сай, орта мектептерде бастауыш әскери дайындық пәні мемлекеттік пән ретінде оқытылатын болды. Осыдан былай жастарды әскер қатарында қызмет атқаруға психологиялық тұрғыда дайындау, келешек Отанын қорғаушыларды педагогикалық бағытта тәрбиелеу - мектептердің негізгі міндетерінің біріне айналды десе де болады.
Мектептегі бастауыш әскери дайындық барысында жастар Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің даму тарихымен, мінездемесін, ерекшеліктерімен танысады, «Жалпыға бірдей әскери міндет және әскери қызмет» туралы т.б.заңдармен, әскери ант пен әскери жарғылардың талаптарын оқып үйреніп, атыс қаруларының үлгілерімен жете танысып, азаматтық қорғанысқа қажетті мәлеметтер мен іс-қимылдарға үйренеді. Мұнымен қатар қыз балалар дәрігерлік - санитарлық іспен айналысады.
Осындай қаруар істі жүзеге асыру, әскери істерге үйрету мен әскери-патриоттық тәрбие берудің сапасы, осы істердің ұйытқысы болып табылатын алғашқы әскери дайындық мұғалімінің біліктілігіне көп байланысты.
Төмендегі әдістемелік ұсыныстардың жобалы түрі мектептердегі жас мамандардың жұмыстарына септігін тигізеді деген ойға келеді.
Оқушыларға әскери-патриоттық тәрбие беру дегеніміз-оларды саяси, моральдық-психологиялық жағынан егемен елін қорғауға психологиялық тұрғыда дайындау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет