Елубаев саржан иманбекович қазақстан Республикасы Қарулы Күштері


Жоғарғы әскери училищеге кандидаттарды іріктеудегі бастапқы әскери дайындық оқытушысының рөлі



бет27/37
Дата08.09.2023
өлшемі2,05 Mb.
#106634
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   37
Жоғарғы әскери училищеге кандидаттарды іріктеудегі бастапқы әскери дайындық оқытушысының рөлі. Дербес, ересек өмірге енердің алдында әр бозбаланың алдында қандай мамандықты таңдау керектігі жөнінде мәселе тұрады. Өз тілегі мен қабілеттерін айқын сезінген кейбіреулері колледж бен институттардың есігін ашады, кейбіреулері мектептен кейін бірден зауыт пен фабрикаларға жұмысқа кетеді, кейбіреулері шаруа қожалықтарының жұмысына тартылады. Жас адамдардың арасында өз өмірін әскери қызметке арнағысы келетіндер де аз емес.
Жыл сайын мыңдаған солдаттар мен сержанттар, матростар мен старшиналар, мектеп пен колледж түлектері офицер мамандығын таңдап, жоғарғы әскери училищелерге оқуға түседі. Осы бозбалалардың көбі үшін алғашқы емтихандар маңызды сынақ, мектеп бағдарламасын терең және жан-жақты меңгерген және әскери училище туралы түсінігі бар бозбалалар емтихандарды табысты тапсырады.
Офицер – саяси қызметкер. Бұл мамандықты таңдаған адамдар адамдардың көзіне түседі.
Бүгінгі күні флот пен әскерге жоғарғы жауапкершілік сезімі, дербес іскерлік бастамашылығы бар адамдар керек. Әскерді нығайтуға барлық жеке құрам, әр әскери қызметкердің қатысуын уақыт талап етеді. Ол идеологиялық, саяси-тәрбие жұмысты ұйымдастыруды шығармашылықпен жаңартуды міндеттейді. Қазіргі заман жағдайында бұлар офицерлердің рөлі мен жауапкершілігін арттырады.
Жоғарғы әскери училищелерде жоғары білікті офицерлік кадрлар, жақсы әскери мектептен өткен, бай кәсіби және өмірлік тәжірибесі бар оқытушылар мен мамандар қызмет етеді.
Барлық әскери училищелерде оқу-материалдық база қалыптасқан, курсанттар, оқытушы офицерлер заман талабына сай аудиториялар мен сыныптарды қолданады, кабинеттер түрлі техникалық құралдармен және жетілдірілген жабдықтармен жасақталған. Болашақ офицерлер қазіргі кездің техникасын және қаруды қолдануды үйренеді. Училищелерде әскери оқудың жетекші принциптері өмірге енгізілген: «әскерді соғыста не керек, соған үйрету керек». Оқу-тәрбие үдерісі қазіргі шайқас талаптарына неғұрлым жақындатылған. Ол курсанттардың бойында саналылықты, жоғары моралдық әскери қабілеттерді, батырлық пен ержүректілікті тәрбиелеуге, оларда әскери шеберліктің, төзімділік дағдыларын, бейбіт кезде әскери дайындық міндеттерін шешу кезінде, соғыс жағдайында жеке құраммен идеологиялық жұмысты ұйымдастыру және жүргізуге бағытталған.
Сыныптарда және зертханаларда, полигондарда және атыс орындарында, тренажерлерде және спорт алаңдарында оқу кезінде және демалыс уақытында болашақ офицерлер өз мамандықтары бойынша мақсатты және үздіксіз әскери істі меңгеруі тиіс. Курсант еңбегі оңай емес, қиыншылық пен кедергіге қарамастан, алдына қойған мақсатына жетуге ұмтылған ғана өз еңбегінің жемісін көреді.
Кешегі мектеп оқушылары жас жауынгерлер көз алдымызда шыңдалады, жасқаншақ бозбала нағыз кәсіби шыныққан ерлерге айналады, оларға флот пен әскердің тағдырын және оны қорғауды сеніп тапсыруға болады.
Жоғарғы әскери училище түлектері – іскер және жігерлі офицерлер, жеке құрамның беделді басшылары, біздің қарулы күштерді қайта құрудың сенімді күрескерлері.
Сондықтан мектептегі, КТМ -тің АӘД оқытушылары жоғарғы әскери оқу орындарына түсу үшін оқушыларды іріктеуде ерекше көңіл бөлуі тиіс. Бұл жұмыстарды қалалық және облыстық білім бөлімдері жүргізеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет