Секреторлық нейрондар Зат өндіру және биологиялык белсенді заттарды болу кабілеті, мысалы
медиаторларды (ацетилхолин, норадреналин, серотонин және т.б.), барлык
нейрондарға тән касиет. Бірак көбінесе осы кызметті аткаруға маманданған
нейрондар —
секреторлык, нейрондар (пеигопшп secretorium), болады, мысалы,
бас миының гипоталамиялык аймағының нейросекреторлык ядроларынын
жасушалары ( 10.5-суретті караңыз,
г). Секреторлык нейрондардын бірқатар
ерекше морфологиялык белгілері болады. Олар ірі жасушалар. Хроматофилді
денешіктер көбінесе жасушалардың денесінін шеткі аймактарында орна-
ласады. Нейрондардын цитоплазмасында және аксондарында кұрамында
нәруызы, кейде липидтер мен полисахаридтер болатын, көлемі әр түрлі өнім
түйіршіктері —
нейросекрет (substantia neurosecretoria) аныкталады. Нейросек
рет түйіршіктері канға немесе цереброспиналды сүйыктыкка шығарылады.
Көптеген секреторлык нейрондардын ядролары кисык пішінді, бұл олардың
жоғары кызметтік белсенділігінің белгісі болып табылады. Нейросекреттер
нейрореттеушілердің кызметін аткарып, жүйкелік және гуморалдык интегра
ция жүйесінін әрекеттесуіне катысады.
1 0 .3 . НЕЙРОГЛИЯ
Нейрондар, белгілі ортада өмір сүріп, кызмет аткаратын жоғары
маманданған жасушалар. Мұндай ортаны олар үшін калыптастыратын
нейро глия (
neuroglia). Нейроглия келесі кызметтерді аткарады: тіректік, трофикалык,
шекаралык, нейрон сыртындағы ортаның тұрактығын демеу, корғаныш,
секреторлык.
Орталык және
шеткері жуйке жуйелерінің глиясын ажыратады
(10.8-10.10-сурет).
Орталық жүйке жүйесінін глиясы. Орталык жүйке жүйесінің глиялык жа
сушалары
макроглияға (глиоциттер) және
микроглияға бөлінеді. Макроглия
жүйке түтікшесінің глиобластыларынан дамиды. Макроглияға эпендимоцит-
тер, астроциттер және олигодендроциттер жатады.
10.3.1. Макроглия
Эпендимоциттер
(ependymocyti) бас
миының карыншаларын және
жұлынның орталык каналын каптап тұрады (10.11-сурет). Олар ци
линдр пішінді жасушалар. Олар эпителийге ұксас кабатты кұрайды.