Эмбриология


5-Тарау. Жалпы гистологияның негізгі уғымдары 5.1 -сурет. Ұрықденесіндетіндерменмүшелердіңэмбрионалдықбастамаларының



Pdf көрінісі
бет63/279
Дата15.11.2023
өлшемі74,12 Mb.
#123696
түріОқулық
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   279
116
5-Тарау. Жалпы гистологияның негізгі уғымдары
5.1 -сурет. Ұрықденесіндетіндерменмүшелердіңэмбрионалдықбастамаларының 
орналасуы (12 сомиттер сатысындағы ұрық кесіндісі, А.А. Максимов бойынша, 
өзгерістерімен): 1 — терілік эктодерма; 2 — жүйке түтікшесі; 3 — нейралды айдар- 
ша; 4 — дерматом; 5 — миотом; 6 — склеротом; 7 — сегмент аяқшасы; 8 — целом 
тыстауы; 
9 — эндотелимен қапталған, аорта; 10 — қан жасушалары; 11 — ішек 
түтігі; 12 — хорда; 13 — целом қуысы; 14 — мезенхиманы қурайтын, миграцияла- 
нушы жасушалар
жазык миоциттердің, буйрек үсті бездерінің милык затының жасушаларының 
даму көзі деп санайды.
Мұндай концепция узақ уақыт энотелийдің тіндік ерекшелігін жокка 
шығара отыра, оны дәнекер тініне жататынын «дәлелдеді». Осы күнге дейін 
анатомияның кейбір окулыктарында бұлшык еттердің (мүше ретінде) мио- 
томдардан немесе мезенхимадан дамуы бойынша жіктелуін кездестіруге бо- 
лады.
Мезенхиманы эмбрионалдык дәнекер тіні ретінде санау кисынды болар 
ма екен, өйткені оның жасушалары әлі тіндерге тән негізгі қасиеттердің 
бірі — өзіне тән қызметке ие емес. Олар дәнекер тінінің фибробласттары 
сиякты коллаген, эластин, гликозаминогликандарды түзуге қатыспайды, ми- 
оциттер тәрізді жиырылмайды, эндотелиоциттер тәрізді заттардың екі жакты 
тасымалдануын камтамасыз етпейді. Олардың морфологиялык тұрғыдан бір- 
бірінен айырмашылығы жок және де мезенхиманы жалғыз эмбрионалдык ба- 
стама ретінде санауға болар ма екен: ұрықтың дамуы барысында оның ішіне


5.2. Тіндердің дамуы (эмбрионалдық гистогенез)
117
орын ауыстырған жасушалардын көбі жеткілікті детерминацияланған түрде 
келеді.
Мезенхиманың кұрамында промиобласттардың және миобласттардың 
(сомиттерден бөлінген), меланоциттердің ізашарларының және бүйрек үсті 
бездерінін милык затының жасушаларының, АПУД-жүйесі жасушаларының 
(жүйке айдаршасынын сегменттерінеп бөлінген), эндотелийдің ізашар 
жасушаларының (спланхнотомдардан бөлінген болуы керек) және т.б. 
орын ауыстыруы жүреді. Жасушалар орын ауыстыра және бір-бірімен тіке 
байланыска немесе химиялык аракатынаска ене отырып, өздерінін детерми- 
нациясын талдап тәптіштей алады деп жорамалдауға болады.
Кандай жағдай болса да, мезенхима тұтас эмбрионалдык бастама деп 
санауға келмейді. Эпигеномды түсінік шеңберінде оны гетерогенді кұрылым 
ретінде карастыру кажет. Морфологиялык белгілері түрғысынан мезенхима 
жасушалары ұксас болғанымен, эпигеномдык мағынада түрсіз де, бірдей де 
емес. Мезенхима жасушалары көптеген тіндердің даму көзі болғандықтан, оны 
плюри- немесе полипотентті бастама деп атайды. Мүндай түсінік бастамалар 
туралы, олар коммитацияланудын едәуір дәрежесіне жеткен жасушалардын 
топтамалары, деген көзкарасқа карама-карсы келеді. Мезенхиманы тұтас 
бірегей бастама деп мойындау оны келесі: каңқалык, бұлшык ет, кан, бүйрек 
үсті бездерінің милык затының безді эпителийі және т.б. тіндермен бір топка 
жаткызуды білдірер еді.
Жоғарыда айтылғандай, кандай тін болса да гистогенетикалыктипіне және 
касиеттеріне сипаттама беру үшін оның ұрык жапыракшаларынан дамуы ту­
ралы ғана айту жеткілікті емес. Сол сиякты кандай тін болса да мезенхима- 
дан дамиды деген жорамалдың маңызы аз. Мезенхима жасушаларының орын 
ауыстырғаннан кейінгі тағдыры — нактылы мүшелердің кұрамында нактылы 
тіндердің жасушаларына дифференциялану. Осыдан кейін ол бұрынғы мезен­
хима түрінде жоғалады. Сондыктан, мезенхималык резерв туралы концепци- 
ялар дүрыс емес. Дефинитивті тіндердің кұрамында не бағаналы, не ізашар 
жасушалар калуы мүмкін, бірак, олар енді детерминацияланған гистиотиптік 
касиеттері бар жасушалар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   279




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет