Емделуші психикасының ерекшеліктері. Аурудың ішкі көрінісі

бет4/5
Дата02.10.2023
өлшемі1,4 Mb.
#112424
1   2   3   4   5
Байланысты:
sabaq-kz attachment emdelush-psihikasyny-erekshelkter.-aurudy-shk-krns.

МІНЕЗДІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ: Сырқатқа деген субъективті жауап беру науқастың отбасындағы тәрбиесіне,соның ішінде ауыру сезіміне төзімділік,шыдамдылық,жас баланың денсаулық параметрлеріндегі иерархиялық қасиеттеріне байланысты.Отбасында баланың денсаулығында қандай да бір өзгерістер туған жағдайда пайда болған өзгерістерге қоршаған адамдардың барлығы да назар аударуы керек деп бала тәрбиеленеді. Отбасылық дәстүр ауруларды ауырлық дәрежесіне қарай жіктейді.Мысалы, егер отбасында бір дерттің әсерінен дүниеден өткен адам болса,сол ауру ең ауыр дерт деп саналады.

Аурудың ішкі бейнесіне келесі факторлар әсер етеді:

Аурудың ішкі бейнесіне келесі факторлар әсер етеді:

қолайсыз жағдай
науқастың өз денсаулығын өзі бағалауы,ауруын қабылдап өз ролін атқаруы
ауруға реакциясы
ауру себептерін білуі
әлеуметтік жағдайына байланысты дертке әртүрлі реакция беруі

Аурудың ішкі бейнесінің деңгейлері:

1 деңгей – сенситивті-ауырсыну сезімдерінің жинақтамасы. Ағза жұмысының бұзылуы салдарынан адамда әдеттегіден тыс белгісіз бір сезіну пайда болады. Бұл сезінулер соматикалық аурулардың жаршысы ретінде білініп, дискомфорт жағдайын тудырады. Сондықтан , адамның психофизиологиялық тонусының өзгеруі соматикалық аурудың алғашқы белгісі болуы мүмкін. Бұнда жалпы субъективтік сезінулермен қатар, жергілікті дискомфорт та дамуы мүмкін. Мысалы, жүрек, асқазан және бүйрек тұсында .Дерттің әрі қарай дамуына байланысты дискомфорт жағдайы ауырсыну сезіміне ауысады.

2 деңгей – эмоционалды – аурудың симтомдарына, аурудың өзіне және салдарына науқастың реакциясы және жауабы. Ауру сезіміне байланысты дамыған қорқу эмоциясы салдарынан, бір топ эмоционалдық реакциялар пайда болады: үміттену сезімі, қайғырып уайымдауы, үміт үзуі, күдер үзуі, күйзелуі т.б . Бұл эмоционалдық феномендер, аурудың ішкі бейнесінің эмоционалдық феномендер,аурудың ішкі бейнесінің эмоционалдық компонентін құрастырады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5

©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет