бұлшық еттерінің кейбіреулері қабынып, іспектеліп кетеді. Иық буыны ауырған адамдар оны
көпшілікке танымал ревматизм немесе полиартрит деп шатыстыруы да мүмкін.
Остеохондроз болғанда омыртқа арасынан, желке тұсынан шыққан жұлынның талшықтары
қысылап қалса, жүрек тұсы шаншады. Кейбіреулер оны инфаркт не
стенокардия ауруымен
шатастырып, дәрі іше бастайды. Тек бұған тән бір жәй – электрокардиография жасағанда жүректен
ешбір ақау табылмайды және қолданған дәрілер (валидол, нитроглицерин) көмек бермейді. Біраз
қимыл-қозғалыс жасап, көңілін ауласа жүрек шаншуы басылып қалады.
Мойын омыртқа остеохондрозында миды қоректендіріп тұрған қан тамырлары қысылып, 12
пар ми сүйегімен мидың нервтері зақымдануы мүмкін. Мұнда неше түрлі белгілер білінеді. Бас
ауырады, айналады, вестибулярлық өзгерістер байқалады, көзге, жұтқыншаққа да әсер етеді. Бас
желкеден тартып ауырып, кейде лоқсып құсады. Бейне бастың сақинасы ұстағандай болады.
Вестибулярлы өзгерістер кезінде адам тепе-теңдіктен айырылып, түзу жүре алмайды.
Әсіресе транспортқа отырып түскен кезде бір жағына жамбастап кетіп қалатын уақыт болады.
Жұтқыншақ белгісі сирек кездеседі. Онда адам жұтынғанын, тілдің ішінде дәмді сезбейтін
жағдайға тап болады. Ауру асқынған кезде дауыс шықпай, қырылдап қалады.
Сонымен
қатар адамда әлсіздік, тез ашулану, өкпешілдік, қорқыныш, абыржу, ұйқының
бұзылуы, ұмытшақтық, көңіл-күйдің, мінездің өзгеруі байқалады. Осының бәрі желке
остеохондроздың симпатикалық белгілері.
Бел омыртқа зақымдану ересектер арасында жиі кездеседі. Екінің бірі осы аурудың белгісін
өзінен тауып жатады. Әйтседе радикулит белгілері көбінесе ер адамдар арасында (20-40 жаста) жиі
кездеседі.
Ең алғашқы белгісі – белдің ауруы. Бұл күтпеген жерде кенеттен ұстап қалады (люмбага)
немесе ұзақ уақыт сыздап ауырып жүреді (люмбалгия).
Кенет ұстап қалатын түрі бел бұлшық еттерінің
бірден қатты жиырылып, шымырланып
қалуы себебінен. Ол ауыр жүк көтергенде, шұғыл қимыл жасағанда, қатты жөтелгенде, түшкіргенде,
зорланғанда болады. Қақсап не сыздап ауыру тек белдің тұсында байқалады, басқа жаққа берілмейді.
Ұзаққа созылған люмбалгия түрінде ауыратын нүктені көрсету қиын. Ол отырып-тұрған
кезде, не шамадан тыс ауыр жұмыс атқарғанда ғана білінеді. Қалай ауырсада, оның негізгі себебі –
бел-омыртқа арасындағы шеміршектің кеселі. Соның әсерінен бел және сегізкөз тұсынан нерв
талшықтары түбінен қысылып, адамның жағдайын кетіреді.
Радикулитке (құян) тән белгілері: бел тұсының ауруы,
оның сезімталдығы, өткізгіштігі,
қозғалтқыш-қимылдатқыш қасиеттерінің төмендеуі болып саналады. Нерв түбі қысылғанда, белдің
тұсы удай ашып, дуылдап күйдіргенде, түйрегендей шаншып ауырады. Ол тек бір жерде топтаспай,
бөксемен ұршыққа, санға, аяққа, тіпті өкшеге дейін беріледі.
Осындай қатты ауырғанда науқас қалай да бір ыңғайлы жағдай іздейді. Ондай жағдай әр
түрлі болады. Мәселен,
шалқадан жатып, тізені бүгіп бауырға жинап, сондай-ақ, қырымен етпеттен
немесе еңбектеп тұрса, ауырғаны сәл басылып, жанға сая табылады.
Бұл жағдайлар жұлыннан шыққан нерв талшықтарын босатып, белдің ішке қарай майысуын
азайтады.
Радикулит белгісі білінген остеохондроз ауруынан кейін адамдар сол тынымын алған жерді
босаңсыту үшін бір жағына қисайып, не еңкейіп жүреді. Бұлшық еттердің,
нерв талшықтарының
қабынуы біржола басылғанда, адам бұрынғы қалпына келеді. Дегенмен уақытында емделмесе,
созылмалы түріне айналуы ықтимал.
Мұнан кейін – бел тұсындағы сезімталдық қасиеттің кемуі байқалуы мүмкін. Ол көбіне
аяқтың басында білінеді. Өйткені белден, сегізкөзден шыққан нерв талшықтары аяқты қамтамасыз
етеді. Мұндай кезде бөксе,
жіліншік, табан бұлшық еттері солып, семіп қалуы да ықтимал. Бұл
қозғаушы күштің кемуінен.
Остеохондроздың осы аталған белгілерінде вегетативті өзгеріс те байқалады. Мәселен, аяқ-
қол іспектеліп, көгілдір тартып, терлеп, тері түлеп, құрғап, тырнақ өсіп, денені түк басып кететін
кездері болады. Аурудың асқынатын және бәсендейтін кездері бар.
Енді осы індетті емдеуге көп күш салу керек. Оған дәрі-дәрмек, ортопедиялық ем, инемен
емдеу, массаж және дене тәрбиесін қолданады.
Емдік гимнастика ауру асқынған кезде ғана емес, оның алдын алу үшін де кеңінен
пайдаланылады. Дене тәрбиесін тағайындағанда әр адамның жеке басының ерекшелігіне, жасына,
жынысына, аурудың шоғырланған жеріне, оның кезеңіне баса назар аударады.
Достарыңызбен бөлісу: