«емдік дене тәрбиесі. Массаж» ПӘнінен дәрістік материалдар модуль Емдік дене тәрбиесі



Pdf көрінісі
бет12/94
Дата29.01.2022
өлшемі0,86 Mb.
#24534
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   94
 

    


 

 

 



 


1.3. 

Тақырып: «Тыныс мүшелері мен асқорыту ауруларында қолданылатын ЕДТ» 

 

Дәріс  мақсаты    тыныс  алу  және  асқорыту  мүшелері  ауруларының  клиникалық  белгілерін 

білуді және емдеу әдістерінің ерекшелігін оқып білу. 



 

Дәріс жоспары: 

1. 


Тыныс жүйесі ауруларының негізгі белгілері. 

2. 


Тыныс жүйесі ауруларының жедел және созылмалы ЕДТ жүргізілу ерекшеліктері. 

3. 


Асқорыту мүшелері ауруларының клиникасы. 

4. 


Зат алмасуы мен асқорыту жолдары ауруларындағы ЕДТ әсер ету механизмдері. 

 

Тыныс жолдары аурулары 

       Тыныс жолдары мен өкпе аурулары балалар мен жасөспірімдер арасында жиі кездеседі. Ал 

туберкулез  сияқты  қауіпті  ауру  үлкен  адамдарға  да  тән.  Кездесетін  індеттер  өңештің  қабынуы, 

бронхит, өкпе қабынуы, плевроның қабынуы демікпе, туберкулез т.б. 

       Осы  аурудың  пайда  болуына  әсер  ететін  жағдайлар  көп-ақ,  соның  ішінде  сырттан  түсетін 

микробтар, түтін, шаң-тозаң, улы газдар, өндірістегі зиянды қалдықтар, суыққа шалдығу организмнің 

әлсіреуі, құнарсыз тамақ т.б. үлкен зиян келтіреді. 

       Аталған  ауруларға  тән  белгілері  бар.  Ол:  жөтел,  ентігу,  қақырық  түсу,  ыстығы  көтерілу, 

әлсіздік  пайда  болу  сияқты  белгілер.  Уақытында  емделмей,  асқындырып  алса,  аурудың  қандай  түрі 

болсын  дем  жетіспейтін  жағдайда  ұшырайды.  Ал  оның  өзі  денеде  оттегінің  тапшылығына 

көмірқышқыл  газының  көбеюіне  әкеп  соғады.  Тек  газ  айналымы  емес,  зат  алмасуы  да  бұзылып, 

кеуденің қозғалысы кеміп, өкпе серпімділігінен айырылып, үлкен зиян шегеді. 

       Емдік  гимнастика  басқа  әдістермен  қосыла  отырып  қимыл-қозғалыс  арқылы  тыныс  алу 

мүшелерін  байланыстырады.  Тірі  адам  дем  алмай  отыруы  мүмкін  емес,  ал  ол  механизм  бұзылса, 

адамға әр түрлі қиындық бірден сезіледі.  

       Берілетін жаттығулар ең алдымен кеуде,  іш бұлшық еттеріне әсер етеді, одан соң сол кеуде 

қуысының  қимылын  ыңғайлайды,  тыныс  алуды  реттейді.  Мұның  бәрі  жоғарыдакөрсетілген  емдік 

гимнастиканың механизмдеріне тікелей байланысты. 

       Көпке  мәлім  жаттығулармен  қоса,  мұндай  ауруға  арнайы  тыныс  алу  жаттығулары  беріледі. 

Мәселен, науқас дема лудың тереңдігін, жылдамдығы ең қадағайлы. Ол үшін әр түрлі  буын сөздері, 

арнайы  әріптерді  созып  айтады,  сонда  шығарылған  дем  ұзақ  болады.  Мұның  да  үлкен  мәні  бар.  Ал 

плевра қабығында, туберкулез не өкпелден бронхының тармақтары кеңіп, ішіне ірің (қақырық) толып  

кеткенде өздігінен шықпайды. Сондықтан оған арнайы дренажды (кәріз жаттығулар) қолданылады. 

       Пневмония  -  өкпенің  қабынуы.  Денеге  микроб,  вирус  түскенде  болады.  Індет  жедел, 

созылмалы түрде өтеді. Олардың әрқайсысы өзінше әсер етеді. Бұлардың барлығында білетін белгілер 

жоғарыда айтқандай жөтел, ентікпе, ыстық көтеріліп, жүрек-тамыр қызметі нашарлайды. 

       Ауру адамның ыстығы түсіп, жағдайы дұрысталған соң 2 күннен кейін емдік гимнастиканы 

қосады.  Гигиеналық  және  емдік  гимнастика  өкпенің  дем  алуын  жеңілдетіп,  өкпеге  дәнекер  ткань 

(тыртық) жабысып қалмас үшін қолданылады. Науқас төсекте жатқанда тыныс алудың қадагалайтын 

жаттығулар  беріледі.  Содан  соң  ауырған  өкпе  жағына  аунатып  тыныс  алғызады.  Жаттығулар  10-12 

минутқа созылады, содан соң біртіндеп аурудың басын көтеріп отырғызып, саусақтарды қимылдатады.  

       Екінші-үшінші  режимде  берілетін  күш  біртіндеп  көбейеді.  Оның  екпіні,  ұзақтығы, 

қайталануы  өзгеріп  отырады.  Жаттығулардың  ұзақтығы  25  минутқа  созылады:  отырып,  тұрып, 

денедегібұлшық  еттерге  салмақ  түсіре  созып,  иіліп,  әр  түрлі  қимылдар  жасайды.  Қандай  қимыл 

жасалғанымен дұрыс терең дем алуды қадағалайды.  

       Ақырғы  –  бос  режимде  жүру  әдістеріне  көңіл  бөледі,  снарядтарда  гимнастика  орындалады, 

таяқпен, доппен жаттығулар жасайды.  

       Өкпе, бронхы қабынған кезде, спортпен  тек 2-4 аптадан соң айналысады. Тыныс жолдарын, 

өкпені шынықтыру үшін таза ауада көп болу керек. Мәселен, туристік жорыққа шығу, қайықта жүзу, 

коньки  тебу,  суда  жүзу,  велосипед  тебу  т.б.  Аурудан  мүлде  сауығу  үшін  күнге  қыздырынып,  ауа 

ваннасын, суды көп қабылдаған дұрыс.  

       Плеврит – көкіректің ішкі бетін, өкпенің сыртын астарлап тұратын сірі қабықтың қабынуы. 

Бұл пневмония сияқты аурудың асқынған кезінде кездеседі.  




       Сырқаттанған  адам  көкірегіне  шаншу  қадалып,  ентігіп  жөтеліп,  әлсірейді.  Плеврит  құрғақ 

және экссудатты болып (жиылған сұйық зат) екіге бөлінеді. Қандай түрі болса да екі қабықтың арасы 

жабысып бітіп қалмас үшін емдік гимнастика беріледі. 

       Жаттығулар  қан-лимфа  айналысын  жақсартып,  дәнекерлі  ткань  қалыптасып  қалмауын, 

дұрыс дем алуын қамтамасыз етеді. 

       Жаттығулар ұзақтығы 8-10 минут, кейіннен 30-40 минутқа дейін созылады.  

       Жұқа  плевра  қабығы  қабынған  соң  беріш  болып  бітіп  қалады,  соны  тарату  үшін  ептеттен, 

шалқадан жатып, отырып, түрегеп тұрып жанжаққа иіліп, бұрылып әр түрлі жаттығулар жасайды. 

       Демікпе  –  инфекциялы аллергиялық ауру. Оны қоздырушы микроб болса, аурудың өрбуіне 

ықпал жасайтын басқа көптеген факторлар. Адамды тұншықтырып, дем жеткізбей қысады. Ол бронхы 

еттерінің кенет тарылуынан болады. Оған себеп болатын өзімізді қоршаған сан алуан заттар. 

       Қазіргі кезде адамның жүйке тамыры тозғыш,  өте сезімтал болып кетті. Сондықтан әр түрлі 

гүлдер. Шөптер, дәрілер, үйдің кітаптың шаңы, жеміс-жидектер, жүн-жұрқа, темекі, құырған майдың 

иісі т.б. толып жатқан заттар аллергендер болып кездеседі. Осындай заттарға қарсы дененің білдіретін 

тітіргенгіш  әсерін  –  аллергия  дейді.  Ал  демікпе  болса  аллергиялық  аурудың  бір  түрі.  Адам  қатты 

қысылып тұрған кезде арнайы жаттығуларды қолданса, құтқарып алуға болады.  

        Емдік гимнастиканың негізгі мақсаты – науқасты қалпына түсіріп, бронхыларды босаңсыту, 

тыныс алуын қадағалап, кеуде қимылын арттыру. 

        Демікпеге  арнайы  жаттығулар  қолданады.  Бірақ  демікпенің  ұстамасы  ұстаған  кезде,  адам 

сасқалақтап өзінен-өзі тұншығып қалады. Олай болмас үшін демді сыртқа шығаруды созып ұзартады. 

Ұстама болмаған кезде арнайы тыныс алу жаттығулары қолданылады. Олар: дауыссыз С, З, Ш, Щ, Ж, 

Р  және  дауысты  У,  Е,  И,  А  дыбыстарын  демді  ішке  тартып,  сыртқа  шығарған  кезде  созып  айтады. 

Мұнда адам өз дем алысын ғана реттеп қоймай, өкпенің жұмысын арттырып, көңіл-күйін де басады. 

Алғашқы кезде дыбыстарды 5-7 секунд созады, одан кейін біртіндеп 15-20 секундқа жеткізеді.  

       Ауру дыбысты 15 секунд созып, демін жеткізген соң, келесі жаттығуларға көшеді. Ол екі, үш 

әріпті қосып айтып, содан соң, дауыссыз дыбыстың аяғын дауысты жалғастырады. Мәселен, БРУУУУ, 

ПРУУУУ, ШРОООО, ТРОООО т.б. 

       Бір дыбыс екінші қосымша дыбысты жалғап әндетіп айтады: Бр, Вр, Гр, Др, Жр, Кр, Пр, Шр, 

Хр.  Жаттығулардың  соңында  бір  дыбысты  ортасында  айғайлап,  үндірек  шығарады.  Мысалы:  СССС, 

СССС-сссс,  Шшшшш,  Иииии,  Драааа,  Ааааа  т.б.  Сабақ  қызықты  өту  үшін  бір  әріпті  төрт  рет 

қайталайды, ал ысқырып шығатын дауысты дыбыстарды бір реттен. Мәселен, СССС, ЗЗЗЗ, ШШШШ 

немесе  БрИИИИ,  БрЕЕЕЕ,  ДрОООО,  ПрУУУУ  немесе  дауысты  және  дауыссыз  дыбыстарды 

араластырып айтады: ГраАААА, ЖЖЖЖ, ПрИИИИ, РРРР.  

       Бұл  әріптерді  айтқанда  кілт,  тез  қайтармай  ақырын,  созып  айтады.  Демді  ішке  алғанда  да, 

сыртқа шығаратын кезде де мұрын арқылы дем алу керек. Сол сияқты демді  ішке тартқанда кеудені 

керіп, басты тік ұстаса, сыртқа шығарған кезде бастытөмен салбыратып, ішті тартады. 

       Науқастың  тыныс  алудың  реттеген  кезде  іштегі  көк  ет  шымырланып,  тартылып,  өкпенің 

сыйымдылық  қасиеті  артады.  Аурудың  жағдайына  байланысты  6-12  жаттығулары  болу  керек. 

Жаттығулар жарық, ауасы кең бөлмеде немесе бақша ішінде, далада жасалады.  

       Жаттығулар  3-4  рет  қайталанады.  Оның  мөлшері,  қарқыны  адамның  жасына,  аурудың 

кезеңіне байланысты. Әр жаттығудан соң 20-60 секунд үзіліс болады. 

       Демді  толық  сыртқа  шығару  үшін  екі  қолмен  кеудені  қысып,  іштің  көк  етін  басады. 

Мұрынның бір жақ желбезегінен, тістеніп тұрып тістің арасынан, түтікше арқылы суға үрлеп, резина 

ойыншықтарды үрлеп дем шығаруды ұзартуға болады. 

       Осының  бәрі  демікпе  ауруына,  бронхитте  және  эмфиземада  (өкпенің  кеңуі)  кеңінен 

қолданылады. 

       Сол сияқты дене шынықтыру түрлерін кеңінен пайдаланған дұрыс (ауа, күн, су, шаңғы т.б.). 

       Туберкулез  – жұқалы өкпе ауруы.  Қоздырғышы Кох  таяқшасы (бактериясы). Алғаш ашқан 

ғалым Т. Кох болғандықтан, осылай деп аталады. Ол таяқшалар организмге тыныс мүшелері арқылы 

еніп,  денеде  өсіп-өніп  көбейе  бастайды.  Ал  сыртқа  сікелей,  түкірік,  қақырық  арқылы  шығады. 

Қоршаған ортаға, адамдарға өте қауіпті.  

       Адам  әлсіреген  кезде  тез  жұғады.  Туберкулездің  дамуына  қараңғы,  ылғалды,  суық  үй-жай, 

құнарсыз тамақ, ішетін судың нашарлығы, әр түрлі шаң-тозаң, химиялық заттар үлкен әсерін тигізеді. 

       Өкінішке  орай,  Қазақстан  туберкулез  ауруынан  бірінші  орында.  Ол  індет  республиканың 

барлық  облыстарында,  әсіресе  Батыс  Қазақстанда  жиі  кездеседі.  Мәселен,  Қызылорда,  Атырау 

облыстары  сияқты  жерлерде  таза  судың  тапшылығынан  экологияның  бұзылуына,  тағамдарында 




витаминнің  жетіспеуінен  ауыр  тұрмыс  жағдайларынан  басқа  көптеген  індеттермен  бірге  туберкулез 

жиі  кездеседі.  Алматыда  ғылыми  зерттеу  туберкулез  институттары  бар.  Олар  дәрігерлерден  арнайы 

топтар ұйымдастырып, жылына бірнеше рет сол облыстарға шығып көмек көрсетеді. Дегенмен жерін, 

суын, қошаған ауасын жөндемесе тек дәрігерлердің көмегіне болады.  

       Институтқа  үлкендер  ғана  емес,  кішкене  сәбилерді  де  әкеліп  емдейді.  Оларға  ата-анасынан 

жұғады немесе іштен дімкәс тууы мүмкін. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   94




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет