«емдік дене тәрбиесі. Массаж» ПӘнінен дәрістік материалдар модуль Емдік дене тәрбиесі



Pdf көрінісі
бет87/94
Дата29.01.2022
өлшемі0,86 Mb.
#24534
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   94
Жүректің ишемиялық ауруы. 

Жоғарыда көрсеткендей, жүректің мұндай науқасына миокард инфаркті стенокардия, 

каронаросклероз, сияқты аурулар жатады. Оның себебін кітаптың арнайы бөлімінде айттық. Ең негізгі 

себеп – эмоциялық факторлары. Куану, ренжу, ашулану, қорқу,  сүйсіну, массаттану, уайымдау, осы 

сияқты көңіл күй жағдайларындағы құбылыстар эмоцияғп жатады. 

Эмоцияның қандай түрі болмасын іс әрекет түрінде жүріп тұрғанда олар денеде өзіне тиесілі 

физиологиялық өзгерістер туғызады.белгілі бір дәрежеде ішікі ағзалардың (жүректің, асқазанның, т.б.) 

қызметін бұзады. 

Ұзақ уақыт жиі қайталана берген теріс эмоциялық құбылыстар қан қысымын көтереді, жүрек 

инфарктын дамытады, асқазан жарасының пайда болуына дәнекерлік жасайды. 

Оның үстіне соңғы ондаған жылдар ішінде жүрек пен қан тамырлары, аурулары ерекше көбейіп 

отырғаны байқалады. Сондай-ақ казір 25-30жастағы адамның миокард инфарктіне ұшаруы да сирек 

кездесетін құбылыстар емес. 

Еңбекке қабылеті мол , тепсе темір үзетін азаматтың мүгедек болуы немесе қазаға ұшырауы 

осы бір қауіпті аурудың кеселі. 

Инфаркте псиогендік факторлардың әсері аса зор, себебі, бұл ауру көбіне тікелей көңілдің 

қатты толқуынан немесе аса қатты реніш – күйініштерінен кейін пайда болады.   

Эмоциялық қозғауға жауап ретінде мүлде сап сау тамырларының өзі де біраз уақытқа дейін 

тарыла бастайтынын жануарларға жүргізілген тәжірибелер дәлелдейді.  

Нервтік – психикалық тонустың көтерілуі қан ұюының жоғарлай түсуімен қатарлай жүреді.  

Сонымен жүрек ишемиялық ауруына бір емес бірнеше факторлардың ісер ететіні белгілі болды. 

Соның ішінде теріс эмоцияның орны ерекше. Енді бұл аурулардың белгілеріне тоқталмай, массаж 

тәсілдерәне көшейік. Массаж жүрек ауруы бәсеңдегенде ыстығы төмендеп, лабораториялық 

көрсеткіштер қалпына келгенде, дәлірек айтсақ 3-4 күннен кейін  соң басталады.   

Кейінгі жылдары миокард инфарктіне шалдыққан ауру реанимация бөлімінде жатқан кезінде – 

ақ массаж алуды. Ол үшін аяқ қолдың ұсақ буындарын бұлшық еттерін сипап ысқылайды. Ал аяқ – 

қолдың қоңды еттеріне мүмкіндігінше жұмсарту тәсілін қолданады. Массаж 3-5 минуттан басталып 

күнделікті 1 минуттан қосып отырады. 

Массаж жасағанда аурудың көңіл күйіне назар аударып тамыр соғу жиілігін қадағалап отырған 

жөн. Массаждың кейбір тәсілдері тек тамыр соғуын жиілетіп қоймай, қан қысымын  өзгертуі ықтимал. 



Сондықтан жан жақты бақылау жүрек ауруына ешқандай артықшылық жасамайды. Массаж негізінде 

8-10 күнге созылады. Тек ұзақтығы 7-10 минуттан аспаған жөн. 

Науқас ауруханадан щыққан соң үй жағдайында массажды әрі қарай жалғастыруына болады. 

Онда арқа , аяқ – қол, бөксе, коң еттеріне массаждың барлық белгілі тәсілдерін қолдануға болады. Тек 

алғашқы күндері соққылау , сілікілеу, дірілдету, сияқты тәсілдерін тежеп тұрған дұрыс. 

Жасалған массаж денедегі қан айналымын  жақсартып жүректің әлсіреген бөлігіне күш береді. 

Аурудың лабороториялық көрсеткіштері жақсы болса жүрек тқсы шанышпаса өзін сергек  сезінсе , тек 

бұлшық еттерге ғана емес , жүрек тұсына пунктирлі сызықша – ретінде, сипау тәсілдерін қолданып 

массаж жасалады. Осының бәрі адамды дене еңбегіне , үй шаруасына дайындап, жүрек қызметін 

арттырады. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   94




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет