«емдік дене тәрбиесі. Массаж» ПӘнінен дәрістік материалдар модуль Емдік дене тәрбиесі



Pdf көрінісі
бет88/94
Дата29.01.2022
өлшемі0,86 Mb.
#24534
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   94
 

Тыныс мүшелері аурулары. 

Соңғы  жылдары  е  арасында  жиі  кездесіп  жүрген  індеттің  бірі  –  демекпе  .  оның  қалай,  неден 

пайда  болатынын  арнаулы  бөлімде  айтып  кеттік.  Дегенмен  айта  кететін  бір  жай,  жыл  сайын  осы 

ауруға  әсер  ететін  заттар  көбейіп  келеді.  Әлде  адамдар  өте  сезімтал  болып  кетті  ме,  айтеур  демікпе 

ауруына себепші аллергендер көп-ақ: тіпті тек тамақтың өзі (кофе, шай , щабдал, жұмыртқа, конфет, 

апельсин, мандарин т.б.) өндіріс қиқымдары .... лас ауа....т.б. 

Осы аталған заттар тыныс мүшесіне түсе қалса адамның берекесі қашып, жөтеліп, іштегі ауаны 

сыртқа шығара алмай тұншыға бастайды. Ол кезде бронхы бұлшық еттері кенет қысылып, ауа өткізбей 

тастайды.  

Бұл  аурудың  да  төркіні  психогендік  фактор  енемес  көңіл  күйге  байланысты  дейміз.  Қатты 

ашуланып ренжісе , не суыққа қалып мұздаса ауру асқынып дененің сезімталдығы артып кетеді. 

Демікпе ұстамасы бірнеше минутқа созылады, адам аласұрап өзіне жайлы жағдай іздеп, еңкейіп 

екі қолмен ұстауға тіреледі. Дем алу қиындайды: кеудесі сырылдап, қатты қиналады.      

Осындай  жағдайда  ауруды  отырғызып  көңілін  жұбатады,  одан  соң  иықтың  үстін,  кеудені, 

қабырғааралық  бұлшық  еттерін  жайлап  бірнеше  рет  сипайды.  Көкіректі  жылылап  орап  тастаған  да, 

компресс пайдалы. Ұстама өткен соң массаждың ысқылау, жұмсарту тәсілдерінің  әр түрін қолданады.   



Бронхит  –  бронхылардың  қабынуы.  Негізгі  себебі  вирустың  тыныс  мүшесіне  мұрын  арқылы 

енуінде.  Ал  оған  көмекші  себептер  –  суыққы  шалдығуғ  үзбей  темекі  шегу,  мұрын  қуысының 

науқастануы  немесе  мұрын  шеміршегінің  зақымдануына  ауаның  дұрыс  өтпеуі.  Өзінің  ағынына 

байланысты екіге бөлінеді жедел және созылмалы. Ауа райы салқындағанда асқынып барлық белгілер 

біліне бастайды.  

Мұндай  науқасқа  массажды  арқаның  бұлшық  еттеріне,  қабырғааралық  бұлшық  еттерге 

«эфмакон.. золотая звезда ... тигровая мазь » сияқты майларды теріге сіңіре отырып жағып сипайды, 

алып көбінесе ысқылаған, жұмсартқан және қақырық түсу үшін соққылаған өте пайдалы.  

Кішкене  сәбилер  үшін  қойдың  тұздалмаған  құйрық  майы  таптырмайтын  дәрі.  Массаж  тек 

температурасы  түскеннен  соң  ,  қант  көрсеткіштері  қалпына  келгенде  ғана  жасалады.  Әйтпесе  ауру 

адам,  көтере  алмай  әлсіреп  қалуы  ықтимал.  Қабырғааралық  аймаққа  әсер  еткенде  саусақтардың 

ұштарымен  тырма  секілді  әдісті  қолданып  сипайды,  ысқылайды,  штрихтайды.  Алдымен  арқаны, 

желкені, кеудені, қолды күштірек батырып массаж жасап алады. Содан соң жауырын асты, қолттыққа, 

қабырға аралық аймақ, екі қапталға жасайды.  

Мұның  өзі  тек  бұлшық  еттер  емес  ,  ішкі  тыныс  мүшелерінің  қан  айналысын,  лимфа  ағынын 

жақсартып,  жналған  қақырықтың  сыртқа  шығуына  қабынған  жердің  біртіндеп  жазылуына  ықпал 

жасайды. 

 Массаждың  осы  тәсілдері  өкпе  қабынғанда  және  плеврит,  эмфизема  ауруларында  кеңінен 

қолданылады. Массаждың мөлшері 12-15 минут, ұзақтығын 10-15 күнге  дейін жеткізуге болады. Тек 

науқастың дұрыс тыныс алуын қадағалап отыру керек.  





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   94




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет