Емдік тағамдардың сипаты



бет1/3
Дата14.06.2023
өлшемі22,41 Kb.
#101182
  1   2   3
Байланысты:
ЕМДІК ТАҒАМДАРДЫҢ СИПАТЫ


ЕМДІК ТАҒАМДАРДЫҢ СИПАТЫ
№ 0 емдәм
Көрсеткіштері: емдік тағамды тағайындау ас қорыту жүйесіне операция жасалғаннан кейін бірінші күндері, ал басқа да каматозды жағдайда (бас миының жарақаттануында, қызбада (лихорадка), инсультте.
Жалпы сипаттамасы: емдік тағам сұйықтықтан тұрады, қоймалжың, кілегейлі қайнатпа, жеңіл ет сорпасы, сұйық ұсақталған ботқа (каша), кисел және т.б.
Тамақтану тәртібі: тағамды үзу үлесі (дорбными порциями) бойынша жиі-жиі береді. Емдік тағам тағайындалуы, әдетте бірнеше күнге созылады.
№ 1 емдік тағам
Көрсеткіштері: асқазан және он екі елі ішек ойық жарасының ұстама кезеңдерінде, созылмалы гастриттің секреторлық қызметі сақталған ұстама кезеңінде.
Жалпы сипаттамасы: асқазан сөлінде қоздырғыш заттарды болдырмау. Тағамды көбінесе ұнтақтап пісірген немесе булаған күйде береді. Құнарлығы қалыпты және «А» мен «С» витаминдері көп, ақ уыз, май, мен көмірсу бір келкі болып келетін қалыпты емдәм.
Қабылдайтын тағамдар: бір күн пісірілген бидай наны, печенье, кептірілген нан, сүт, сүт қатқан шай, қаймақ, сүт қосылған кофе, какао ірімшік, сары май, тазартылған зәйтүн, күнбағыс майы, 2–3 шала пісірілген жұмыртқа немесе омлет, сүттен жасалған сорпа, ұнтақталған жармалар ботқасы, күріш ботқасы, майсыз ет, жұмсақ жемістер.
Қабылдауға болмайтын тағамдар: қырыққабат, сарымсақ, саңырауқұлақ, шикі жұмыртқа, қара нан, қуырылған тағамдар, арақ-шарап ішімдіктері, балықтын және көкөністен жасалған консервілер, қамырдан жасалған тамақтар, бұршақ, түйе бұршақ, ащы және тұзды тағамдар.
Тамақтану тәртібі: тәулігіне 5–6 рет.
№ 2 емдік тағам
Көрсеткіштері: жедел гастрит, энтерит және колит жазылу кезеңдерінде, созылмалы гастрит секреторлық жетіспеушілігінде, тұрақты ремиссия колит кезеңдерінде қосалқы бауыр аурулары болмағанда, және т.б
Мақсаты: асқазан мен ішектің секрециялық және қозғалыс қызметін келтіруге көмектесу, асқазан-ішек жолын механикалық тұрғыдан сақтау.
Жалпы сипаттамасы:асқазан сөлін бөлуге көмектесіп, бірақ қарынның шырышты қабығын тітіркендірмейтін басқа да заттарын сақтайтын физиологиялық толық жарамды емдік тағам.
Қабылдайтын тағамдар: ақ бидай наны, печенье, кептірілген нан, сүт, сүт қатқан шай, қаймақ, сүт қосылған кофе, какао ірімшік, шала пісірілген жұмыртқа немесе омлет, еттен жасалған сорпа, ұсақтап туралған көкөніс, жақсы піскен жұмсақ жемістер.
Қабылдауға болмайтын тағамдар: саңырауқұлақ, қара нан, бұршақ, түйе бұршақ, ашытылған тағамдар.
Тамақтану тәртібі: тәулігіне 5–6 рет.
№ 3 емдік тағам
Көрсеткіштері: іш қату, созылмалы ішек ауруларында, асқазан, бауыр, өт шығару жолдарының бұзылған аурларында.
Мақсаты: қуыс мүшелерінің созылып, жиырылуын (перистальтиканы) күшейту, ішті босатуды реттеу.
Жалпы сипаттамасы: емдік өсімдік жасаушасына бай және ішектің қызметін күшейтетін тағамдардың мөлшерін көбейту.
Қабылдайтын тағамдар: көкөністер, көбнесе қызылша, минералды сулар, эфирлі майға, холестерині көп тағамдар.
№ 4 емдік тағам
Көрсеткіштері: жедел және созылмалы ішек ауруларының іш өту кезеңдерінде және жылдам болатын диспептикалық бұзылыстарда.
Жалпы сипаттамасы: ішекті механикалық және химиялық тітіркен- діргіштерден қорғау, перистальтика мен ішектің кебу процессін күшейтетін тағамдар бермеу. Бұл емдік тағамның көмегі, ішектің қызметін қалпына келтіру, ол үшін көміртегі мен майларды аз мөлшерде пайдалану.
Қабылдайтын тағамдар: кептірілген нан, шай, күріштен жасалған сорпа, майсыз етті суға немесе буға пісіру.
Қабылдауға болмайтын тағамдар: көкөніс, алма, өрік, саңырауқұлақ, сүт тағамдары, тәтті тағамдар, конфеттер, бал, газды сусындар, тұзды тағамдар.
Тамақтану тәртібі: тәулігіне 4–5 рет.
№ 5 емдік тағам
Көрсеткіштері: созылмалы сары ауру және созылмалы холецистит, өт жолдары қабынғанда, жедел сары ауру және холециститтің жазылу кезеңдерінде.
Мақсаты: бауырдың бұзылған қызметін қалпына келтіруге көмектесу: оған гликогеннің жиналуын; тамақ майын (әсіресе, қиын балқитын) шектеу жолымен май алмасуын қалыпқа келтіруге және липторондық ұйқы безіне әсер ететін заттарды енгізуге; ішектің қызметін реттей отырып, бауырдың улануын азайту; өттің бөлінуін жылдамдату.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет