Емдік тағамдардың сипаты



бет2/3
Дата14.06.2023
өлшемі22,41 Kb.
#101182
1   2   3
Байланысты:
ЕМДІК ТАҒАМДАРДЫҢ СИПАТЫ

Жалпы сипаттамасы: ақ уыз физиологиялық қалыпта, көмірсу мол, май шектелген емдік тағам. Витаминдердің мөлшері көбейтілген.
Қабылдайтын тағамдар: ұсақталған тағамдар, суға қайнатылып немесе буға пісіріліп дайындалады.
Қабылдауға болмайтын тағамдар: холестерині мол тағамдар, қуырылған және майлы тағамдар берілмейді.
Тамақтану тәртібі: тәулігіне 5–6 рет.
№ емдік тағам
Көрсеткіштері : ағзада нукле-протеидтер алмасуы бұзылуынан буындар қышқылды тұздарының шөгіп қалуы (подагра) құяң мен несіп қышқылдар диатезі (мочекислый), эритремия және т.б. аурулар, яғни көрсеткіші бойынша пайдаланбайтын ет және балық тағамдары.
Жалпы сипаттамасы: пуриндік қосындысы көп тағамдар алынып таст- лынады; құрамында сілтілі радикалы (химиялық бір қоспадан екіншісіне өзгеріссіз көшетін молекуладағы атом тобы) бар тағамдар енгізіледі (кө- көністер, жеміс-жидектер, сүт), ас тұз шамалы шектеледі; салмағы артық науқастарда көмірсу шектеледі.
Тамақтану тәртібі: тәулігіне 5 рет; сұйықтықты көп ішу 2–2,5 литрге дейін шай түрінде, жеміс және жидектерден сусын түрінде де, сілтілі су ретінде де қабылдау.
№ 7а емдік тағам
Көрсеткіштері: жедел гломерулонефрит, күріш, алма қабылданғаннан кейін, картоп немесе қант күндерінен кейін; созылмалы бүйректің қабынуы (нефрит) бүйрек әлсіздігі кезеңінде.
Жалпы сипаттамасы: емдік тағамда ақ уыз кенеттен шектелінеді; май және көмірсу шамалы физиологиялық қалыпта; тұзсыз, гипонатрийлі тағамдар (тағамды тұзсыз дайындайды, арнайы тұзсыз нан пісіріледі); натрийдің азық-түлік тағамдарында құрамы 400 мг, яғни 1 г ас тұзды құрайды; бүйрек қызметінің жетіспеушілігінде азот ұстап тұруында дәрігердің тағайындауы бойынша 1–3 г ас тұзы қосылады, сұйықтықтың рұқсат етілуі алдыңғы күндегі соншама сұйықтықтың шығуына байланысты, алдыңғы тәулікте қаншама зәр шығуы.
Құнарлығы мен құрамы: 2500–2600 ккал; ақ уыз 25–30 г; май 80–100г; көміртегі 400–450 г; көп мөлшерде витамин «С» және «В» енгізіледі.
Тамақтану тәртібі: тәулігіне 5 рет.
№ 7 емдәм
Көрсеткіштері: бүйректің жедел қабынуының жазылу кезеңдерінде, соз- ылмалы бүйректің қабынуы несіп қалысының азғана өзгерісінде: гипертониялық ауруларда және бақа да жағдайларда тұзсыз емдік тағам қажетілігінде; нефропатия – жүктілікте.
Жалпы сипаттамасы: тұзсыз дайындалатын емдік тағам, тағамдарды таңдау және кулинарлық өңдеу сипаты №7а және №7б емдік тағамдағыдай, бірақ ақ уыз мөлшері 80 г дейін көтерілуі, асып пісірілген түрінде ет және балық қосылуымен, сондай-ақ сүзбе; тағамда тұздың қосылуы 2 г дейін.
Тамақтану тәртібі: тәулігіне 5–6 рет.
№ 8 емдік тағам
Көрсеткіштері: семіздікте ас қорту жүйесінің аурулары болмағанда, бауыр және жүрек-қантамыр жүйелері арнайы тамақтану тәртібін талап етуде.
Жалпы сипаттамасы: құнарлы тағамдарды шектеу, бастысы көмірсу мен майлы тағамдарды; ақ уыз физиологиялық қалыптан жоғары; көкөністер және жемістер жеткілікті мөлшерде енгізіледі; ас тұзы шектеледі; тағамның дәмін келтіретін және азотты экстракты заттар, тәбетті ашатын қосындылар алынып тасталынады; сұйықтық қабылдау орташа шамамен шектеледі.
Тамақтану тәртібі: құнарлығы аз жеткілікті көлемде жиі-жиі қабылдау, қарын ашқанын тоқтату үшін.
№ 9 емдік тағам
Көрсеткіштері: қант диабеті ацидоз болмауында және қосымша ішкі ағзалар ауруларында.
Жалпы сипаттамасы: ақ уыздың болуы физиологиялық қалыптан жоғары, май және көмірсу орташа шамамен шектеледі; жеңіл қортылатын көмірсу тағайындалмайды; тағамға енгізілетін липотропты әсері бар заттар; тағамдар құрамында көкөністер көбірек болады; холестерині көп тағамдар және тұз шектеледі.
Тамақтану тәртібі: күніне 6 рет қабылдау; көміртегін күн бойына бірің-ғай етіп бөлу; инсулин енгізгеннен кейін және 2–2,5 сағат өткеннен кейін құрамында көмірсу бар тағам қабылдауы керек.
№ 10а емдік тағам
Көрсеткіштері: жүрек аурулары қан айналымының жетіспеушілігі ІІ – ІІІ кезеңдерде; гипертониялық ауруларда қан айналымының жетіспеушілігінде немесе ми қан айналымының бұзылуында; инфаркт миокардасында жедел немесе ұстамадан кейінгі кезеңде.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет