Емдік тағамдардың сипаты



бет3/3
Дата14.06.2023
өлшемі22,41 Kb.
#101182
1   2   3
Жалпы сипаттамасы: ақ уыздың болуы физиологиялық қалыптан төмен, май және көмірсу орташа шамамен шектеледі; барлық тағамдар тұзсыз дайындалады; арнайы тұзсыз нан қабылдайды; сұйықтық қабылдау шектеледі; барлық тағамдар суға немесе буға пісірілген күйінде; ас тұзы тағамдарда 1,5 – 1,8 г.
Тамақтану тәртібі: күніне 6 рет қабылдау, аздаған мөлшермен.
№ 10 емдік тағам
Көрсеткіштері: жүрек-қан тамыр ауруларында (ревматизм және жүрек қыспасы, гипертониялық аурулар, ишемиялық жүрек аурулары), жүйке жүйесінің ауруларында, созылмалы бүйректің қабынуы (нефрит)
Жалпы сипаттамасы: емдік тағамда ас тұзы шектелген (5 г), азотты экстрактивтік заттар және дәмдеуші заттар алып тасталынады; ішек әсерлерін біріңғай етіп ұстап тұратын тағамдар тағайындалады: көкөністер, жеміс-жидектер, құрамында өсімдік жасаушалары бар, сондай-ақ нан ақ бидайдан, қара бидайдан және кебектен пісірілген.
Тамақтану тәртібі: күніне 5–6 рет аздаған мөлшерде, кешкі ас ұйқыдан 3 сағат бұрын беріледі. Жүрек қан-тамыр ауруларында сұйықтық қабылдау 1000-1200 мл-ге дейін шектеледі.
№ 11 емдік тағам
Көрсеткіштері: өкпе туберкулезі ішкі ағзалардың ауруы болмағанда.
Жалпы сипаттамасы: құнарлығы жоғары емдік тағам ақ уыз және витаминдері бар, орташа шамамен май мен көмірсу жоғарлатылған; тағам рационына көп мөлшерде сүт тағамдарын қосады, кальцийі көп; ас тұзын және сұйықтық қабылдау қалыптағыдай.
Тамақтану тәртібі: күніне 4–5 рет қабылдау.
№ 13 емдік тағам
Көрсеткіштері: жұқпалы ауруларда, жедел қызба кезеңдерінде, баспа ауруларында.
Жалпы сипаттамасы: ақ уыз физиологиялық шамадан төмен, орташа шамамен шектелген май, көмірсу; көп мөлшерде витаминделген түрінде сусындар беріледі; тағамдар ұнтақталған түрінде химиялық тітіркендіргіш орта шамамен болады.
Тамақтану тәртібі: күніне 6 рет қабылдау, аздаған мөлшермен.
14 емдік тағам
Көрсеткіштері: зәр реакциясы сілтілі фосфордың көбеюінде және фосфорлы-кальцийлі тұз қалдығының шығыуында.
Жалпы сипаттамасы: емдік тағамда кіргізетін тағамдар, зәрдің реакциясының қышқыл жағын өзгертетінне себепші болатын; сілтіліге кері әсері бар кейбір тағамдарда және кальцийі көп (сүт, сүзбе, ірімшік) алынып тасталынады; жалпы сұйықтық мөлшері 1,5–2 литрге дейін.
Тамақтану тәртібі: күніне 4–5 рет қабылдау.
№ 15 емдік тағам
Көрсеткіштері: арнайы емдік тағамдар тағайындалмағанда, көрсеткіші болмаған әр түрлі ауруларда және ас қорыту жүйесі бір қалыпта болғанда.
Жалпы сипаттамасы: құрамында ақуыз, май, көмірсу және денсаулығы сау адамның тағамына сай келетін қалыпты тағам; витамидер көп мөлшерде; тағам әр түрлі азық-түліктерден тұрады; қиын қортылатын май тағамдары алынып тасталынады, ашыған қамыр тағамдары; дәмділік орташа мөлшермен қосылады.
Тамақтану тәртібі: күніне 4 – 5 рет қабылдау.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет