Әмен асхат жангелдіұЛЫ



Pdf көрінісі
бет14/21
Дата08.12.2023
өлшемі1,41 Mb.
#135440
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   21
2.3 
Қазіргі 
Қазақстандағы 
мультикультурализм 
мәселелерінің 
практикалық және теориялық шешімдерін іздеу 
Қазақстанда осы таңда мультикультурализм элементтерін белгілеуге 
болады. Оған бірінші кезекте кейбір субъекттер өзінің этностық дәстүрлері 
күшіне қарай, мәдени белгісіне қарай бөлінген көпэтносты жиынтық 
қауымдастықғына өзін жатқызуға болады. 
Осы ретте қазақстандық қоғамды әр түрлі облыста сипаттайтын 
мультикультурализм саясатының құрылу және даму үрдісінің көрініс табатын 
керағарлығы ұзақ уақыт бойы бекітіліп, тұрақтанған сана мен мақсатын қайта 
ойластыруды қажет етеді. Аталған мемлекет шегінде қалыптасқан мәдени 
әртүрлілікке жауап ретінде бірлескен қоғам шеңберінде түрлі мәдениеттердің 
қатар өмір сүруіне, құнсыздықты мойындау, мәдениеттердің теңдігіне
әрекеттестік таныту басты мақсаты саналатын плюрализм саясатын алуға 
болады.
Мақсат-мұраттың өзгеруі заманауи қоғам талаптарына жауап береді, бұл 
ретте барлық мәдениеттер тең боп, өмір сүру мен дамуға бірдей құқыққа ие бола 
алады. Сонымен қоса, түрлі мәдениеттер бейбітшілікте қатар өмір сүруі кезінде 
ассимиляциясыз біріктірілуі мүмкін. Осылайша, жаңа идеологиялық жағдайда 
белсенді әрекеттестік поликультурлық кеңістікте қатар өмір сүру мәселесімен 
ауыстырылады. 
Басқаларына қарағанда Қазақстан тарихында барлық мәдениеттер тең және 
бірде біреуі маңызды емес деп бекітілген плюрализмнің бастапқы негіздемесі 
мультикультурализмнің орталық идеясының көбінің біреуінде шамадан тыс 
болуына әкеп соқтырады. Мемлекетте жалпы қабылданған бірлескен 
мәдениеттің Қазақстангың қоғамдық өмірінде өмір сүру мәселесі күдікке ілініп 
қана қоймай, жақтаушылар мен плюралистикалық модельді тікелей жүзеге 
асыруға қатысушылармен теріске айналуда. Дара топтардың құндылығы өзге 
барлық қоғамға қарсы шығуда. Нәтижесінде бұл жағдай саяси сәйкестікке қарсы 
келеді, бұл ретте қазақстандық қоғам шеңберінде акцент жалпыдан жақсыға 
ауысады.
Белсенді жүріп келе жатқан жаһандану үрдісі сәйкестік мәселесін тудыруда. 
Сәйкестік саясаты жаһандануды айрықша туғызуға жауап болып табылады:
жаһандық әлемде өмір сүремін деген адамдар мен жергілікті мәдениетте өмір 
сүруші адамдар арасында қақтығыстар шығуы мүмкін. Жаһандық және 
жергілікті бастама арақатынасы біріктіру немесе тыйым салу жолымен 
сипатталуы мүмкін емес. Алайда қоғам мен мәдениеттің көптүрлігі 


90 
жаһанданумен жойылмайды. Осыған сай жаһандық әлеммен ойлайтын адамдар 
мен өздерін жергілікті субкультурамен сәйкестендіретін адамдар арасында 
қақтығыс – ол мультикультурализм мен сәйкестік қақтығысы. 
Бәрімізге белгілі, сәйкестік өзегі жаһандану ең қиын сынақ боп саналатын 
дәстүрлі және этностық мәдениеттен тұрады. Сәйкестікті сақтаудың негізгі 
құралы боп диалог пен мәдениеттер сабақтастығы саналады. 
Бүгінгі күні мұндай жалпы жауап толық қамтылған болудан қалады, бұл 
ретте диалог пен мәдениеттер сабақтастығы сәйкестік дағдарысы немесе оның 
тез өзгеруі, сонымен қоса сәйкестіктің плюрализациясы кезінде қиындатылуы 
әбден мүмкін. Бұл жеке тұлға мен нақты қоғамға да қатысты. Қазақстан үшін 
сәйкестік плюрализмі жақынырақ, себебі еуропалық және азиялық бастауды 
қосатын ел ретінде Шығыс пен Батыс арасындағы көпір іспетті қарастырылып 
келді. Қазақстандағы сәйкестік дағдарысының мәні монистикалық ұғыну өзінің 
бірегейлігін жойғандығында және плюрализм орнағанында емес, негізінде 
отандық менталитетте плюрализм позициялар үйлесімділігі ретінде болмауында, 
бір бірімен байланыспаған өзіндік көзқарастың басым болуында. 
Жаһандық әлемде сәйкестік ғылымның да, күнделікті өмірдің де негізгі 
дискурсы боп саналады. Біріншіден, мәдениеттердің өзара әрекеттесуі үшін 
потенциалдық өріс кеңейе түсуде. Екіншіден, тек Қазақстан ғана емес, сонымен 
қоса өзге де қоғам, этностар, жеке тұлғалар да сәйкестік дағдарысын бастан 
кешіруде. Аса өзекті мәселенің бірі – бұрынғы одақ елдерінің халқына 
сәйкестікті іздеу немесе ауыстыру. 
Сөзсіз жаһандану сәйкестік дағдарысын туғызды. Сәйкестік мәселесі күн 
тәртібінен мүлдем алынып тасталды деген пікір де бар, ал оның орнын 
мультикультурализм басты (көп жағдайларда плюралистикалық сәйкестік 
жөнінде айтылады). 
Ал Қазақстан ше? Қазақстандағы қазіргі жағдай қалай? Елдің 
мультикультурализм қағидаларын қабылдауға дайындығы қандай ? 
Осы орайда белгілі қазақ философы Ғ.Есімнің Атамекен туралы ойын 
келтіруді жөн санадым: Қазақтардың түйсік-сезім-санасына тікелей әсер ететін – 
Атамекен идеясы. Ол екі сөзде құралған Ата+мекен, яғни ата-бабаларымыз 
ғұмыр кешкен, сол жерде туып, дүниеден өткен – мекен. Әлемде барлдық 
мемлекеттер азаматтары өз атамекендеріне өмір сүруде деуге болмайды. Ең 
айшықты мысал, Америка Құрама Штаттары. Президент Барака Обама «Біз 
эмигранттар еліміз» деген. Шындығы солай, Америкаға адамдар бар елдерден 
ағылып келіп, жаңа ел, мемлекет пайда болды, қалыптасты. Қазақтар болса, 
сонау сақ заманынан өзінің ата-мекенінде ғұмыр кешуде. Сондықтан, атамекен 
деген біздер үшін сакралды ұғым.
Атамекенді құрметтеу, ең алдымен, оны дұшпандардан қорғау. Тарихта 
нендей оқиғалар болмады.
Мәселе, қалайша Атамекенде тұрып қалдық. Атамекенді сақтадық. 
Рухымыз мықты болды. Өзіңе сенім. Ол дінге, ол дәстүрге, ол намысқа қатысты 
[127].
Соңғы Бүкілқазақстандықхалық санағы дерегіне сүйенсек, елдің 65% 


91 
тұрғындары – қазақтар, құрылған жалпықазақстандық сәйкестік арасында қазақ 
сәйкестігі басым орынға ие болуы мүмкін, бұл өз кезегінде Қазақстанда өзге 
этностарға аз орын қалдыруы мүмкін. Монокультуралық, талассыз қазақ
мәдениетінің үстемдігі оның әлем мәдениетіне қосқан үлесімен дәлелденген. 
Алайда бұл оған өзге жергілікті мәдениеттерді басып тастауға құқық бермейді. 
Сонымен қоса, қазақ халқының жартысы да, өзге этнос өкілдері де 
мәдениеттерінің өзіндік ерекшелігін жоғалтуы мүмкін екенін ескеру керек. 
Осылайша, жалпықазақстандық сәйкестікті жабылуы мүмкін деп есептеуге, 
алайда өзіндік мәдениетті сақтай алатыны белгілі. Бұл беталыс ел салтына жаңа 
сәйкестіктердің 
біріктірілуіне, 
соның 
ішінде 
қазақастан 
қоғамына
тасымалдаушылардың интеграциясына әсер етуі мүмкін. 
Ұлттық интеграцияның, титулдық және азаматтық сәйкестілік теңгерімінің 
саясаты этносаралық бейбітшілік пен келісімнің қазақстандық үлгісінде өз іске 
асуын табады. Бұл үлгі тек Қазақстанда ғана емес, одан тыс жерлерде де, 
бірқатар халықаралық ұйымдарда, олардың арасында ЕҚЫҰ-ны ерекше атап 
өткен жөн. Этносаралық келісім мен бірліктің қазақстандық моделін іске 
асырудың басты тетіктерінің бірі республиканың көптеген этномәдени 
орталықтарының қазақстандық патриотизм мен толеранттылыққа тәрбиелеу 
жөніндегі жұмысын біріктіретін және үйлестіретін Қазақстан халқы 
Ассамблеясы болып табылады. 
Сонымен қатар, ұлттық интеграция саясатының маңызды элементтері: 
- этникалық негізде саяси партиялар құруға конституциялық тыйым салудан 
көрінетін этносфераны деполитизациялау; 

Қазақстанның әлеуметтік-саяси саласындағы ұлтшыл күштердің 
маргиналдануы, өйткені олардың белсенділігі мен ықпалының өсуі этносаралық 
қатынастардағы келісім мен тұрақтылықты бұзуға қабілетті; 
- ҚХА және оның құрамына кіретін этномәдени орталықтардың қызметі 
ықпал ететін барлық этностық мәселелер мен этносаралық қатынастарды мәдени 
салаға ағызу. Ұлттық интеграцияның, титулдық және азаматтық сәйкестілік 
теңгерімінің саясаты этносаралық бейбітшілік пен келісімнің қазақстандық 
үлгісінде өз іске асуын табады. Бұл үлгі тек Қазақстанда ғана емес, одан тыс 
жерлерде де, бірқатар халықаралық ұйымдарда, олардың арасында ЕҚЫҰ-ны 
ерекше атап өткен жөн. Этносаралық келісім мен бірліктің қазақстандық моделін 
іске асырудың басты тетіктерінің бірі республиканың көптеген этномәдени 
орталықтарының қазақстандық патриотизм мен толеранттылыққа тәрбиелеу 
жөніндегі жұмысын біріктіретін және үйлестіретін Қазақстан халқы 
Ассамблеясы болып табылады. 
Сонымен қатар, ұлттық интеграция саясатының маңызды элементтері: 
- этникалық негізде саяси партиялар құруға конституциялық тыйым салудан 
көрінетін этносфераны деполитизациялау; 

Қазақстанның әлеуметтік-саяси саласындағы ұлтшыл күштердің 
маргиналдануы, өйткені олардың белсенділігі мен ықпалының өсуі этносаралық 
қатынастардағы келісім мен тұрақтылықты бұзуға қабілетті; 
- ҚХА және оның құрамына кіретін этномәдени орталықтардың қызметі 


92 
ықпал ететін барлық этностық мәселелер мен этносаралық қатынастарды мәдени 
салаға бұру . 
Қазақстан жеріне әртүрлі кезеңдерде тағдырдың жазуымен қоныс аударып 
келіп, тұрақтанған өзге ұлт өкілдері баршылық. Олар бүгінгі күні әлемдік 
қауымдастыққа Қазақстан Республикасы атауымен енген елдің азаматтары 
ретінде өмір сүруде. Көпшілігі кеңестік тоталитарлық жүйе үстемдік құрған 
шақта күштеп көшірілген халықтар еді. Олар тағдырдың тәлкегіне ұшырап 
қуғындалып келгенде, жергілікті қазақтар өз жағдайлары аса мәз болмаса да, 
қолдан келген көмектерін жасап, аман-есен тұрып кетулеріне жәрдемдесті. 
Бірқатар ұлттардың өкілдері саяси қуғындау аяқталып, құқықтары қайта 
келтірілген уақытта Отандарына қайтты. Кейбіреулері тұрақтап қалды. Қазіргі 
уақытта олар Қазақстан азаматтары ретінде барлық салада еңбек етіп, елдің 
дамуына үлес қосуда.
Еліміздің тәуелсіздік алған уақытынан бері қазақ халқы өзге ұлт өкілдерімен 
саяси тұрақты және ұлтаралық келісімде өмір сүруде. Бұл ширек ғасырға жуық 
уақыт аралығында этносаралық қарым-қатынастың Қазақстандық үлгісінің 
қалыптасқандығын байқатады. Ал, елдегі азаматтардың ортақ Отан сүйгіштігі 
мен ұлтаралық келісімі, ол бейбіт және тату өмір сүрудің нәтижесінде 
қалыптасатындығы сөзсіз[129]. 
Мемлекеттік сәйкестікке қатысты мемлекет басшысының ойын ескермеуге 
болмайды: «...Біз ұлтаралық, этносаралық қарым-қатынас мәселесіндегі 
амалдарымызды қайта ой елегінен өткізуге тиісті екендігіміз сөзсіз. Қазақстан 
достық пен келісім аумағы болды және болып та қала береді. Біздің ұранымыз: 
сан алуандықтағы бірлік. Осы жерде тұрып жатқан барлық ұлттар, этникалық 
топтар шындығына келгенде бір ұлт саналады. Шетелде бізді «қазақтар» деп 
біледі. Өйткені, біздің мемлекетіміздің атауы дәл осы сөзден астасып 
жатыр...»[130]. 
Мемлекеттің «мультикультуралық» интеграциялық моделді қабылдауы
мультикультуралық 
тұрғындарды қабылдауға 
дайын 
екендігін, оның 
ықпалдасуын өз мойынан алатындығын білдіреді. Алайда Қазақстанда жергілікті 
тұрғындардың поликультуралық жағдайына сай тек қана мигранттардың ғана 
емес, елде бұрыннан тұрып келе жатқан халықтың да интеграциялық мәселесін 
шешуге мәжбүр. Қазақстан алдында 1960-1980 жж. АҚШ, Австралия, Канада 
алдында тұрған келесі мәселелерді шешу тұр: мәдени ерекшеленген 
халықтарды біріктіру, қазақстандық сәйкестік жөнінде нақты көзқарас тудыру
мәдени әртүрлі тұрғындарды ортақ құндылықтар мен мақсаттарға шоғырландыр. 
Бұл мәселелердің қазіргі Қазақстан үшін өзекті екендігі ұлтшылдықтың, 
дискриминацияның, қазақстан азаматтығын алған өзге мәдениет өкілдеріне 
қатысты ксенофобияның қарқынды өсуін көрсетеді.
Мультикультуралық қоғам шеңберінде мәдени тепе-теңдікті сақтау үшін 
келесі шартты ұстану қажет: мәдениеттер өздігінен «тұйықталмауы» керек, олар 
мәдени аралық өзара әрекеттестік үрдістеріне үнемі араласуы тиіс. Осы жағдайда 
жаңасын құру немесе мәдени топтар арасындағы бұрынғы әрекеттестікті қолдау 
мәселесі туындайды. Осыған байланысты жоғарыда аталған мақсаттарды жүзеге 


93 
асыру үшін К. Цюрхер 3 маңызды сәттерді атап көрсетеді: 
1.
Жалпы институттарды сақтау/құру; 
2.
Мәдени алмасу мүмкіндіктерін ұйымдастыру немесе қамтамасыз ету; 
3.
Мәдениеттер арасындағы көмескі шекаралық аумақтарды қолдау /құру. 
Осы іспетті шекаралық аумақтар мәдени алмасуды жеңілдетіп, 
мәдениеттердің жандануына мүмкіндік тудырады, осылайша, «немесе-немесе» 
таңдауын қажет ететін жағдайлардың алдын алып, «көп немесе аз» қағидаты 
бойынша шешімдерге әрекеттестік танытады[131]. 
Жалпы институттарды құру үшін бірнеше қажеттіліктерді талап етеді. 
Соның бірі – мультикультуралық қоғамды құрайтын мәдени топтар арасындағы 
тұрақты тепе-теңдікті ұстау. Енді біреуі – осы топтар арасындағы өзара 
әрекеттестікті мүмкіндігінше өздерінің ерекшелігін сақтай отырып және де 
қақтығыстар туындауынан қорғай отырып қамтамасыз ету боп саналады. Осы 
ретте маңызды рөлге ие екі сәтті атап өту керек: 
1.
Мультикультуралық қоғам жағдайында осы қоғам мүшелерімен
бөлінетін өзекті құндылықтар, нормалар мен идеалдар болуы тиіс. Сонымен 
қатар, Клакхон атап өткендей, «... ешбір этнос егер жеке тұлғалары нақты 
мақсатқа ұмтылмаса ұлт ретінде ұзақ өмір сүруі мүмкін емес. Мұндай негізгі 
мақсаттардың айтылуы неше түрлі болуы мүмкін, бірақ осы мақсаттарды топтың 
немесе қоғамның көпшілік мүшелері ұстануы тиіс» . 
2.
Жалпы мақсаттар мен құндылықтарды құрастыру және тепе-теңдікті 
ұстауға бағытталған саясатты жүзеге асыруда «жоғарыда» келтірілген идея 
қоғамды құратын субъекттердің басым көпшілігі қабылдамаған жағдайда өмір 
сүрейтіндігін есте сақтаған жөн. Осы жерде кез келген өзгерістер қоғамдық 
құрылыстың түрлі деңгейінде орын алуы тиіс, көп жағдайларда ол іште туып, 
«жоғарыда» мақұлданады.
Осылайша, мультикультуралық саясаттың басты мақсатының бірі – қоғамда 
әлеуметтік мәдениеттің тепе-теңдігін ұстану, құру болып табылады. Жоғарыда 
аталған қадамдарды жүзеге асыру құралы ретінде мультикультуралық кеңістік 
үшін жалпы маңызды боп берілетін құндылықтық бағдарды таратуды айтуға 
болады. Сонымен қатар, «өзгелердің» мәдени ерекшелігі мен дәстүрі ұғымын 
ысырып тастауға болмайды, әйтпесе тепе-теңдіктің тез бұзылуына әкеп соқтыру 
мүмкін. 
Мультикультуралық 
қоғамда 
дәстүрді 
ұстанушылар 
мен 
таратушылармен жүзеге асырылатын моральдық мақсаттар да рөл ойнайды. 
Нақты бір топтағы мәдени үлгілер бұзылмауы керек. Дәстүрдің маңызды 
элеметтері жоғалған жағдайда басқасымен ауыстырылуы тиіс. 
Ойымызды қорытындылай келе, мультикультуралық қоғам шеңберінде 
маңызды шарттардың бірі - толеранттылық боп есептелетінін атап өткім келеді. 
Толеранттылық мәселесі бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі, себебі,
диаспора өкілдері, мигранттардың бейімделу жағдайы заманауи қоғам 
тұрақтылығының басты шарты. Осыған байланысты толеранттылық идеясын 
жүзеге асыру және қазіргі Қазақстанда толеранттық түсінікті тудырудың бірінші 
қадамы - қоғамда төзбеушіліктің түрлі формаларының бар екенін анықтау болуы 
тиіс. Әрқайсымыз Қазақстанданацизмның бар екендігі, көпшіліктің құқығы 


94 
тапталғанын, көбінің үрейге бой беретінін мойындау қиындық тудырады. Осы 
мәселенің бар екенін түсіну оң шешімді қажет етеді. 
Толеранттылық мәні төзушілік, субъект, тіпті топ болсын «өзгелердің» 
кемшіліктеріне көз жұма қараумен түсіндіріледі, бұл мультикультуралық
дискурсте «өзгелердің» пікірін тыңдау, сыйлау қабілетінен, «менікі» - «өзгенікі» 
қағидасын басшылыққа алып басынан бастап кері итермелемеуден көрініс 
табады. Толеранттылықтың философиялық ұғымында әлемдегі мәдениеттің 
көптігін қабылдау, дұрыс түсіндіре білу, жеке және топтық өзін-өзі таныту 
формасын ұстану көзделген. Ол догматизмнің, мультикультуралық қоғам, 
мемлекет, жалпы әлем жағдайында нормалар мен құндылықтардың 
абсолюттенуінің жоқтығын көрсетеді. Сондай-ақ жеке және топтық өмір 
салтында көрініс табатын төзімділік, өзіндік дәстүрді сақтау және дамыту 
әлемдік тәртіпті қауіпке қоймаған әр нақты жағдайда мүмкін боп табылады. 
Біздің елдегі мультикультурализмнің құрылуы мен дамуына келер болсақ, 
бір жағынан кеңес заманымен салыстырғанда алға жылжу байқалатынын 
мойындауға болады. Келесі кезекте Қазақстанға мақсатты идеология ретінде 
толық қамтылған мемлекеттік мультикультурализм саясатына қол жеткізуге әлі 
ерте. Естеріңізге сала кетсек, мультикультурализм саясаты қоғамдағы барлық 
мәдениеттердің бірлігін көздейді, олардың ішінде ешбірі де көшбасшы ретінде 
белгіленбейді. Сонымен қоса, Қазақстанда қазақ және орыс мәдениеттерінің 
әсері өте жоғары, сондықтан этностық, тілдік, діни аспектісі бар барлық 
этностардың мәдениеті барлық деңгейде қазақтанған және орыстанған. Осы 
жерде мультикультуралық қоғамдағы бұл мақсат қазақстандық шынайылық 
шеңберіне жанаспайтынын көруге болады. Алайда, біздің ел қайта құрылу 
жолында жүр. Осыған байланысты қазіргі қоғамда мультикультурализм 
саясатының бекітілуіне, дамуына кедергі келтіретін факторлар мен себептер 
мәселесі арнайы әрі жанжақты талдауды қажет етеді. 
Нәтижесінде не мультикультурализмнің өзін де, не оның баламасы ретінде 
қаралатын концепцияны да қазіргі Қазақстанда тап болған жағдайында көз жұма 
қолдануға еш негіз жоқ екендігін белгілеуге болады. Теорияда, пайдалы, сөзсіз 
қисынды болатын мультикультурализм тәжірибеде жанама әсерлері бар кереғар 
құбылыс бола алады. Қазіргі Қазақстандағы түрлі мәдени және діни топтар 
арасындағы қарама-қайшылықты шешу жолдарын қайта қарастыру мүмкін бе?
Сұрақ өте өзекті. Осыған байланысты осы мәселені шешудің тәжірибелік және 
теориялық жолдарын белгілейік: 
1. Біздің көзқарасымыз бойынша бір мемлекет шеңберінде мәдени аралық 
өзара әрекеттестік орын алған жағдайда осы мәдениеттердің өмір сүруіне 
ешқандай қауіп жоқ. Алайда коммуникация үзілген жағдайда, мәселен Қазақстан 
мен Қырғызстан, қазақтар мен өзге диаспора өкілдерінің арасында орын алған 
жайттарда мәселе туындауы мүмкін. Мәселенің философиялық шешімі
коммуникацияның не себепті үзілгендігін анықтауда жатыр, оның себебі 
дискурсивті тәжірибені қолдану болуы да мүмкін. Мәселен Қазақстан мен 
Қырғызстан арасындағы жағдайда коммуникацияның үзілу себебі – ол 
адамдардың бір бірімен келісе алмауында. Мәселен, Қазақстан да Қырғызстан да 


95 
Ш.Айтыматовты өздерінің отандық жазушы деп есептейді. Осы арақатынастың 
контексті өзгермейінше бір-бірімен келісулері мүмкін емес болады.
2. Мәдени аралық коммуникацияның оң нәтижесі қазақ менталитетінің 
ерекшелігінде жатыр. Бұл ерекшелікті «жалпы адамгершілік», «бүкіл әлемдік
ықыластылық қабілеті», «ұлттық өзгешелікке қарамастан өзге адамдарды 
бауырындай қабылдау», «өзге этностардың тәжірибесін шығармашыл пайдалану 
қабілеті», «өзіндік наным мен сенімді сақтау, осы ретте тікелей қарама-қайшы 
келетін өзгелердің наным-сеніміне шыдамдылық таныту қабілеті»ретінде 
сипаттауға болады. Қазақстандық қоғамның бастапқы ерекшеліктерінің бірі - 
оның біріктіруші ретінде қазақ халқының өзі шығатынын атап өтуге болады. 
Осыған байланысты қазақ ұлты менталитетінің осы айрықша белгісін сақтап 
қана қоймай, дамыта беру де керек.
3.
Қазақстанның этно құрамының әртектілігі, мәдени және демографиялық 
үрдістерінің бірқалыпсыздығы түрлі мәселелерді, дау-дамайларды, этносаралық 
қақтығыстарды тудырады. Қазіргі жағдайда Қазақстанның болашағы 
ұлтшылдық, этностық бөліну үрдісіне қарама-қарсы тұра алған жағдайда жарқын 
болатынын еске салу керек. С.Татунцтың келесі әділетті ескертуімен келісуге 
болады: «ХХ ғасырдың 90-жылдарында қазақстан қоғамын жайлаған жүйелік 
дағдарыстың берген маңызды сабағының бірі-елдегі әлеуметтік-экономикалық, 
саяси, мәдени үрдістер этноұлттық үрдістерден бөлінбейтінін ұғыну». 
4.
Мәдени 
аралық 
қақтығыстарды 
шешу 
жолы 
саясат 
пен 
мультикультурализм ұстанымын жүргізу боп табылады, соның бірі-
толеранттылық. Бүгінгі күні саясаттағы, идеологиядағы толеранттылық ұғымы 
ығыстырылған, сол себепті мультикультурализм идеясы қазақстандық шындықта 
мүмкіндік ретінде емес, халықаралық қарым-қатынас идеалы ретінде саналады.
5.
Қаржылық-экономикалық дағдарыс пен жұмыссыздық жағдайында түрлі 
сала мен сипатта интолеранттылықтың күшеюі орын алады. Үйреншікті өмір 
салтын жоғалту, тұрақты табыс көзінен айырылу, болашақтың бұлыңғырлығы
қоршаған ортаға деген ашушаңдықты тудырады, интолеранттылықтың өршуіне 
септігін тигізеді. Осыған байланысты философиялық көзқарасқа сай бүгін боп 
жатқан оқиғаларға нақты баға беріп, аталған жағдайдан шығу жолын қарастыру 
керек. Осындай жерде толеранттылық түйсікті дамыту қолға алынады. 
6.
Қазақстанда мультикультурализм нақты жүзеге асу үшін алдын ала 
ойластырылған, жоспарлы жүзеге асып келе жатқан мемлекеттік саясат қажет. 
Қазақстан үкіметі мемлекет аумағында тұрып жатқан халықтардың дәстүрін, 
салт-жоралғыларын, 
мәдениетін 
міндетті 
түрде 
ескеруі 
керек.
Мультикультурализм саясаты өскелең ұрпаққа бағытталуы тиіс: жастар 
өздерінің ғана емес, өзге этностардың да дәстүрі мен мәдениетін қадірлеуді 
үйрену керек, өз елінің, тіпті әлемнің әртүрлі мәдениеті мен дәстүрінен білім 
алуы қажет.
7.
Қазіргі Қазақстандағы мультикультурализмнің құрылуы мен дамуы 
мәселесін шешудің тағы бір нұсқасы – елдің мәдени аумағына бұрынғы Кеңес 
Үкіметі елдерінің эмигранттарының мәдени элеметтерін қосу. 
Адамдар бойында өзге елдің дәстүрі мен мәдениетін қабылдауды дамыту 


96 
маңызды, бала жастан бастап әлемнің әртүрлілігіне, елдер арасындағы өзара 
сабақтастықтың бар екендігін түсіндіріп, халықаралық бірлік пен түсінісушілікке 
тәрбиелеу қажет, мәдениаралық қатынастар мен қызметтестік нормаларын 
үйреткен жөн. Сонымен қоса, адамзаттың мәдениетінің көптүрлігін сақтаудың 
маңызын, өзіңнің халқыңның дәстүрін қастерлеу, өзгенің мәдениеті мен дәстүрін, 
салт-жоралғыларын, 
өмірлік 
ұстанымдарын 
өзіңдікіндей 
сыйлаудың 
маңыздылығын атап өткен жөн.
Сакралды (қасиетті) - бұл адамның болмыстың толықтығына, жеке 
болмыстың шектеулерін жеңуге және абсолютті қатысуға деген имманентті 
қажеттілігі деп түсінуге болатын руханияттың көрінісі, осы орайда оны 
диаспораға да қатысты қарастыруға болады. Жад орындарынан адам өзінің 
бостандығы мен жауапкершілігінің шекарасын анықтай отырып, адамның 
шынайы өмір сүруіне мүмкіндік береді. Сакралды дегеніміз жеке тұлғалардың 
тарихи іс-әрекетінің фактісі ретінде қарастырылады, ол әртүрлі қызмет 
түрлерінде көрінеді [132]. Атамекеннен тыс жерлерде тұрып жатқан дисапорлар 
өкілдері тарих және өмір заңдылықтарына сай тұрғылықты жерлерінде уақыт өте 
келе сакралды (мәдениет тұрғысынан жад орны) болып табылатын объектілерді 
құрастрыра бастады. Мысалы, тек қана жергілікті қазақтарға емес сонымен қатар 
бар қазаққа ортақ қасиетті болып табалатын РФ Астархань обылсында орналсқан 
Құрманғазы, Бөкей хан кесенелері, Орынбор облысында орналсқан Естекбай 
батыр мазары мен тұлға туралы естелік. Орал қаласында орналасқан Ғабдулла 
Тоқай, Пугачев, Ескі Орал музейлері, көптеген ескерткіштер тарихи отанынан 
сыртта жүрген диаспора өкілдері үшін мәдени байланыс құралы ғана емес 
сонымен қатар өз ұлттының бір бөлігі екенін сездіретін қасиет десе де болады.
Бүгінгі таңда Қазақстанда мәдени интеграция қазақ тілі мен мәдениеті 
негізінде этностардың бірігуі ретінде тұжырымдалуда. Жоғарыда айтылғандай, 
Қазақстанның посткеңестік үлгісі бойынша ұлттық интеграциясы этникалық 
және азаматтық ұлттың теңгерімі ретінде жүзеге асырылады. Көп ұлтты 
халықтың азаматтық ұлт ретіндегі ұлттық интеграциясы саяси және әлеуметтік 
интеграцияға 
негізделген. 
Ұлттық 
интеграцияның 
бұл 
түрлерінде 
интернационализмнің дискурсы мен риторикасы үлкен рөл атқарады, бұл 
біртұтас ұлтты қалыптастыру саясатын оң қабылдауға ықпал етеді. Этникалық 
интеграция тұрғысынан ұлтаралық келісім мен бірліктің қазақстандық моделі 
(яғни этникалық және азаматтық ұлттың тепе - теңдігі) этникалық топтар 
арасындағы Орталық тенденцияларды нығайтуға ықпал ететіндігі маңызды. 
Сонымен бірге, посткеңестік мемлекеттердегі ұлттық интеграцияны тек 
саяси және әлеуметтік интеграцияға, яғни оның азаматтық аспектілеріне назар 
аудара отырып, толық түсінуге болмайды. Этникалық және азаматтық ұлттардың 
тепе - теңдігі ретінде ұлттық интеграцияда этно - этникалық қоғамның негізгі 
байланыс құралы ретінде титулдық этно-мәдениеттің тілі мен мәдениетін 
қолдануды көздейтін этномәдени аспект маңызды емес. Посткеңестік 
мемлекеттің басқа этникалық емес этникалық топтары титулдық этностың тілі 
мен мәдениетін бұл норманы немесе басқа формада қолдануды мойындауы керек 
[133]. 


97 
М. Шайкемелевтің пікірінше, қазіргі уақытта мультимәдениет батыстық 
саяси негізгі ағымдардың негізгілеріне қарсы тұруда. Бұл либерализммен 
үйлеспейді, өйткені ол индивидуалистік мұраттар мен Батыс демократиясының 
жаулап алуларына күмән келтіріп, этноазшылықтардың ұжымдық құқықтарын 
тұғырға көтереді. Мультимәдениеттілік консерватизммен үйлеспейді, өйткені ол 
өзі зерттеудің соңғы нысаны болып табылады, тұрақсыз, өзгермелі мәні бар, 
бірақ әлем тарихында белгілі бір ұқсастықтары бар, оның әр түрлі ұлтшылдардан 
және этникалық және ұлттық идеяларға жақын басқа да саяси күштерден толық 
бас тартуын айтпағанда. 
Осыған орай, қазақтардың мультимәдениеті-бұл өз уақытында көшпелі 
мәдениет құрған өз заңдары бойынша өмір сүру құқығы үшін өркениетті 
жарыстан ұтылған халықтың мәжбүрлі өзін-өзі сезінуі. Ресей жер шаруашылығы 
өркениеті күштеп таңған идеологиялық схемалар, мінез - құлық реакцияларының 
модельдері мен үлгілері және әлеуметтілік нысандары қазақ даласының салт-
дәстүрлері мен нанымдарына мұра болған Шыңғыс ханның көшпелі 
империясының генетикалық ашықтығы мен діни төзімділігімен таңғажайып 
түрде ұштасты. Осылайша, қазақ мультимәдениетінің өзіндік нысаны және 
тиісінше 
толеранттылық 
сәйкестендірудің 
таңылған 
және 
дәстүрлі 
нысандарының қосарлы бірігуімен айқындалады. 
Қазіргі кезде жаһандандыру және жаңғырту ағындарының әсерінен қазақ 
ауылына тән архаикалық, дәстүрлі сана мен ойлау аралдарының ыдырауы жүріп 
жатыр. Төзімділік пен толеранттылық әлеуеті де эрозияға ұшырайды және 
біртіндеп жойылады. Қазақ халқының ең жақсы қасиеттерінің көрінісі ретінде 
қазақ әйел - анасына тән төзімділік пен әлемге оң көзқарастың сарқылмас әлеуеті 
жойылуда. Қуғын-сүргінге ұшыраған халықтардың аға буыны әлі күнге дейін 
қазақтарға ризашылық білдіретін қасиеттер жоюлуда. 
Ұлт құрудың әлемдік тәжірибесінің оң да, теріс те көптеген аспектілері бар. 
Жалпы, әлемдік тәжірибе мәдени құндылықтардың маңызын жете бағаламауға 
болмайтынын көрсетіп отыр. Қазақстандық қоғам мен мемлекет осы фактордың 
барлық маңыздылығын сезініп, Ұлттық топтасудың өзіндік бірегей моделін 
тұжырымдауға тиіс [134]. 
Президент өз сөзінде мемлекеттік тіл дамытуға барлық этностар атсалысады 
деген тұжырым жасаған. Бұл жаңа тұрпаттағы этнос мәдениетінің негізі болмақ. 
Этнос мәдениеті ел азаматтарын бөлшектейтін, бір-бірінен аластататын емес, 
керісінше, ортақ мүддеге қызмет ететін феномен болуы керек. Бүгінде, құдайға 
шүкір, іс осы бағытта жүруде. Этнос мәдениетінің қазіргі кездегі басты өлшемі – 
мемлекеттік тілге қатысты болып отырғанын айрықша айтуымыз керек. Бұл 
халық бірлігіне бастайтын тура жолдың бірі, бірақ бұл істе тым асығыстық, 
аптығушылық жақсы нәтижелер бермейтіні де белгілі. Сонымен бірге естен 
шығармайтын жай, мемлекеттік тіл – қазақстандық патриотизмнің басты тұғыры. 
Осы мәселе жөнінде Елбасы былай деді:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет