Әмен асхат жангелдіұЛЫ


ҚОРЫТЫНДЫ  135  ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ



Pdf көрінісі
бет2/21
Дата08.12.2023
өлшемі1,41 Mb.
#135440
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21
ҚОРЫТЫНДЫ 
135 
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 
139 
 
 



КІРІСПЕ 
 
Жұмыстың жалпы сипаттамасы.
Бұл диссертациялық ғылыми-зерттеу 
жұмысында диаспоралар мәдениетіне мәдениеттанулық талдаулар жасалынады
қазіргі қазақстандық қоғамның әлеуметтік-мәдени әртүрлілігінің өсуі 
жағдайында мультикультурализм мәселесін түбегейлі мәдениеттанулық талдау 
қажеттілігімен анықталады. Диаспора мәдениетін қалыптастыру және олардың 
ерекшеліктерін анықтау мәселесі өте өзекті, өйткені диаспора мәдениеті 
қоршаған жағдайларға байланысты айтарлықтай өзгеруі мүмкін, олардың 
арасында әлеуметтік-экономикалық та, этносаяси да себептер бола алады. 
Трансформация процестерінің нәтижелері әр жағдайда өзіндік сипатқа ие болуы 
мүмкін, сондықтан этникалық диаспоралар мәдениетінің қалыптасуының нақты 
жағдайлары мен ерекшеліктерін зерттеу айтарлықтай маңызды. Түрлі қоныс 
аудару топтарының мәдениетінің қалыптасу ерекшеліктерін теориялық тұрғыдан 
зерттеу осындай құбылыстарды зерттеу моделінде мүмкін болатын жалпы 
құрылымдарды анықтауға, диаспоралардың мәдениаралық диалогының 
ерекшеліктерін зерттеуге және соның салдарынан диаспоралардың қоршаған 
ортамен мәдениетаралық диалогының нәтижелерін болжауға мүмкіндік береді, 
осылайша диаспора мәдениеті ретінде қалаптасады. Зерттеу тақырыбының 
өзектілігі практикалық тұрғыдан әр түрлі этностар мен диаспора өкілдерінің өз 
мәдениетін сақтаудағы қажеттіліктерінің артуымен ғана емес, сонымен бірге 
оның дамуына, ондағы тұрақтылықтың қалыптасуына деген ұмтылысқа және 
сонымен бірге трансформация мүмкіндіктеріне және мәдениаралық өнімді 
диалогты жүзеге асыруымен байланысты. Диссертациялық зерттеу жұмысы 
диаспора мәдениетін сақтау мен мультикультурализм үрдістерінің әлемдік және 
өңірлік тұжырымдамаларына теориялқ талдау жасай отырып, Қазақстандағы 
диаспора мәденитеінің проблемаларын шешуге бағытталған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет