Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет335/877
Дата07.01.2022
өлшемі11,21 Mb.
#20111
1   ...   331   332   333   334   335   336   337   338   ...   877
зЕЙІ

зЕЙІ


236

дамды  етіп  тәрбиелеудің  ең  жақсы 

жолы болып табылады.

5) Зейінді болуды өзіңе үнемі ескер- 

тіп  отыру  керек.  Бір  сөзбен  айтқан- 

да, ырықты зейін деп іс-әрекетті жос- 

парлы түрде ұйымдастыруды айтады.

Зейіннің  екі  түрі  де  бір-бірінен  еш- 

қашан қалмай ілесіп отырады. Ырық- 

ты  зейін ырықсызға,  ырықсыз  зейін 

ырықтыға қарай жиі алмасады. Шын- 

дығында,  адамның  үнемі  ырықты 

зейін  жағдайында  болуы  мүмкін  де 

емес.  Оқушы  алғашқыда  жай  қы- 

зыққан  нәрсесіне  тікелей  зейінін 

аударады,  ал  содан  кейін  сабақтың 

мақсатына қарай тікелей қызық емес 

басқа материалдарға да зейін қояды. 

Алғашқы  уақытта  қызықсыз  болып 

көрінген сабақ кейін балаға түсінік- 

ті  бола  бастайды.  Бұл  кезде  оның 

ырықсыз зейіні сыртқа теуіп, ырық- 

ты зейінінің пайда бола бастағаны.

Зейіннің  үйреншікті  деп  аталатын 

түрі де бар. Үйреншікті зейін -адамға 

табиғи  сіңісіп  кеткен,  арнайы  күш 

жұмсамай-ақ орындалатын зейін. Мә- 

селен, бала оқуға төселсе, бұл оның 

тұрақты әдетіне айналса, оның зейі- 

ні де үйреншікті бола бастайды. Қан- 

дай нәрсеге болса да үйреніп, жатты- 

ғып  алған  соң,  адамның  іс-әрекеті 

дағдысына  айналады.  Үйреншікті 

зейіннің  де  табиғаты  осыған  ұқсас. 

Өйткені  үйреншікті  зейін  ырықты 

зейіннен дамып қалыптасады. Зейін- 

нің  қай  түрі  болмасын  іс-әрекеттен 

нәтиже шығаруға бағытталады. Егер 

адам жұмысқа өздігінен беріліп істе- 

се  ырықсыз  зейіні  көрінеді.  Бірақ 

ұзақ жұмысты тікелей қызығып істей 

беру де оңай емес. Мұндай жағдайда 

ырықты  зейінге  орын  беріледі.  Ыл- 

ғи  ырықты  зейінмен  жұмыс  істеу 

де  адамды  қажытып  шаршатады. 

Сондықтан  адам  жұмысты  зейіннің 

осы  екі  түрін  қатынастыра  отырып, 

үйреншікті  зейінмен  істеуді  әдетке 

айналдыруы қажет.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   331   332   333   334   335   336   337   338   ...   877




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет