Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет337/877
Дата07.01.2022
өлшемі11,21 Mb.
#20111
1   ...   333   334   335   336   337   338   339   340   ...   877
зЕЙІ

зЕЙІ


237

ғу,  жұмысты  бірнеше  сағат  бойы 

жақсы,  тұрақтап  істеуге  мүмкіндік 

береді. Адам соншалық ерік-жігермен 

зейін  салып  жұмыс  істеген  жағдай- 

да да оқтын-оқтын ойы бөлініп, басқа 

бір  затқа  ауып  отырады.  Осылайша 

зейіннің бірде әлсіздене, бірде күше- 

йіп  тұруын  зейіннің  толқуы  дейді. 

Толқу  –  зейіннің  табиғи  қасиеттері- 

нің бірі. Мәселен, бар ілтипатпен кі- 

тап оқыған адам да анда-санда бөтен 

ойға  түседі,  басын  көтеріп  жан-жа- 

ғына қарайды. Зейіннің мұндай тол- 

қуы, әрине, адамның көңіл аударған 

нәрсесіне ойының бөлінуіне, зейінін 

тұрақтатуына бөгет болмайды. Кейбір 

адамдардың зейіні толқымалы келе- 

ді.  Бұған  сыртқы  тітіркендіргіштер, 

эмоциялық әсерлер, сондай-ақ адам- 

ның  өз  еркін  билей  алмауы  себеп 

болады.


Зейінді ұзақ уақыт бойы іс-әрекетке 

жеткілікті  жұмылдыру  үшін,  әсіре- 

се,  оның  бөтен  нәрсеге  көңілі  ауып 

кетпеуін қадағалау керек. 

Бұл  көп  күш  жұмсауды  қажет  ете- 

ді.  Зейінді  алаңдататын  әр  түрлі  ті- 

тіркендіргіштерге  қарсы  күресу  қа- 

жетті шаралардың бастысы. Мәселен, 

ысқырған  дауыс,  қоңыраудың  сыл- 

дыры,  сырнай-керней  т.б.  адамның 

тынышын  кетіреді.  Зейінін  жақсы 

ұйымдастыра алатын адамдар осын- 

дай  жағдайда  да  жұмысты  тез  және 

сапалы  орындайтыны  байқалады. 

Адамды  алаңдататын  нәрселер  көп 

болғанмен,  олардың  барлығы  да  ке- 

сел тигізе бермейді. Мәселен, маши- 

наның гүрілі, музыканың әуені зейін- 

ді  аударатын  тітіркендіргіш  болған- 

мен,  оларға  шыдап  отыра  беруге 

болады. Ал қасындағы адамның ай- 

қай-шуы, реніш т.б. адамды күштірек 

алаңдатып,  жұмыс  істетпейді.  Әри- 

не,  бұларды  жоюдың  мүмкіндігі 

болмаса,  оған  көңіл  аудармай,  са- 

бырлылықпен  жұмыс  істей  беруге 

болады.  Әрине,  бұған  ерік-жігер 

қажет.  Осындай  ыңғайсыз  жерлерде 

жұмыс  істей  алушылық  –  адамның 

жақсы  қасиеттерінің  бірі.  Мәселен, 

орыстың  атақты  жазушысы  А.П.Че- 

хов жас кезінде көп әңгімелерін ойын-

күлкі,  той-думан  үстінде  жазса,  ал 

Мусоргский  мен  Бородин  өздерінің 

опералық  шығармаларын  қонақта 

отырып-ақ жаза беретін болған. Қан- 

дай жағдайда да адам зейінге кедергі 

келтіретін  нәрселерді  жеңе  алатын 

болуға тиіс. Тіпті тыныш жерде оты- 

рып  жұмыс  істеуді  ұнататын  адам- 

дар  да  өзін  ыңғайсыз  жағдайларға 

төселттіріп, кез келген жағдайда жұ- 

мыс  істей  алатындай  қабілетке  ие 

болуы тиіс.

2.  Зейіннің  аударылуы.  Зейіннің  ау- 

дарылуы  деп  бір  объектіден  екінші 

объектіге назарымызды көшіруді ай- 

тады.  Физиологиялық  тұрғыдан  ми- 

дағы  оптималдық  қозудың  ауысуы. 

Зейінді тез аудара білу қабілеті көбі- 

несе  жүйке  процестерінің  өзгерме- 

лілігіне байланысты. Кейбір адамдар 

бір  жұмыстың  түрінен  екінші  бір 

жұмысқа жеңіл көшеді, зейін қойып 

жаңа  жұмысты  тез  меңгеріп  кетеді. 

Бұл  икемді,  оңтайлы  зейіннің  көрі- 

нісі.  Екінші  біреудің  зейіні,  керісін- 

ше, басқа объектіге қиындықпен ауы- 

сады.  Зейінді  тез  аудара  білу  көл- 

денеңнен кез келген әсерлерге кідіру- 

сіз жауап беруде аса қажет. Мәселен, 

машинистерде зейінді тез аудара бі- 

лу  қасиеті  жөнді  жетілмеген  болса, 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   333   334   335   336   337   338   339   340   ...   877




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет