Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет338/877
Дата07.01.2022
өлшемі11,21 Mb.
#20111
1   ...   334   335   336   337   338   339   340   341   ...   877
зЕЙІ

зЕЙІ


238

олардың жұмыста түрлі сәтсіздіктер- 

ге  ұшырауы  мүмкін.  Мектеп  жағ- 

дайында балалардың зейінін бір пән- 

нен екінші пәнге, программаның бір 

бөлімінен екінші бөліміне, жұмыстың 

бір  түрінен  (үй  тапсырмаларын  сұ- 

рау) екінші түріне (жаңа сабақты тың- 

дау кезі) үнемі аударып отыруға тура 

келеді. Зейінді аудара алу оқушының 

ерік  сапалары  біраз  дамыған  кезде, 

әсіресе оқу материалдарын түсінген 

және  оларды  ұмытпайтындай  етіп 

меңгерген  жағдайда  ғана  мүмкін 

болады.  Мұғалімнің  материалды 

жүйелі етіп, бір ізбен жақсы түсінді- 

руі,  өткен  материалды  дұрыс  қоры- 

туы,  оқылатын  жаңа  тараудың  мақ- 

сатын айқындауы, жаңа материалды 

тыңдауға  және  түсінуге  оқушылар- 

дың дайындығын тексеру т.б. зейін- 

нің  дұрыс  аударылуына  себепші 

болады.

3. Зейіннің бөлінушілігі. Адам сана- 

сының бір мезгілде бірнеше әрекет- 

ті  атқара  білу  мүмкіншілігін  зейін- 

нің бөлінушілігі дейді. Адам зейінін 

екі-үш нәрсеге бөле алады.

Зейінді  бір  уақытта  түрлі  объектіге 

бөлуге болатындығын арнаулы зерт- 

теулер көрсетіп отыр. Мәселен, оқу- 

шылар өздері есеп шығарады, соны- 

мен  қатар  осы  кезде  басқа  оқушы- 

ның  тақтаға  шығарған  есебін  бақы- 

лайды,  оның  сөзін  тыңдайды  т.б. 

Студенттер бір мезгіл ішінде лекция 

тыңдайды,  түсінгенін  жазып  отыра- 

ды,  кітап  оқып  отырып  конспект 

жазады.  Еңбек  процесінде  зейін  бө- 

лінуінің маңызы бәрінен де зор. Қа- 

зіргі  кездегі  өндірістің  онан  сайын 

автоматталынуы  адам  зейінінің  бө- 

лінушілігін ерекше дамытуды қажет 

етеді.  Ал  машина  жүргізушілерге 

(машинист, шофер т.б.) бірнеше нәр- 

сеге зейін бөлушілік қаншама маңыз- 

ды екендігі түсінікті. Олар бір кезең- 

де руль механизмін басқарады, жол- 

ға назар аударады, тормоз береді жә- 

не т.б... Бұл операциялардың әрқай- 

сысы  зейінді  өте  шеберлікпен  бөле 

білуді  қажет  етеді.  Мұғалімдік  қыз- 

метте  де  зейінді  бірнеше  объектіге 

бөле  білудің  маңызы  зор.  Мұғалім 

бір  мезгілде  сабақтың  мазмұнын, 

формасын  сабақ  оқыту  жоспарына 

сәйкес  тексеріп  отырады,  барлық 

сынып ұжымы мен жеке оқушылар- 

дың  тәртіп  сақтауын,  сабаққа  қалай 

қатысып  отырғанын  байқайды.  Тә- 

жірибесі аз, жас мұғалім кейде бар- 

лық сыныпты, не жеке оқушыларды, 

не өзінің айтып тұрған сөзін бақылай 

алмай қалады да зейінін бытыратып 

алады.  Осының  салдарынан  сынып- 

та  сабақ  нашар  ұйымдастырылуы 

мүмкін. Зейінді екі объектіге бірдей 

бөлу үшін ең кемінде біреуіне іскер 

болу және мұндай объекті бір-біріне 

байланысты  болуы  шарт.  Зейінді 

бөлудің  физиологиялық  негіздері 

жөнінде  И.П.Павлов  былай  дейді: 

«...біз бір іспен, бір оймен айналыса 

жүріп,  өзіміз  әдеттеніп  кеткен  тағы 

басқа  бір  істі  істей  жүреміз,  яғни 

сыртқы тежелу механизмі бойынша, 

ми  сыңарларының  тежелудегі  бө- 

лімдерімен қызмет істейміз, өйткені  

біздің  басты  ісімізбен  байланысты 

ми  сыңарларының  пункті  бұл  кезде 

қатты қозуда болады».

4.  Зейіннің  көлемі.  Зейіннің  көлемі 

деп бір уақыттың ішінде оның қам- 

титын объектілерінің санын айтады

Зейін  көлемін  анықтауға  байланыс- 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   334   335   336   337   338   339   340   341   ...   877




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет