Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет339/877
Дата07.01.2022
өлшемі11,21 Mb.
#20111
1   ...   335   336   337   338   339   340   341   342   ...   877
зЕЙІ

зЕЙІ


239

ты  жасалған  тәжірибелер  адам  бір 

мезгілде  (секундтың  1/10  бөлігінде) 

орта есеппен әр түрлі 3-5 әріпті қам- 

ти алатынын, 12-14 әріптен тұратын 

мағынасы бар сөзді де осы мерзімде 

қамтитынын  көрсетіп  отыр.  Мектеп 

оқушыларының  әсіресе,  бастауыш 

сынып оқушыларының зейін көлемі 

ересек  адамдардың  зейін  көлемде- 

ріне  қарағанда  шағын  болатынды- 

ғы  сабақ  үстінде  мұғалімнің  есінде 

болуға тиіс, сондықтан да оқушылар- 

ға бір мезгілде сан жөнінде де, сапа 

жөнінде  де  белгілі  зейін  көлемінен 

артық  мөлшерде  материал  беруге 

болмайды.  Оқушылардың  зейін  кө- 

лемі  бір-бірімен  байланыспаған 

элементтерді қабылдаса, нашар өсе- 

тіндігін,  ал  логикалық  байланысы 

бар  элементтерді  қабылдаса,  олар- 

дың  зейін  көлемін  өсіретіндігін  мұ- 

ғалім еске алуы қажет.

Зейін көлемін арттыру үшін мұғалім 

балаларды  комплекс  заттарды  бай- 

қай  алуға,  оларды  дұрыс  бір  объект 

ретінде  қабылдауға  машықтандыр- 

ғаны  дұрыс.  Көрнекі  құралдардағы 

сөздер  тым  ұзақ  болмай,  ондағы 

сөздердің ең бастыларын бірден оқып 

түсіну үшін әріптерді түрлі бояумен 

безендіру  қажет.  Соңғы  айтылған 

тәсіл де бала зейінінің көлемін өсіру- 

ге жағдай жасайды. Физиологиялық 

тұрғыдан зейін көлемін өсіріп, ұлғай- 

ту  мидағы  оптималдық  қозуы  бар 

алапты  кеңейте  түседі.  Бұл  бірнеше 

қозулардың бір қозу жүйесіне бірігуі 

болып  табылады.  Бірден  біраз  нәр- 

сені қамти алатын зейінді көлемі кең 

зейін  дейді  де,  объектілерді  жөндеп 

қамти  алмайтын  зейінді  көлемі  тар 

зейін  дейді.  Зейіннің  тар  көлемдісі 

де  жарамсыз  қасиет  емес.  Әңгіме 

істен  дұрыс  нәтиже  шығара  алуын- 

да.  Адамның  мамандығы,  айналыс- 

қан ісі оның зейініне әсер етпей қой- 

майды. Мәселен, өне бойы сағат ме- 

ханизмімен  шұқшия  жұмыс  істеп 

отыратын мастердің зейін көлемі ай- 

тарлықтай  болмайды.  Микроскоп- 

пен жұмыс істейтін ғалымның зейіні 

де осы іспеттес.

5.  Зейіндегі  шашыраңқылық.  Зейін- 

нің  шашыраңқылығы  белгілі  бір 

объектіге саналы түрде зейінді ұйым- 

дастыра  алмаушылықты  айтады.  Әр 

нәрсеге  ауып  кете  беретін  жаңғалақ 

адамдардың зейіні көбінесе осындай 

болады.  Зейіннің  шашыраңқылы- 

ғы  сондай-ақ  адам  қатты  шаршап, 

болдырған  кезде  де  жиі  кездеседі. 

Мұндай  жағдайда  оның  миында 

біркелкі  тұрақты  қозу  алабы  жаса- 

лындайды, қозу мен тежелу процес- 

тері  бір-бірімен  алмасуы  тәртіппен 

жүріп  отырмайды.  Зейіннің  осы  қа- 

сиеті  адам  психологиясынан  тұрақ- 

ты  орын  алса,  оған  берекелі  әрекет 

ету қиынға соғады. 

Мектеп  жасына  дейінгі  балаларда 

зейіннің шашыраңқылығы жиі ұшы- 

райды.  Өйткені  олар  әлі  күрделі  іс- 

әркетпен  айналыспағандықтан,  зе- 

йіннің жоғары түрлері өз дәрежесін- 

де болмайды.

Зейіннің  шашыраңқылығына  ұқсас 

көріністер адамның бір жұмысқа қат- 

ты беріліп істеген кездерінде де бай- 

қалады.  Адам  қатты  үңіліп  жұмыс 

істеген  кезде  басқа  еш  нәрсені  сез- 

бейді,  елемейді.  Осындай  жағдай- 

да  ол  айналысындағы  өзгерістерді 

байқамайды.  Мұндай  адамдардың 

зейінін  уақытында  бөле  алмаушы- 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   335   336   337   338   339   340   341   342   ...   877




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет