337
сар баланың психологиясын былай
сипаттайды: «Үш жасар бала бір ты-
ным жоқ «басты қатырады» деп ше-
шесі зарлайды. Үш жасар бала істі
өзі орындағанды жақсы көреді. Өзім
істеймін деп араласады. Сұрамайтын
сөзі жоқ, неге бұлай? Ол өзі ұстап
байқағанды жақсы көреді. Кісіні шар-
шатады. Ат болады, түйе болады.
Шешесі болып ойнайды, тағы да басқа
ойын дүниесіне кіріседі... Үш жа-
сардың сөзінің түбі жоқ. Айтқанды
тыңдауға, тынымсыз, сөзбен жағалас
жүреді... Нәрсенің бәрін білгісі ке-
леді... Тапқан заттарының бәрін ойын
қылады... Ойын – оның шын тірші-
лігі... Төңіректегі нәрседен өзіне қы-
зықты ғана көзіне түсіп, ықылас тар-
тады...».
Бұдан 70 жыл бұрын айтылған осы-
нау психологиялық сипаттамалар-
дың қазіргі ғылыми психология айта-
тын түйіндерден ешбір айырмашы-
лығы жоқ, өресі биік, сындарлы ой-
пікір екендігіне шүбә келтіруге бол-
майды.
Н.Құлжанова қазақ отбасыларында
мектепке дейінгі бала тәрбиесінде
орын алып келе жатқан кейбір кем-
шiліктерді көрсетеді. «Жас балаға
үлкендер тыныш отыруды бұйырады.
Үйге қамап қояды. Шамасынан ар-
тық қызмет тапсырады. Қазақ қызда-
рын үйге отырғызып қояды. Балалар
далаға шығып, басқалармен ойна-
ғысы, қозы қуғысы келеді. Үлкеңдер
өз еркімен жүргісі келген балаға зор-
лық жасайды... Баланың өзіне кере-
гін істетпей, «адам болмайсың» деп
ұялтады... Онан білгенінің көбіне кө-
ңіл бөлмейді... Бала ойнақтаған құ-
лын-тайдай, желкілдеген гүлдей өсуі
керек».
Қазақ баласының психологиялық
ерекшеліктерін жазбай танитын ол
ересектер мен бөбектер арасындағы
қарым-қатынас мәселесіне айрықша
мән береді. Бұл жөнінде ол былай
дейді: «Балаға сусындай керегінің
бірі – сөйлеу. Түрлі білімнің түбірі –
баланың сөйлеуі, білуге құмарлығы.
Сұрағына жауап бермей «мазамды
алма» деп, үнемі баланың бетін қай-
тару арқылы оның сол білімге құмар-
лығының негізін жоғалтып жіберуге
болады», – дей келе автор, бала ойы-
ны тану, білу құмарлығымен ұшта-
сып жататындығын ескертеді.
Н.Құлжанова баланы жас кезінде
көбінде табиғат аясында бағып-қағу-
дың тиімділігін айтады: «Жараты-
лыстың, – деп жазды ол, – өз дү-
ниесінде, даланың кеңшілігінде шыл-
пылдап суына түсіп, жүгіріп, құспен
бірге сайрап, көбелек қуып, шыбын-
шіркей, құрт-құмырсқамен бірге көк-
орай шалғын, тоғай арасында сай-
раңдап жүріп, көңілі де, жан-тәні де
бірдей тегіс өсіп, өркендемек». Ол
осы пікірін әрмен қарай жалғастыра
келіп: «Әрбір құлықты, жақсы адам
мінезінің түпкі негізінде болатын ең-
бек ету, жан және дене мүшелерінің
машықтары бала әдетіне төңіректе-
гінің бәріне еліктегіш, тал-шыбықтай
икемді, нәзік, жас кезінде кіріп, сіңіп
қалады», – дейді автор. Ойын бала-
сының мектеп жасына дейінгі бүкіл
тыныс-тіршілігі, оның мектепте алар
тәлімінің әзірлік сатысы болып табы-
латындықтан осы кезеңдегі тәлім-
тәрбиеге ерекше мұқият қараудың ма-
ңыздылығына тоқталады.
Н. Құлжанова мектепке дейінгі тәр-
биенің басты бағыттарын «Тән сау-
лығы», «Баланың сырт сезімдерінің
Достарыңызбен бөлісу: