Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет476/877
Дата07.01.2022
өлшемі11,21 Mb.
#20111
1   ...   472   473   474   475   476   477   478   479   ...   877
Байланысты:
Психология энциклопедиялық сөздік

ҚҰНАНБАЕВ АБАЙ (ИБРАҺИМ) 

(1845-1904) – қазақтың аса көрнекті, 

ағартушы-демократ, кемеңгер-ойшыл, 

философ ақыны. Оның шығармашы- 

лығында  психологияның  негізгі  мә- 

селесі  –  жан  мен  тәннің  арақатына- 

сы,  адамның  психологиялық  даму 

жолындағы тәрбие мен білімнің атқа- 

ратын қызметі, сондай-ақ бала психо- 

логиясы мен қоғамдық, ұлттық пси- 

хологияның жекелеген мәселелері де 

(адамның жеке басына және жас дең- 

гейіне байланысты ерекшеліктер, әдеп, 

үлгі-өнеге, өзін-өзі тәрбиелеу жайлы 

оқу  мен  үйретудің  психологиялық 

негіздері,  ұлттық  мінез-құлық,  т.б.) 

көрініс  тапқан.  Ол  бұларды  талдап- 

талқылағанда  адамның  психология- 

лық өмірінің қыры мен сырына жара- 

тылыстық-ғылыми  тұрғыда  түсі- 

ніктеме бере қоймайды. Алайда, Абай 

тұжырымдарының  ауқымы  мен  те- 

реңдігі  –  оның  әлем  психологтары- 

ның еңбектері мен таныс болғанды- 

ғын  айқын  дәлелдейді.  Нақтырақ 

айтсақ, оның психологиялық көзқарас- 

тары  Аристотель,  әл-Фараби  көзқа- 

растарымен астарласып жатады. Оның 

таным  процесіне  байланысты  ма- 

териалистік  түсініктері  Аллаға  сену 

мен жанның мәңгілігі туралы ұғым- 

дармен  араласып  отырады.  «Өлсе 

өлер табиғат, адам өлмес», «Көк тұ- 

ман  –  алдыңдағы  келер  заман»,  т.б. 

өлеңдерінде  ойшыл  ақын  адамның 

тәні ғана өледі, ал жаны ешқашан да 

өлмейді деп тұжырымдайды.

Абай  қоршаған  ортаның  шындығын 

мойындай  отырып,  ақыл  мен  сана 

еңбек  барысында  қалыптасатынды- 

ғы  туралы:  «Ақыл,  ғылым  –  бұлар 

кәсіби», – дейді. «Ғылым сол үшеуінің 

жөнін  білмек»,-  деп,  Абай  адамның 

ішкі жан-дүниесінің ақыл, сезім жә- 

не қайрат секілді қуаттарын біртұтас 

етіп  алады.  «Он  жетінші  сөзінде» 

(қайрат, ақыл, жүректің сөз таласты- 

руы)  тек  бірлесіп,  ынтымақтасқан 

жағдайда ғана күш алатын үш түрлі  

жан  құбылысын  әдеби-публицисти- 

калық  тұрғыдан  көрсетпек  болады. 

Ойшыл ақын негізгі үш бастау-ақыл,  

сезім және қайрат арасындағы тартыс 

арқылы адам мінезінің қарама-қайшы- 

лықтарын  дұрыс  түсіндіреді.  Осы 

сұхбаттың логикалық үйлесімі, дәлел- 

дері  терминдік  сөздердің  байлығы 

(мақсат, кішіпейілділік, әділдік, қайы- 

рымдылық,  елгезектік,  қатыгездік, 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   472   473   474   475   476   477   478   479   ...   877




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет