498
жұмысшылардың 8 сағаттық жұмыс
күнін енгізу керек деген талабын
физиология ғылымы негізінде дә-
лелдеді. Орыстың революционер-
демократы Н.Г.Чернышевскиймен,
оның отбасымен тығыз байланысты
болды. Чернышевский өзінің «Не іс-
теу керек?» деген романында Кирса-
нов пен Вера Павлованың бейнесі
арқылы Сеченовпен оның әйелі Бо-
кованың іс-әркеттерін суреттейді.
И.П.Сеченов өз өмірінің ең соңғы
минуттарына дейін орыс ғылымы-
ның озат өкілдері – Тимирязев, аға-
йынды Ковалевскийлер, Мечников,
Менделеевтермен бірге Ресейдегі
реакцияның қара күшіне қарсы,
материалистік көзқарастың жеңісі
үшін бар күш-қуатын жұмсады.
Оның асқан қарапайымдылығы, та-
маша лекторлық қабілеті мен ұстаз-
дық өнегесі тек өз замандастарының
арасында ғана емес, бүкіл орыс
қауымына ерекше әсер етті.
Сеченовтың ғылымдағы дәстүрін
академик И.П.Павлов ілгері қарай
дамытты. Ол Сеченовтың еңбегін
жоғары бағалап, оны «орыс физио-
логиясының атасы» деп атады.
СИГНАЛ (лат.
signum – белгі). Ана-
лизаторлардың т.б. қабылдаушы
жүйелердің сипатына қарай: оп-
тикалық, акустикалық, тактильдік,
электромагниттік, химиялық, био-
ритмдік және т.б. сигналдар болады.
Бұл айтылғандар психофизиология
мен нейропсихологияда, психофизи-
када, ииженерлік және жалпы пси-
хологияда перцептивтік процестерді
зерттеу кезінде, әлеуметтік психоло-
гияда коммуникация процестерін
зерттеуде кеңінен пайдаланылады.
СИНЕРГЕТИКА (грек. synergia –
ынтымақтастық) – күрделі жүйелер-
дің бей-берекет күйден реттелген
күйге өту процесін зерттейтін және
осы жүйе элементтерінің арасында-
ғы белгілі бір байланыстарды аша-
тын ғылым. Мұндай байланыстар ке-
зінде элементтердің жүйе шеңберін-
дегі жиынтық әрекеті нәтижелілігі
жөнінен элементтердің әрқайсысы-
ның әрекеттерінің қарапайым қо-
сындысынан асып түседі. Дербес
ғылым ретінде XX ғасырдың 70-
жылдарының ортасында пайда бол-
ды. Педагогика үшін әдіснамалық
принциптердің бірі болуға бет алды.
Өйткені педагогикалық процесте
мақсаткерлік өзара әрекеттестік шең-
берінде нақ осы ғылым зерттейтін
нәтижелер шығатыны білініп отыр.
СИНЕСТЕзИЯ (грек,
synaisthe-
sis – қосарласқан түйсік) – тітіркен-
діргіштер сезім мүшелерінің біреуін
тітіркендіргеңде оған тән түйсіктер-
мен қатар басқа сезім мүшелеріне
де тән түйсіктердің пайда болуы.
Мысалы, кейбір адамдар бір дыбыс
естігеңде бұған қоса әртүрлі дәм
мен түстерді де сезінуі мүмкін. Ен-
ді басқалары сары түсті заттарды
көргенде жылылықты қоса сезінеді
де, ал көк, жасыл түсті көргенде –
суықты сезінгендей болады. Есту,
көру, сипай сезу, иіс, дәм түйсікте-
рінде кездесетін бұл құбылыс өмір-
де жиі кездеспейді. С. – түйсіктердің
өзара байланысының мөлшерден тыс
дамыған бір көрінісі болып табыла-
ды. Мысалы, кейбір адамдарда есту
түйсіктерімен қатар көз алдарына
көптеген бейнелер пайда болады, бұл
патологияға жатады.
Достарыңызбен бөлісу: