Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет89/877
Дата07.01.2022
өлшемі11,21 Mb.
#20111
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   877
АФАз

АФФЕ


64

қарашықтары ойнақшып, ерні күбір- 

лейді.  А.  жағдайда  жан  дүниесінің 

толқуы дені сау адамдарда да кездесе- 

ді. Егер бойын ашу-ыза кернеген адам 

А. ұшырағанда ақыл-есінен айырылып, 

не  істегенін  білмейтін  болса,  ондай 

адамдардың  жан  дүниесі  күйзеліске 

ұшырап,  ауруға  душар  болған  адам 

деп саналады.

А.  (ашуланған,  долданған  хал,  ашу 

қысқанда  уақытша  естен  адасу).  А. 

деп кейде адамдарда тез, бірақ күшті 

және өте қарқынды өтетін психикалык 

(эмоциялық) жағдайдың ерекше түрін 

атайды.


А-тің  екі  түрі  бар:  физиологиялық 

аффект және патологиялық аффект. 

Ф.а. кезінде ұрысқан адам ашуланып 

жаман сөздер айтып, ұрып та жіберуі 

мүмкін. Бұл жағдайда сана өзгермейді, 

амнезия  болмайды,  адам  күш  салса 

өзін-өзі ұстай алуы мүмкін. П.а. жағ- 

дайында адам өзіне-өзі есеп бере ал- 

майды, оның белгісі сананың түнеруі 

және  болған  оқиғаның  естен  толық 

шығуы. Физиологиялық аффект пен 

патологиялық аффектіні ажыратудың 

соттық-психиатриялық  істе  маңызы 

зор.  Аффектілеу  (ашуланғандықты, 

долданғандықты сөз арқылы, кейіп-кел- 

бет арқылы білдірушілік). А. – субъект 

үшін  маңызды  болып  табылатын 

өмірлік жағдаяттардың кенеттен өзге- 

руінен  туындайтын  күшті  және  са- 

лыстырмалы  қысқа  мерзімді  жүйке- 

лік-психикалық қозу.

А. айқын көрінетін қозғалыстық кө- 

ріністермен  және  ішкі  мүшелердің 

қызметіндегі өзгерістермен, еріктік қа- 

дағалаудың  жоғалуымен  және  эмо- 

циялық күйзелістерді өте қатты көр- 

сетумен бірге жүреді. А. болған оқиға- 

ға жауап ретінде сыртқа шығады. А. 

күйі үшін зейіннің А. тудырған жағ- 

дайларға тұтас шомылумен бірге жү- 

ретін сананың тарылуы тән. Сананың 

бұзылуы  А.  тудырған  оқиғаны  еске 

түсіре алмауға, ал өте күшті А. кезін- 

де сананың мүлдем жоғалуы мен то- 

лық  амнезияға  әкелуі  мүмкін.  А.  – 

адамның  көңіл  күйінің  кенеттен  өз- 

геріп, зор қарқынмен бұрқан-талқан 

болып сыртқа тебуі. Адам сезімдері- 

нің  көпшілігі  А.  дәрежесінде  жетуі 

мүмкін. Мыс., қорқу

 

сезімінің алғашқы 



сатысы тынышсызданып, сескенуден 

басталып,  одан  соң  үрейлену  сезімі 

пайда болады, ол күшейе келе, кісінің 

зәресі  ұшып,  А.  сатысына  жетеді. 

Қуаныш кернеген немесе қайғы-қасі- 

ретке душар болған адамның да бұл 

эмоциялары  А.  түріне  өтуі  мүмкін. 

Аффекттің физиологиялық негізі ми 

қабығында туған, күші жағынан па- 

рапар  екі  қарама-қарсы  реакцияның 

қақтығысуында. Осы қақтығысуға бай- 

ланысты жүйкелік үрдістер барысын- 

да кездесетін кенеттен пайда болған 

өзгерістер аффекттің жүйкелік меха- 

низмі болып табылады.

Егерде осындай өзгерістер адамның 

жүйке  әрекетінде  ұзақ  уақыт  орын 

тепкен  байланыстарды  бұзса,  оның 

мінезінде невроз тууы мүмкін. А. се- 

зімдері адамның бойын билеп алған 

кезде, оның сыртқы әлпетінде де ерек- 

ше  өзгерістер  туады.  Қазіргі  кезде 

психологиялық, физиологиялық тех- 

никаны пайдалану арқылы тыныс алу, 

жүректің соғуы, тері сияқты мүшелер- 

дің өзгерістерін ғана емес, ми жұмы- 

сын да зерттеп электрэнцефалограм- 

масын жазып алуға болады. Адамның 

вегатативті жүйке жүйесі А. кезінде 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   877




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет