Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет92/877
Дата07.01.2022
өлшемі11,21 Mb.
#20111
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   877
АФФЕ

АФФЕ


66

алмайды;  ол  мидың  және  организм- 

нің бүкіл көлемін қамтитын морфоло- 

гиялық (орталық және перифериялық, 

афференттік  және  эфференттік)  құ- 

рылымдарға жататын әр түрлі нейрон- 

дардың өзара әрекеттесу процесі бо- 

лып табылады.



АФФИЛИАЦИЯ  (ағылш.affili-

ate  –  қаз.  қосу,  қосылу)  –  адамның 

топпен  бірге  болуға  мотивациялық, 

эмоциялық  қажеттілігін  білдіретін 

ұғым. А. адамның басқа адамдармен 

бір ортада болуға, олармен өзара әре- 

кеттесіп, біреуге көмек беруге, қолдау 

көрсетуге, және сонымен қатар, басқа 

тарапынан  да  сондай  көмекті  алуға 

талпыныс  түрінде  көрініс  табады. 

Ол  әсіресе,  адамның  қатты  стреске, 

депрессияға,  қорқыныш  пен  үрейге 

душар болғанда, өзіне-өзі сенімсіздік- 

тің  арту  жағдайында  қарқынды  кө- 

рінеді. Себебі А. психиканы мобили- 

зациялап, сезімдік-эмотивті күйзеліс- 

терді бәсеңдетеді. А. – адамның бас- 

қа  адамдардың  қоғамында  болуға 

ұмтылуы. Адамның айналадағы адам- 

дармен жағымды эмоционалды: дос- 

тық, жолдастық т.с.с. жайларды сақ- 

тауға және бекітуге қажетсінуі. А-ға 

бейімділік, субъект ықтимал қауіпті- 

лігі  бар  стресс  жағдайына  ұшыра- 

ғанда  байқалады.  А.  –  адамның  ай- 

наладағылармен  жағымды  эмоция- 

лық, достық, жолдастық қатынастар- 

ды сақтап және бекітуге бағытталған 

адамның  қажеттілігі.  Адамдармен 

дара эмоционалды жақын болуға ұм- 

тылысы.


АХУАЛ  –  бұл  ұғым  көбінесе  топ- 

тық  психологияға  байланысты  ай- 

тылады. Сондықтан оны «әлеуметтік-

психологиялық ахуал» немесе «пси- 

хологиялық  атмосфера»  ұғымымен 

белгілейді. Бұған топ пен ұйымдағы- 

лардың өзара қарым-қатынасы, көңіл 

күйі мен ынтымақтығы, бірін-бірі тү- 

сіне  алу,  тәртіп  пен  жауапкершілік, 

топтық борыш пен намыс, үйреншікті 

жұмыс стилі, ортақ пікір, өзара сын 

т.б. осы секілді компоненттер кіреді. 

Оң жақсы ахуалға, сондай-ақ топта- 

ғылардың бір-біріне деген шексіз се- 

німі, басқалардың ақыл-кеңесіне құлақ 

асу, бір-біріне деген шынайылық пен 

жылы  шырайды  жатқызуға  болады. 

Еңбек өнімділігі, оның нәтижесі ұжым- 

дағылардың кәсіби шеберлігі мен дағ- 

дысы, білімі мен икемділіктерінен ға- 

на  тәуелді  болмай,  мұндағы  қалып- 

тасқан жұрттың тұрақты көңіл күйіне 

де байланысты болады. Мәселен, жақ- 

сы көңілмен 3 секундта орындалатын 

бір деталды 1,6 секундта орындауға 

болады  екен,  ал  ұрыс-керіс,  дау-да- 

май  бар  жерде  адам  30  минутке  де- 

йін өзіне-өзі келе алмайтындығы анық- 

талған. Сөйтіп, көтеріңкі көңіл күйі, 

білек сыбанған құлшыныс, жарасқан 

ынтымақ, жолдастық көмек, бірін-бі- 

рі демеу, қандай ауыр жұмыс болса да, 

оның  нәтижелі  орындалуына  себеп- 

ші болады. Мұндайда еңсені басар са- 

ры уайым, жабырқау мен түңілу, жал- 

ғызсырау  ұрыс-керіс  болып  жары- 

майды да, шығармашылық іске аса қа- 

жетті қолайлы ахуал орнайды. Осын- 

дай ахуал ұжымдағы адамдардың пси- 

хологиясына жақсы әсер етеді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   877




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет