Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет88/877
Дата07.01.2022
өлшемі11,21 Mb.
#20111
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   877
АФАз

АФАз


63

дандырып,  дұрыс  сөйлеу  мен  жазу-

сызуға деген әрекетін дамыту арқылы 

сөздердің  мағынасын  дұрыс  түсіне 

білуге жүйелі түрде машықтандыра- 

ды. Қимыл-қозғалыс пен сезімдік А-

лар өзге балалардың сөйлеуі мен сөз 

мағынасын түсіну қабілетінен біржо- 

ла айырылып қалуы сияқты кемістікке 

де ұшырауы мүмкін. Сондай-ақ А-ға 

байланысты  кейбір  сөздердің  мәнін 

ұмытып қалуы сияқты кемістікке де 

душар болады.

А.  бала  психикасының  қалыпты  да- 

муына кедергі жасағанмен, оны ақыл-

ойы кеміс балалар қатарына жатқызу- 

ға  болмайды.  Баланың  сөйлеуіндегі 

А. қалпына түсіру үшін логопедиялық 

шаралар қолданып, емдеу жұмыстары 

жүргізіледі. А. сөйлеу әрекетінің әр- 

қилы  түрлерінің  жүйелі  бұзылуын 

білдіреді. А. сөйлеу аппараты әрекет- 

терінің және естудің қарапайым түр- 

лерінің  сақталуы  жағдайында  сөй- 

леудің фонемалық, морфологиялық жә- 

не синтаксистік құрылымының бұзы- 

луы түрінде көрініс табады.

Нейролингвистиканың  түсініктеріне 

сәйкес А. келесі себептерден пайда бол- 

ған жүйелі бұзылыс болып табылады:

1) алғашқы реттік дефект;

2)  алғашкы  реттік  дефектінің  сал- 

дарынан болатын екінші ретті бұзы- 

лыстан;


3) бұзылған функцияны компенсация- 

лауға бағытталған ми қызметін функ- 

циялық өзгертуден.

А.  сөйлеу  іс-әрекетінің  бұзылысына 

әсер  еткен  фактордың  біріне  байла- 

нысты жеті түрін біліп көрсетеді:

1) сенсорлық А. – фонемалық естудің – 

сөздердің дыбыстық құрамын ажыра- 

та алмау – бұзылысы; ауызша сөйлеу- 

ді түсінудегі қиындық;

2) акустикомнестикалық А. – есту – 

сөйлеудің естің бұзылысы;

3) негізінде көру есінің бұзылысы жа- 

татын оптикомнестикалық А.;

4)  белгілі  бір  логикалық  құрылым- 

дарды, мыс., әкенің ағасы, ағаның әке- 

сі, жаздың алдындағы көктем сияқты 

құрылымдарды  түсінудің  бұзылысы 

болып  табылатын,  сонымен  қатар, 

санау мен кеңістіктік ойлаудың бұзы- 

лысымен  бірге  жүретін  семантика- 

лық А.;


5) моторлық афференттік А. – сөздер- 

ді айта алмау, бір дыбыстарды екін- 

шісімен алмастырудан көрінетін сөй- 

леу бұзылысы;

6)  моторлық  эфференттік  А.  –  сөй- 

леу актілерінің кинетикалық ұйымда- 

суының бұзылысы, сөйлеу таптаурын- 

дарының инерттілігі салдарынан бір 

сөзден немесе буыннан екіншісіне ауы- 

судың қиындығы;

7) динамикалық А. – сөйлеуді жоспар- 

лаудың  бұзылысы  түрінде  көрінетін 

сөйлеудің бірізділігінің бұзылуы; ауыз- 

ша және жазбаша белсенді сөйлеудің 

бұзылуы.

АФФЕКТ  (лат.  affectus  –  қаз.  жан 

дүниесінің  толқуы, жан  ұшыру,  кү- 

йіп-пісу).  Адамның  кездейсоқ  тітір- 

кендіргіштердің теріс әсер етуінен жан 

сезімінің  толқуы.  Мұндай  сезімдік 

толқулар  ұялу,  ренжу,  наразы  болу, 

таңдану  салдарынан  пайда  болады. 

А-тің қоздырушы күшті (стеникалық) 

түрі, мыс., қайғыру, жек көріп өшігу 

және әлсіз (астеникалық) деп аталатын, 

мысалы,  қорқыныш,  мұңаю  түрлері 

бар. А-тік жағдайда адамның бойын 

ашу-ыза  мен  қайғы-қасірет  билеп, 

оның өңі бозарады не қызарады, көз 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   877




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет