151
Мысалы, жеке тұрған ағаштың абсолюттік биіктігін табу керек
(12 сурет). Керекті өлшемдерді жүргізген соң, d = 12 мм, d
1
= 4 мм
өлшемдері белгілі болды. Биіктік қимасы h = 10 м, осыдан:
Анықталып жатқан биіктік Н = 210 + 3,3 = 213,3 м.
12-сурет. Нұктелердің абсолюттік және салыстырмалы биіктігін анықтау
Берілген құламаның еңісін анықтау үшін рамканың оңтүстігінде
еңістер шкаласы беріледі (13-сурет).
13-сурет. Еңісті анықтау
Горизонталдарды еңісті бейнелеу қасиеті картада оның пішінің
анықтауға мүмкіндік береді. Оның бірнеше түрі болады (14-сурет).
А нүктесі жатқан жердің пішінің анықтау үшін оның екі жағынан
да бірнеше горизонталь белгілеп, кимасын салып алу қажет. Содан
кейін 14-суретте берілген мысалдармен салыстыра пішінің анықтау.
Түзу Дөңес Ойыс
Сатылы
14-сурет. Жер бедері пішіндерінің түрлері