1. Абай ақындығының алғашқы кезеңдерін көрсетіңіз


Абай өлеңдеріндегі эстетикалық көзқарастары



бет11/58
Дата02.03.2023
өлшемі317,29 Kb.
#71070
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   58
10. Абай өлеңдеріндегі эстетикалық көзқарастары
Қазақ халқының эстетикалық ойының шыңы қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы ұлы ағартушы демократ Абай Құнанбаев шығармашылығы болды.Егер Шоқан мен Ыбырайдың эстетикалық көзқарастары осы күнге дейін ғалымдардың зерттеулернің арнайы тақырыбы болмаған болса, Абайдың эстетикалық көзқарастары қазақтың көрнекті жазушылары, әдебиеттанушылары, өнертанушылары М.Әуезов, С.Мұқанов, М.Сильченко, А.Жұбанов, М.Қаратаев, Б.Ерзакович, З.Ахметов еңбектерінде жарық көрді. Бұл авторлардың еңбектерінде Абайдың эстетикалық көзқарастарының және ұлы орыс революцияшыл демократтары Белинский,Чернышевский және Добролюбов көзқарастарының үндестігі туралы, сондай-ақ Абай өзінің көркем шығармашылығында реалистік орыс, батыс және шығыс әдебиетін кең пайдаланғандығы туралы айтылған. Жарық көрген Абай шығармашылығы туралы ғылыми еңбектер мен диссертацияларда оның шеберлігі, оның поэзиясы мен прозасының қазақ әдебиеті мен өнерінің тарихи дамуындағы рөлі мәселелері көрініс тапты.
Абайдың философиялық мұрасын талдауға көңіл аз бөлінді. Профессор К. Бейсембиевтің "Абай Құнанбаев дүниетанымы" атты бір ғана жұмысы бар, бұл да, автордың мойындауынша, "әдебиеттану саласында маман болмағандықтан, ақын ойшылдың негізгі эстетикалық түсініктеріне қысқаша ғана тоқталуды жөн көрдім" деп жазды ол. Сонымен философия тұрғысынан Абайдың эстетикалық көзқарастары тыңғылықты зерттеген еңбектер әлі жоқ.
Абайдың философиялық, эстетикалық көзқарастары оның көркем шығармашылығы барысында қалыптасқандығын және сондықтан дұрыс әрі аяқталған бүтіндей
болмағандығын, ескеруміз керек. Оны суреткер ретінде толғантқан, құбылыстардың көптеп бағалануы озық идеялар ағымы мен жағдайлар әсерінен өзгеріп отырған, бірақ эстетиканың негізгі мәселелеріне, мысалы, әсемдік және оның өмірмен байланысы, қоғам өміріндегі өнердің рөлі және басқаларына оның қатынасы тұрақты болды. Көркем шығармашылықты Абай өзінің педагогикалық ойлары мен халықты көркемдік тәрбиелеудің құралы ретінде пайдаланды.
Абай өлеңдері көркем. Олар Абайдың өзі шығарған әуендермен қосылғанда одан да көркем болады. Мұндай өлеңдерге: "Көзімнің қарасы", "Желсіз түнде жарық ай" және т.б. жатады. Махаббат тақырыбы Абай шығармашылығында айрықша үлкен орын алды. Нәзіктік пен адалдық - "Ғашықтық, құмарлықпен - ол екі жол", "Қор болды жаным", "Айттым сәлем, қаламқас", "Ғашықтың тілі - тілсіз тіл" сияқты өлеңдердің ерекшеліктері.
Күнделікті өмірді - қазақ даласындағы кеш мезгілін былай жырлайды:
"Желсіз түнде жарық ай
Сәулесі суда дірілдеп,
Ауылдың жаны - терең сай,
Тасыған өзен гүрілдеп.
Қалың ағаш жапырағы,
Сыбырласып өзді-өзі.
Көрінбей жердің топырағы,
Құлпырған жасыл жер жүзі.
Келмеп пе едің жол тасып
Жолығуға аулаққа?
Дем ала алмай дамыл қып,
Елең қағып, бос шошып"'.
Дамыған әсемдік сезімі бар, Абай сұлулықты, алғашқыда көзге түспейтін жерден де таба алатын. Жаңбырлы күздің өзі де оның жанын баурайтын және шабытын отатын. Ол берген сурет, көз алдыңа келе қалады. Өзіңіз көз жеткізіңіз:
"Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан,
Күз болып дымқыл тұман жерді басқан.
Білмеймін тойғаны ма, тоңғаны ма, Жылқы ойнап, бие қашқан, тай жарысқан?
Жасыл шөп бәйшешек жоқ бұрынғыдай,
Жастар күлмес, жүгірмес бала шулай.
Қайыршы шал кемпірдей түсі кетіп
Жапырағынан айырылған ағаш, қурай.
Қазақтардың сол кездегі әлеуметтік жағдайы да Абай өлеңдерінде айқын көрініс тапты. Мысалы, ол қысты суреттейді.
Абай қоғам өміріндегі ақынның рөлі мен орнын, поэзия міндетін жоғары бағалаған. Өзіне тән мақтанышпен Абай қазақ поэзиясының керемет сұлулығын, оның адамның рухани дамуындағы мәнін:
"Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы", "Адамның кейбір кездері",
"Базарға қарап тұрсам, әркім барар", "Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін", "Біреудің кісісі өлсе, қаралы - ол" өлеңдерінде атап өтеді. Мысалы, Абайдың ақын парызы туралы айтқан пікірлерінің бірін келтірейік:
"Әділет пен ақылға
Сынатып көрген-білгенін,
Білдірер алыс, жақынға
Солардың сөйле дегенін.
Ызалы жүрек, долы қол,
Улы сия, ащы тіл
Не жазып кетсе, жайы сол..."
Абайдың ақынның қоғамдық рөлі мен орны туралы ойлары А.С. Пушкиннің, М.Ю. Лермонтовтың ойларына үндес. Міне, сондықтан ол ана тіліне Пушкин мен
Лермонтовтың осы тақырыпта жазған өлеңдерін аударды. Мысалы, "Адамның кейбір кездері" атты өлеңі өзінің негізгі бөлігінде М. Ю.Лермонтовтың "Журналист, оқырман және жазушы" өлеңдерінен еркін шығармашылық аударма болып табылады. Абай бұл шығармасында Лермонтовтың негізгі ойын таба білді. Абай пікірінше, кім халқының барлық рухани талаптарын тани білсе және ағартушылыққа көмек көрсетсе сол нағыз ақын. Адамға кез келген поэтикалық шығарма емес мазмұны жағынан шыншыл және жоғары көркемдік формадағы шығарма ғана эстетикалық ләззат береді.
Бұл ойын Абай өзінің "Өлең - сөздің патшасы..." өлеңінде айтады:
«Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы
Қиыннан қиыстырар ер данасы.
Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп,
Теп-тегіс жұмыр келсін айналасы.
Бөтен сезбен былғанса сөз сарасы,
Ол - ақынның білімсіз бейшарасы.
Айтушы мен тыңдаушы көбі - надан,
Бұл жұрттың сөз танымас бір парасы».
Ақындық шығармашылықты жоғары бағалай отырып, Абай ақындарды өзінің жоғары атағын мақтан тұтуға және байлардың көңілін аулау үшін дарынын текке шашпай, халқына қызмет етуге шақырды.
"Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін,
Жоқ - барды, ертегіні термек үшін.
Көкірегі сезімді, тілі орамды,
Жаздым үлгі жастарға бермек үшін.
Бүл сөзді тасыр ұқпас, талапты ұғар.
Көңілінің көзі ашық, сергек үшін.
Өлеңі бар, өнерлі інім, сізге
Жалынамын, мұндай сөз айтпа бізге. ".
Абай жоғары дәрежелі көркем туындыларды шығару және халыққа қызмет ету туралы ойламайтын, жеңіл табыс табуға ғана талпынатын, көркемдік дәрежесі нашар және идеялық мазмұны жоқ шығармалар жазатын ақындарды қатал сынға алған.
Олар туралы Абай былай жазды:
"Қобыз бен домбыра алып, топта сарнап,
Мақтау өлең айтыпты әркімге арнап.
Әр елден өлеңменен қайыр тілеп,
Кетірген сөз қадірін жұртты шарлап.
Мал үшін тілін безеп, жанын жолдап,
Мал сұрап біреуді алдап, біреуді арбап,
Жат елде қайыршылық қылып жүріп,
Өз елін бай деп мақтап, құдай қорғап.
Қайда бай мақтаншаққа барған таңдап,
Жиса да бай болмапты, қанша малды ап.
Былжырақ көрінеді соларды аңдап".
Адамның эстетикалық дамуындағы поэзияның рөлі мен мәнін атап өтіп, Абай сондай көркем шығармаларды тыңдаушылар мен оқырмандардың рөлін де көрсетеді. Олардың шынайы көркем құндылықтарды барлық нашар, идеясыздан ажырата алу қабілеті болу керек, сонда ғана олар поэзиядан нағыз ләззат алады деп санады ол Абай бұл туралы былай деп жазады:
"Ұйықтап жатқан жүректі ән оятар,
Үннің тәтті оралған мәні оятар,
Кейі зауық, кейі мұң дертін қозғап,
Жас балаша көңілді жақсы уатар".
Абай халықтың эстетикалық талғамын қалыптастыра алатын құрал поэзия деп санады. Поэзия адамдарға шындыққа жол көрсетуге қабілетті деп сенген ол:
"Білімдіден шыққан сөз
Талаптыға болсын кез
Нұрын, сырын көруге
Көкірегінде болсын көз
Жүрегі - айна, көңілі - ояу,
Сөз тыңдамас ол баяу.
Өз өнері түр таяу,
Ұқпасын ба сөзді тез".
Абай шығармаларында өнердегі форма мен мазмұнның өзара қатынасы мәселелері де өз көрінісін тапқан. Абай ақындардың форма мен мазмұн бірлігін сақтауы қажеттігін атап өткен, сондай -ақ шығарманың идеялық мазмұнын да жоғары бағалаған. Абай пікірінше, идеялық жағынан алтын мазмұн поэзияда көркем сұлулықпен үйлесім тапқан жағдайда ғана, ол адамға білім де, эстетикалық ләззат та әкеледі.
"Өлеңге әркімнің - ақ бар таласы,
Сонда да солардың бар таңдамасы.
Іші алтын, сырты күміс сөз жақсысын
Қазақтың келістірер қай баласы?".
Абайдың өзі қазақ поэзиясын жаңа мазмұнмен ғана емес, жаңа формамен де байытты. Сөйтіп ол қазақ эстетикалық мәдениетіне елеулі үлес қосты. Абай өз шығармаларында әсемдік, сұлулық, талғам, эстетикалық сезім ұғымдарына арнайы талдау жасамайды, бүл ұғымдардың мазмұнына қатысты пікірлерді ақынның түрлі
өлеңдерінде табамыз. Мысалы, төменде берілген өлеңде ол эстетикалық сезімді дамыту қажеттілігі туралы айтады:
"Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста,
Сонда толық боласың елден бөлек".
Абай адамда эстетикалық сезімнің қалыптасуының жолын көрсетуге тырысады. Мысалы, өзінің қара сөздерінің бірінде ол былай деп жазды: "Жас бала ... не көрсе соған талпынып, жалтыр жұлтыр еткен болса, оған қызығып, аузына салып, дәмін татып қарап..., сырнай керней болса даусына ұмтылып, көзі көрген, құлағы естігеннің бәрін сұрап, тыныштық көрмейді". Адамның эстетикалық сезімін дамыту үшін,оны көркем шығармашылыққа баулу қажет. Бұл қажеттілікті өтеу үшін, адам өмірдегі барлық әсемдікке талпынады: "Кімде-кім сырттан естіп білу,көріп білу секілді нәрселерді көбейтіп алса, ол көп жиғаны бар адам: сынап, орындысын, орынсызын бәрін де бағанағы жиған нәрселерінен есеп қылып, қарап табады.Бұлай етіп бүл қарекетке түсінген адамды ақылды дейміз".
Өз шығармаларында Абай адам сұлулығын былай суреттейді: "Адамды оның ақылы, білімдарлығы, абыройы мен әсерлігі сұлу етеді. Басқа түк те емес".
Басқа жерінде де ол: "Адам құндылығы оны нашар адамдармен емес, ең жақсыларының жақсысымен салыстырғанда анықталады", - дейді. Абай шығармаларында алғашқы рет өнер адамның эстетикалық дамуының құралы ретінде көрсетілген. Міне, ол қазақ даласында кең тараған көркем шығармашылық түрі әннің ықпалымен адамда эстетикалық сезімдердің қалыптасуын былай суреттейді:
"Туғанда дүние есігін ашады өлең,
Өлеңмен жер қойнына кірер денең.
Өмірдегі қызығың бәрі өлеңмен,
Ойлансаңшы бос қақпай елең-селең.
Өлеңді айтпақ түгіл, ұға алмайсың.
Айтсаң да, ұддасынан шыға алмайсың.
Сен білмейді екен деп айтпайсың ба,
Неге мұнша сіресіп құп алмайсың?
Қарны тоқ қаса надан ұқпас
Сөзді ұғар, көкірегі болса көзді
Қадірін жақсы сөздің білер жанға
Таппай айтпа оған да айтар кезді".
Абай болашақ алдындағы өзінің ақын ретінде жауапкершілігін айқын білген,бірақ қазақ қоғамындағы рулық феодалдық қатынастар жағдайындағы өзінің күресінің бүкіл
қиындығын да түсінген. Келер ұрпаққа арналған сөздерінде, сол уақытта оған күресу қандай қиын болғанын түсініп, ол туралы қатал пікір айтпауын сұрады:
"Жүрегіңнің түбіне терең бойла,
Мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла.
Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім
Мыңмен жалғыз алыстым, кінә қойма!".
Өз халқының мәдени дамуының қажеттілігін түсінген Абай, әркез өзінің жанына дарынды ақындарды, әншілерді, әңгімешілерді жинаған, олар оның әңгімелерін есте сақтап, естігенін халық арасында таратуға қабілетті еді. Төңкеріске дейінгі қазақ әдебиетін зерттеушілердің көбі осындай дарынды әңгімешілердің бірі деп Баймағамбетті атайды. Тыңдаушыларға кітап мазмұнын айтпас бұрын, ол тиянақты дайындалған: тыңдаушыларға әсерлі болуы мақсатында барынша мәнерлікке қол жеткізу үшін мимикасын, дене қимылын меңгерген. Осындай әңгімешілердің эстетикалық көзқарастары мен талғамдарының қалыптасуына ықпал етіп, Абай олардың көмегімен қазақ даласында өзінің шығармаларын таратып қана қоймай, сондай-ақ орыс және батыс классиктерінің де шығармаларын таратты. Нақ осы жолмен қазақтар Александр Дюманың "Үш ноян", "Генрих Новаррский" атты шығармаларымен, Конан Дойльдің "Шерлок Холмс жазбаларымен",Лермонтов поэмаларымен, Пушкиннің өлеңдерімен, шығыстың "Шахнама", "Ләйлі -Мәжнүн", "Мың бір түн" поэмаларымен танысты. Сонымен Абай әңгімешілер мен ақындардың эстетикалық дамуына көмектесіп қана қоймай, халықтың қалың бұқарасының да эстетикалық көзқарастары мен талғамдарының қалыптасуына қызмет етті. Абай шығармашылығы, халық ауыз әдебиеті тудырған рухани құндылықтардың дамуы мен жалғасы болып, Қазақстанның тамаша ақындары мен жазушыларының шығармашылығы үшін жандандыратын қайнар бұлақ болды. Абай поэзиясы оның ізбасарлары С. Көбеев, С. Торайғыров, С. Дөнентаев және басқалардың шығармашылығында өз жалғасын тапты. Оның шығармашылығының таусылмас бұлағынан міне жарты ғасырдан астам уақыт өтсе де, ғалымдар да, өнер қайраткерлері де нәр алады. Өзінің ақындық шығармашылығы мен эстетикалық көзқарастарымен Абай өз оқырмандарын, Қазақстанда ғана емес, әлемдік деңгейде тапты. Абайдың үйлесімділікке толы өлеңмен берілген ғажайып поэтикалық образдары, оқырмандары мен тыңдаушыларында эстетикалық сезімді дамытады әрі тәрбиелейді, олардың өнегелікке және барлық жақсылық пен әсемдікке ұмтылысын оятады. Абайдың эстетикалық көзқарастары оның этикалық көзқарастарымен тығыз байланыста,сондықтан оның шығармалары адамға өмірдегі сұлулық туралы ғана емес, жоғары өнегелік туралы да мағлұмат береді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет