1. Анатомия пәніжәнемаңызы. Клиникадажәне медицина практикасында анатомия пәнініңмаңызы. Анатомиялықтексерістердіңшараларыжәнеәдістері. Адам анатомиясы



бет106/202
Дата07.12.2022
өлшемі0,58 Mb.
#55509
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   202
Тік ішек қабырғаларының құрылысы. Тік ішек қабырғалары: шырышты, шырышасты, бұлшықеттік және сірлі қабыктардан тұрады (№53 сурет). -Тік ішектің шырышты кабығы, tunica mucosa, жылтыр, бүрлері жоқ, шырышты бездер мен дараланған лимфа түйіншелеріне өте бай (№54 сурет). -Шырышасты негіздің, tela submucosa, құрамы аралығында қантамырлар мен лимфа тамырлары, нервтер орналасқан іркілденген дәнекер тіндерден құралған. Шырышасты негіздің жақсы дамуына байланысты шырышты қабықтың бетінде бойлық және көлденең қатпарларды құрайды: а) тік ішектің бойлық қатпарлары, plicae longitudinales, шырышасты негізінің қалыңдығына, созылмалық қасиетіне байланысты, тұракты және тұрақсыз қатпарлардан тирады. Тік ішектің артқы өтіс өзегі, canalis anales, тұрақты 8-10 катпарлардан немесе артқы өтіс бағаналарынан, columnae anales, тұрады. Бұл бойлық катпарлар нәжістің еркін өтуін қамтамасыз етеді. ә) тік ішектің көлденең катпарлары, plicae transversales recti, ол тік ішектің өту жолы шеңберінің 1/3 бөлігін құрайды. Көлденең катпарлар, тік ішектің артқы өтіс өзегінің жоғарғы бөлігінде спираль бағытта орналасып, нәжістің өтуін жеңілдету қызметін аткарады. Артқы өтіс қойнауларының, sinus anales, төменгі бөлігінде, шырышты қабығы мен шырышасты негізі дөңгелек артқы өтіс жапқыштарын, valvulae anales, кұрайды. Ол жоғарыда бойлық артқы өтіс бағаналармен, columnae anales, жалғасқан. Артқы өтіс жапқыштарының терең қабаты тік ішектік гемморойдалық веналық өрімдерден, plexus haemmorhoidalis, тұрады. Бұл аймақты гемморойдалық аймақ деп, қабынуын гемморой деп атайды. -Тік ішектің бұлшықеттік қабығы, tunica muscularis, бірыңғай салалы ішкі көлденең, сыртқы бойлық еттік қабаттан тұрады: а) сыртқы бойлы қ қабаты, stratum longitudinale, біркелкі орналасып, төменде арт-қы өтісті көтеруші бұлшықетке, т.levator ani, жалғасады. ә) ішкі көлденең қабаты, stratum transversalis seu circulare, тік ішектің артқы өтіс тесігінің еріксіз ішкі қысқыш бұлшықетін, т. sphincter ani internus, құрайды. Артқы өтіс тесігінің сыртқы кысқыш бұлшықеті, т. sphincter ani extemus, артқы өтіс тесігінің ішкі қысқыш бұлшықеті мен терінің аралығында орналаскан. Топографиялық орналасуына карай бұл бұлшықет шат аралық бұлшықеттерге жатады. Қызметі: нәжістін сыртка шығуын реттеу. -Тік ішектің сыртқы беті сірлі қабықпен біркелкі жауып орналаспаған. Тік ішектің проксималді бөлігі интраперитонеалді, ортаңғы бөлігі мезоперитонеалді, ал төменгі бөлігі экстраперитонеалді жағдайда жауып орналаскан.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   202




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет