1. Атауы: Аксолотльдің бауыры Бояуы: Гематоксилин-эозин. Х 400


-пигментті жасушаның ядросы



Pdf көрінісі
бет51/72
Дата08.12.2022
өлшемі8,53 Mb.
#55820
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   72
1-пигментті жасушаның ядросы- Меланоциттің ядросы дөңгелек немесе тұрақты 
емес, гетерохроматиннің біркелкі бөлінбеуімен, ядролық қабықта шоғырланған.
2-пигментті дәндері(меланин) бар цитоплазма 


Меланоциттердің өзіне тән ультрақұрылымы бар. Олардың цитоплазмасында 
әртүрлі органеллалардың едәуір саны сақталады. Цитоплазмалық желі жақсы 
көрінеді, митохондрия саны айтарлықтай. Гольджи Плиталық кешені жасушаларда 
өте дамыған. Цитоплазмада везикулалар, рибосомалар және полистер көп
лизосомалардың аз мөлшері бар.  
Қызметі: Меланоциттер қорғаныс функциясын орындайды, өйткені меланиннің 
шығарылуы дененің ультракүлгін сәулелерге реакциясы болып табылады. 
Меланоциттер меланинді (қара-қоңыр (эумеланин) немесе сары-қызыл 
(феомеланин) синтездейді, олар көзді, теріні және шашты бояуға жауап береді) және 
жасуша денесінде процестерге тасымалданатын меланосомаларда жиналады.
Орналасуы:Пигментті жасушаларда. 
 
Атауы: Ядро құрылысы 
Бояуы жок
Құрылыс ерекшілігі: Интерфазалық жасушада ядро 4 компоненттен 
тұрады: 
1. Кариоплазма 
2. Хроматин 
3. Кариолемма 
4. Ядрошық 


Кариоплазма- ол ядро аумағындағы биохимиялық процестердің 
жиынтығын қамтамасыз етіп, ядро мен цитоплазма арасындағы заттар мен 
энергия ағымын бағыттайды. Кейде "ядролық шырын" деп те аталады. 
Хроматин- хромосомалардың ДНҚ-ның деконденсацияланған, 
деспирализацияланған түрі. Екі түрге бөлінеді: эухроматин және 
гетерохроматин.
Кариолемма- ол екі мембранадан тұрады. Оның қызметі: ядро 
компартментінің биохимиялық процестерін гиалоплазма метаболизмінен 
бөлу және ядродан цитоплазмаға рибосомалардың тасымалдануын реттейді.
Ядрошық- нуклеола деп те аталады. Ядрода бір емес бірнешеу болуы 
мүмкін. Ең тығыз құрылым. Ядрошық рибосомалардың түзілуіне және РНҚ 
синтезіне жауап береді. Электронды микроскопия кезінде аморфты 
компонент, перинуклеолярлы хроматин, гранулярлы компонент, 
фибриллярлы компонент ядрошықтан байқалады.
Қызметі: Көбеюге қатысады. ДНҚ-ның сақталуын қамтамасыз етіп, ақуыз 
синтезіне қатысады. Тұқым қуалайтын ақпаратты жүзеге асыру, генетикалық 
ақпаратты жасушалардың бір ұрпағынан келесі ұрпағына беру қызметтерін 
атқарады. Кей жағдайда апоптозды іске асырады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет