1. Атауы: Аксолотльдің бауыры Бояуы: Гематоксилин-эозин. Х 400


Ядро қабығындағы саңылаулар



Pdf көрінісі
бет53/72
Дата08.12.2022
өлшемі8,53 Mb.
#55820
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   72
Ядро қабығындағы саңылаулар- ядро мен жасуша цитоплазмасы арасында 
үнемі күрделі зат алмасу жүріп отыруына байланысты, ядро мембранасында 
саңылаулар болады. Бұл саңылаулар- саңылау комплексі деген 
құрылымдардан тұрады. Мұндай саңылаулардың құрамында глобулярлы 
және фибриллярлы ақуыз молекулалары болады. 
Хроматин түйіршіктері-эухроматин және гетерохроматин. Эухроматин- 
генетикалық материалдың максималды деконденсация аймақтары, ядроның 
ақшыл бөліктері. Гетерохроматин- хромосомалар тығыздалып, РНҚ синтезі 
төмендегенде гетерохроматинге айналады. 
Ядрошық- нуклеола деп те аталады. Ядрода бір емес бірнешеу болуы 
мүмкін. Ең тығыз құрылым. Ядрошық рибосомалардың түзілуіне және РНҚ 
синтезіне жауап береді. Электронды микроскопия кезінде аморфты 
компонент, перинуклеолярлы хроматин, гранулярлы компонент, 
фибриллярлы компонент ядрошықтан байқалады. 
Түйіршікті (гранулярлы) эндоплазмалық тор- тұйық мембранамен 
қоршалған қапшықтар мен түтікшелер түрінде көрінеді.Мембрана беткейіне 
көп рибосомалар бекінген.Құрамындағы рибосомалары ақуыздың синтезіне 
қатысып, синтезделген ақуыздарды жасушалардан шығаруғада қатысады. 
Акуыз синтезімен қоса, синтезделген заттарды тасымалдау қызметіне де 
белсенді қатысады.
Қызметі: Тірі ағзаның ең ұсақ бөлігі. Жасуша әртүрлі оргоноидтардан 
тұрады. Соған байланысты әртүрлі қызмет атқарады. Тұтас организмнің 
тіршілігін қамтамасыз ететін қызметтерді атқарады.
Орналасуы: жасуша жасуша орталығында орналасады.Барлық тірі ағзаға 
тән. 


1.Атауы: Аксолотльдің бауыры 
2.Бояуы: Гематоксилин-эозин. Х 400 
3.Боялуының толық түсінігі: жасушалардың ядролары гематоксилинмен 
көк түске боялған, ал жасуша цитоплазмасы эозинмен яғни қызғылт түске 
боялған. Жалпы, гематоксилин негіздік бояу болып табылады. Боялу 
қабілетін базофилия деп атайды,ал олармен байланысып, көк немесе күлгін 
түске боялатын жасуша құрылымдары - базофильді деп аталады. Эозин - 
қышқылдық бояу болып табылады. Боялу қабілетін оксифилия деп аталады. 
Бояуды сіңіріп қызғылт немеме қызыл түстес реңдерге боялатын 
құрылымдар оксифильді немесе ацидофильді деп аталады. Жасуша 
цитоплазмасының ацидофильді боялатын құрылымдары митохондрия, сілтілі 
ақуызды секреторлық гранулдар, эритроциттердің сілтілі ақуызы-гемоглобин 
т.б жатады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет