1. Атауы: Аксолотльдің бауыры Бояуы: Гематоксилин-эозин. Х 400



Pdf көрінісі
бет54/72
Дата08.12.2022
өлшемі8,53 Mb.
#55820
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   72
4.Құрылыс ерекшеліктері: 
1-көпбұрышты бауыр жасушалары 
2-жасуша ядросы 
3-цитоплазма 
4-жасуша шекарасы 
5-капилляр 


Көпбұрышты бауыр жасушалары —дөңгелек келген бір, екі не одан да көп 
ядролары жасуша цитоплазмасының орта шенінде орналасады. Гепатоцитте 
қан протеиндерін (альбуминдер, фибриноген, протромбин) жасайтын 
гранулалы эндоплазмалық тор, өт пен гликогенді түзуге қатысатын 
агранулалы эндоплазмалық тор, аталған процестерді іс жүзіне асыруға 
қатысатын Гольджи кешені, митохондриялар, рибосомалар, лизосомалар өте 
жақсы жетілген. 
Жасуша ядросы-хромосомалары бар жасушаның негізгі органоиды. Оның 
екі жарғақшадан тұратын қабығы бар. Ядро жарғақшасының шұрықтары өте 
көп, сол шұрықтар арқылы ядро мен цитоплазма арасында заттардың 
белсенді тасымалы іске асады. Сыртқы жарғақша эндоплазмалық тор 
өзекшелерімен қосылып, өзекшелердің біртұтас жүйесін түзеді. 
Цитоплазма - плазмалық мембрана арқылы бөлінген жасушаның ядросын 
қоршап жатқан қоймалжың зат. Цитоплазмада гиалоплазма, органеллалар 
және тұрақсыз қосылыстарды ажыратады. Цитоплазманың серпімділік, 
жартылай өткізгіштік және басқа сұйық заттармен араласпайтын ерекше 
қасиеттері бар. Айналмалы қозғалыста зат алмасу процесі жақсы жүреді. 
Цитоплазма қозғалысымен бірге ондағы органоидтар да қозғалады. 
Жасуша мембранасы - жасушаның сыртын қаптайды, май, көмірсулық және 
нәруызды заттардан түзіледі. Жарғақшаның қызметі: жасушаның ішіндегі 
барлық қоректік заттар өткізеді, қажетсіз өнімдерді шығарады. Себебі 
плазмалық жарғақшаның өте жұқарған жерін саңылау дейді. Заттардың 
барлығы саңылаулар арқылы өтеді. 
Капилляр - ең жіңішке және тым жұқа қабырғалы тамыр болып саналады. 
Олар қан мен ұлпалар арасындағы зат алмасуды іс жүзіне асырады. 
5.Қызметі: құрылысы күрделі болатын бұл құрамдастар бірін-6ipi 
толыктырып, жасушаның өз муддесіне лайық және тұтас организмнің 
тіршілігін камтамасыз ететін кызметтерді аткарады. Ас қорытуға қажет өт 
бөледі. қуат көзі — гликоген қорланады, қан плазмасының протеиндері 
(фибриноген, альбуминдер, протромбин) түзіледі, майды өндеуге, жасушалар 
жарғақтарына тым қажет холестерин алмасуына қатысады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет