1 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


Нақыл сөздердің мән-мағынасын түсіндіріп беріңіз!



Pdf көрінісі
бет28/260
Дата14.09.2023
өлшемі6,3 Mb.
#107714
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   260
Нақыл сөздердің мән-мағынасын түсіндіріп беріңіз! 

Ар-ождан алдындағы адалдық – өз қадір-қасиетіңе, ізгі іс-әрекетіңе 
байланысты (әл-Фараби). 

Ғылым адам санасына болмысы бөлек, ерекше ұтырлы ұғымдарды 
орнықтыру арқылы ғана терең ұялайды (әл-Фараби). 

Ғылыммен айналыссам деген адамның ақыл-ойы – айқын, ерік-жігері –
зор, тілек-мақсаты – ақиқат пен адалдыққа қызмет етуге талап жолында 
болуы шарт. Жәй ләззат іздеу, кәсіпқұмарлыққа ұқсас әрекет онда 
болмасқа керек (әл-Фараби). 

Адамның басына қонған бақыттың тұрақты болуы жақсы мінез-
құлыққа байланысты (әл-Фараби). 

Ақыл-парасат – адамның ойлауына, пайымдауына, ғылым мен өнердің 
қыр-сырын ұғуына, жақсы қылық пен жаман қылықтың ара жігін 
ашуына көмектесетін күш (әл-Фараби). 

Егер ұзақ өмір сүргің келсе ... онда ұнтақталған грек жаңғағы аралас 
балды үзбей жей бер (ибн-Сина). 

Поэтикалық шығармалардың қай-қайсысы да бір нәрсені қиялмен 
жақсы бейнелеп шығуға ғана арналады (әл-Фараби).

Өнердің теориясын меңгеру – дегеніміз өнерге қатысты мәселелерді 
ақыл арқылы ұғыну және талғам қабілетін игеру (әл-Фараби). 

Бақыт, қуаныш және ләззат сезімдері асқан сұлу, ең әсем және аса 
көркем дүниелерді қолмен ұстағандай айқын және кемел дүниелер 
ретінде танып-білу арқылы ғана пайда болып, толық болмысқа ие 
болады (әл-Фараби).

Қолыңда жоққа қам жеме, барыңнан босан, бауырым (Омар Хайям). 
 


88 
Қайталауға арналған тест сұрақтары: 
1.
Танымның үш сатысын зерттеген, Аристотель философиясына тәнті 
болған, Басра және Бағдатта тұрған, алғашқы араб ойшылы:
әл-Кинди

2.
«Адамдар – адамзаттыққа жататындықтан өзара тату болуы керек» 
деген сөзді айтқан, Отрардан шыққан ғұлама:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   260




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет