1. «Қазақстан тарихы» пәнінің міндеті мен мақсаты, деректік көздері және тарихнамасы


Ұлы Жібек жолы және оның Евразия халықтарының тарихындағы рөліне түсінік беріңіз



бет11/26
Дата10.05.2023
өлшемі74,78 Kb.
#91642
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   26
12.Ұлы Жібек жолы және оның Евразия халықтарының тарихындағы рөліне түсінік беріңіз.Ұлы Жібек жолының пайда болу тарихына үңілсек, осынау тарихи жолдың жібек саудасына байланысты «Жібек жолы» атанғаны түсінікті. Ал «Ұлы» сөзінің оған қосылуы жолдың кең байтақ Шығыс пен Батыс өлкелерін байланыстыруында болды. Сондықтан бұл жол «Ұлы Жібек жолы» деп аталды.Біздің заманымыздан бұрынғы екінші ғасырдың орта шенінде Жібек жолы елшіліктің және сауда-саттықтың тұрақты желісі ретінде қызмет атқара бастайды.Ұлы Жібек жолының тарихи маңызын атап көрсетсек:1)мұсылмандық діни орындар (мешіт, шығыс моншалары, ғибадатханалар, мавзолейлер тағы басқа) салынды;2)жер жаһанның барлық территориясын белгілі бір дәрежеде қамтыды;Әлемдік өркениеттер осы осы жол арқылы бір-бірімен ассимиляцияға түсе отырып, жаңа саяси-мәдени өркениеттердің қалыптасуына әсерін тигізді.Ұлы Жібек жолының басы Қытай жеріндегі Хуанхэ өзенінің аңғарындағы аймақтан басталады. Ол Ұлы Қытай қорғанының батыс шетінен өтіп, Іле мен Ыстықкөлге жетеді. Керуен жолдары алғаш рет император Удидің тапсыруымен батысқа саяхат жасайды, бұл жолмен дипломат Чзян-Цянь жүріп өтеді. Қытай елшісінің соңынан іле-шала жібек артқан керуендер батысқа қарай бет алады. Уақыт өткен сайын керуен жолдарының тармақтары жергілікті саяси-экономикалық жағдайларға байланысты жанданып немесе керісінше құлдырау кезеңдерін басынан кешіріп отырған.Алтыншы ғасырдың екінші жартысында Ұлы Жібек жолы Кореядан Қаратеңізге дейін созылып жатқан орасан зор, көшпелі империя Түркі қағанатының құрамына енеді. Алтыншы ғасырдың соңғы кезеңінде Ұлы Жібек жолының Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанды қамтитын бөлігі өзгеше жанданып, осы аймақтағы қала мәдениетін өркендетуге көп көмегін тигізеді. Жетісуда ол бірқатар қалалық орталықтың тууына әсер етсе, Қазақстанның оңтүстігінде қалалардың тез көркеюіне себепші болады. Орта Азия арқылы Оңтүстік Қазақстан мен Жетісуға келген сауда жолы он төртінші ғасырға дейін Қытайға баратын теңіз жолы игеріліп, бұрынғы көне жолдың жұлдызы сөнгенге дейін жұмыс істейді.Жетінші-он төртінші ғасырларда елшілік сауда керуендерінің дені Жібек жолымен жүретін. Сан ғасырлар бойы тынымсыз өзгеріп отырған оның бір бөлігі айрықша маңызға ие болып, көркейіп жатса, екінші бір бөлігі жабылып, ондағы қалалар мен сауда бекеттері қаңырап бос қалып отырған.Он бір-он екінші ғасырларда Қытайдан шығып, Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан арқылы батысқа қарай өтетін жол бәрінен де ерекше жанданады. Жолдың бұлай ауытқуын бірнеше себеппен түсіндіруге болады: біріншіден, Жетісуда Орта Азиямен жүретін сауда жолдарын бақылайтын Түркі қағандарының ордалары болатын; екіншіден, Ферғана арқылы жүретін жол жетінші ғасырда ішкі қырқыс салдарынан қауіпті болған еді; үшіншіден, аса бай түркі қағандары мен олардың айналасындағылар жолды аса көп пайдаланатындар қатарынан саналатын.Жетісу жерінен Шығысқа шығатын Ұлы Жібек жолының бірнеше бағыты болған:1. Оңтүстік-батыс Жетісу бағыты: Тараз – Алматы – Шелек – Сүмбе – Жаркент арқылы шығысқа шықты;2. Солтүстік-шығыс бағыт: Алматы – Қапшағай – Шеңгелді – Алтынемел – Дүнгене – Қойлық қалаларын басып өтіп, Алакөл жанымен Жоңгар қақпасы арқылы Қытайға шықты;3. Үшінші бағыт: Тараздан шығып Сарқан жері арқылы – Қазақстанның солтүсік-шығысына бет алады. Бұл жол Құлан – Хантау – Балатопар – Айнабұлақ бекеттерін басып өтеді.Оңтүстік Қазақстан – Ұлы Жібек жолының батысқа шығатын қақпасы. Жібек жолы Жетісу арқылы тартылған бағыттармен Таразда түйісіп, Испиджабқа келіп екі тармаққа бөлінеді.1. Оңтүстік-батыс бағыт: Испиджаб – Шаш Самарқан – Бұхара қалалары арқылы Батысқа шығады;2. Испиджаб – Шымкент – Отырар – Түркістан – Сауран – Сығанақ – Баршынкент. Баршынкенттен жол екіге бөлінеді: біріншісі Хорезмге бағытталды, екіншісі Жанкент – Арал теңізінің солтүстігі және Каспий теңізінің солтүстік-шығысы арқылы батысқа бет алды.Отырар – керуен жолдары торабында орналасқан қала. Отырардан шыққан бір жол – Шауғарға, екіншісі – Васидж қаласына барған. Васидждан шыққан жол Сырдың бойымен жоғары өрлеп Сүткент арқылы Шашқа, екіншісі төмен қарай Жент қаласына жеткен.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет