1. «Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы» пәні, мақсаты мен міндеттері, қоғамдық тарихи сананы қалыптастырудағы орны. «Қазіргі Қазақстан тарихы»


және 2021 жылңы Қазақстандаңы халық санағы халықтың этникалық және әлеуметтік құрылымындағы өзгерістерге талдау жаса



бет39/60
Дата26.05.2022
өлшемі245,11 Kb.
#35626
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   60
69.2009 және 2021 жылңы Қазақстандаңы халық санағы халықтың этникалық және әлеуметтік құрылымындағы өзгерістерге талдау жаса.
2009 жылғы Қазақстандағы халық санағы, халықтың этникалық және әлеуметтік құрылымындағы өзгерістер.
2009 жылғы халық сана­ғына елімізде ерекше маңыз берілген. Ол “Әркім де маңызды” ұранымен өткізіді. 2009 жылғы 1 қаңтардағы дерек бойынша елі­міз­де 15 миллион 778 мың адам тұра­ды. Халық ең көп шоғырланған өңірлер – Оңтүстік Қазақстан облысында 2 миллионнан астам, Алматы облысында 1 миллион 600 мың, Шығыс Қазақстан облысында 1 миллион 400 мың тұрғын бар. Алдағы халық санағы бұл дерек­тер­ге нақты өзгерістер мен толық­ты­рулар енгізетіні сөзсіз.
Елімізде халық санағын өт­кізуге жан-жақты дайындық жа­салынған. Санақ жүргізетін негізгі 53 мың 706 есепші-санақшы бел­гі­ленген. Оған қосымша жергілікті жерлерде негізгі жұмыс орын­да­рын­да 20 пайыз жалақысы сақта­лып, санаққа қатысатын 2 мың есепші-санақшы бекітілген. Сөйтіп, еліміз бойынша 2009 өткен халық санағын 58 мың 368 есепші-санақшы жүргізген. Санақ жұ­мысына бақылау жасайтын нұс­қаушылар тиісті оқу курсынан өткен. Сол сияқты ішкі істер, қорғаныс, әділет, төтенше жағдайлар орган­дарына қарасты мекемелерде санақ жүргізетін арнаулы топ та дай­ын­дықтан өткізілді. Алдын ала белгі­лен­ген есеп бойынша бір есепші-са­нақшыға жүктелетін міндет – 78 пәтерді аралап, жобамен 290 тұрғынның есебін алу. Есепші-санақшылар арнайы киім үлгісімен жабдықталДЫ. Олардың әрқайсысының қолында санақ бланкілері салынған көк түсті портфель, арнайы логотив белгісі бар көк түсті бөкебай, ысқырық және қолшамы болды.
Пәтерлерге есепші-санақшылардың атын жа­мылып, бұзық ойлы бөгде адам­дар­дың кіріп кетпеуі үшін ойласты­рыл­ған тағы да басқа шаралар бар. Санақ алдында әрбір тұрғылықты жерлерде, шағын аудандарда, елді мекендерде есепші-санақшыларды таныстыруға арналған арнайы кез­десулер мен жиналыстар өткізілді. Сондай-ақ, бірқатар қоғамдық орындарда стационарлық санақ учас­келері ұйымдастырылды. Мә­се­лен, темір жол вокзалдарында – 56, автокөлік вокзалдарында – 24, әуежайларда 10 осындай санақ учас­келері ұйымдастырылған. Елі­міз бойынша 1674 санақ бөлім­ше­лері құрылады. Түрлі себептермен санаққа кірмей қалған тұрғындар осы учаскелерге келіп, тіркелуіне болады.
Сонымен, 25 ақпан — 6 наурыз аралығында елімізде кезекті халық санағы өттіі. Санақ жұмысы тек осы мерзіммен аяқталған жоқ. 7-16 наурыз аралығында қайтадан бақы­лау санағы өткізіліп, қамтылмай қал­ған тұрғындардың есебі алына­ды. 16-18 наурыз аралығында санақ карточкалары есептеуден өткізіле бастады. Әр күн сайын халық са­на­ғының есебі беріліп отырады. Бел­гіленген меже бойынша күн сай­ын есепші-санақшылар 1 мил­лион 400 мың тұрғынның есебін алып отырған.
Селекторлық кеңесте халық са­на­ғын өткізуге байланысты жаса­лып жатқан шаралар туралы Сырт­қы істер, Қорғаныс, Ішкі істер, Әділет министрліктерінің және бас­қа да мемлекеттік органдардың өкіл­дері есеп берді.
Кеңесті Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов қорытындылап, он жылда бір өткізілетін бұл саяси-әлеу­мет­тік ша­раның маңыздылығына тоқ­тал­ды. Сондықтан санақты ұйым­дас­қан түрде сапалы дәре­жеде өткізу әрбір мемлекеттік орган­ның кезек күттірмес міндеті болып табылады.
«Халық санағы – ұлттық маңызы бар іс-шара. Санақтың жетістікпен өтуі халықтың санақ мақсаттары мен міндеттерін, оның маңызын түсінуіне байланысты. Санақты өткізу еліміздің әр азаматының қатысуы мен ынтымақтастығын талап етеді. Санақтың жетістілігі халық бұл іс-шараның мемлекеттік маңыздылығын және өз қатынасының мәнін, сонымен бірге санақ парағының сұрақтарына шынайы жауап беруінің қажеттілігін қаншалықты дұрыс ұғынуына тәуелді». Ә. Касенова, Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің Демографиялық және әлеуметтік статистика департаментінің директоры, Астана қ. Қазақстанда 2009 жылдың бірінші тоқсанында өткен соңғы онжылдықтың ең ірі ауқымды іс-шараларының бірі – Ұлттық санақ. Бұл науқан «елімізде қанша адам тұрып жатыр», «олардың ішінде ерлер мен әйелдердің, балалар мен қарттардың үлесі қандай», «еліміздің аумағында қанша және қандай ұлт өкілдері тұрып жатыр», «қазақстандық отбасылардың табыс деңгейі» сияқты және өзге де көптеген сұрақтарға жауап беру үшін арнайы өткізіліп отыр. Бұл көрсеткіштердің барлығы Қазақстанның ішкі мемлекеттік құрылымының айқын статистикалық әлеуметтік-экономикалық бейнесін көрсетуі қажет. Санақ нәтижелері өз кезегінде, мемлекетке болашақта саяси бағытты нақты деректердің негізінде айқынырақ құруына мүмкіндік берді. 2009 жылғы Халықтың ұлттық санағының ұйымдастырушылары – Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі қоғам арасында кең көлемді ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізуді. Бұл жұмыстың мақсаты 2009 жылы санақты өткізу бағдарламасының қағидалары мен әдістері туралы халықтың барлық топтарын ақпараттандыру болып табылады. Еліміздің көптеген азаматтары санақшылармен ешқашан кездеспеген де болуы мүмкін және сол себепті науқан барысында санақ рәсімі бойынша түрлі сұрақтар туындайтыны белгілі. 1999 жылы санақшыларды пәтерлер мен үйлерге кіргізбеген жәйттер де орын алған. Кейбір адамдар күдікпен қарап, сенімсіздік танытқан. Бұл жәйт, өткен санақтың нәтижелеріне өз әсерін тигізгені даусыз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет