1 билет Балалар әдебиеті туралы түсінік


Б.Соқпақбаев өмірі мен балаларға арналған шығармалары



бет30/30
Дата02.06.2023
өлшемі95,8 Kb.
#98103
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30
Байланысты:
балалар әдеб экзамен

2. Б.Соқпақбаев өмірі мен балаларға арналған шығармалары. Бердібек Ыдырысұлы Соқпақбаев (15 қазан 1924, Алматы облысы, Нарынқол ауданы, Қостөбе ауылы - 1991, Алматы) — қазақ балалар жазушысы.[1] Албан тайпасы Құрман руының Беснайза тармағынан шыққан • Қазақтың Абай атындағы педагогикалық институтын бітірген (1949). • Нарынқол ауданында мұғалім болды. • "Жұлдыз" журналында жұмыс істеген. • "Балдырған" журналында қызмет атқарған. • Қазақстан Жазушылар одағында түрлі қызмет атқарды (1952-70). • "Бұлақ" (1950) өлеңдер жинағы • "Он алты жасар чемпион" (1951) • "Бақыт жолы" (1952) • "Алыстағы ауылда" (1953) • "Балалық шаққа саяхат" (1960). "Балалық шаққа саяхат" атты повестьі бойынша жазылған киносценарий де фильмге түсірілді (1965). • "Дала жұлдызы" (1960) • "Аяжан" (1963, орыс тілінде 1965) • "Гауһар" (1966) повестерін жазды. • "Менің атым Қожа повестьі" (1957) кітабы балалардың сүйіп оқитын шығармасына айналып, орыс, украин, француз, литва, латыш, өзбек тілдеріне аударылды. 1963 жылы "Қазақфильм" студиясы сол кітап бойынша жазылған киносценарийді экранға шығарды. "Менің атым Қожа" фильмі француздың Канн қаласындағы жастар мен балаларға арналған кинофильмдердің халықаралық фестивалінде (1967) арнайы сыйлыққа ие болды. • "Бозтөбеде бір қыз бар" (1958) • "Әпенденің айласы" (1960) • "Менің атым Қожа" (1967) т. б. драмалық шығармалар жазды. • Б.Соқпақбаевтың қырқыншы жылдардағы жастар өмірінен жазған "Өлгендер қайтып келмейді" романы (1940-1974) орыс тіліне аударылып басылды (1969)
3. «Балалық шаққа саяхат» повесі. Повестің тілі, сюжеттік құрылымы. «Балалық шаққа саяхат» повестіне қысқаша әңгіме Бұл шығарманың басты кейіпкері – Бердібек. Қызығы мен қуанышы, қайғысы қатар өрілген балалық шағын еш өзгеріссіз қағаз бетіне түсірген. Апасының мойнына асылып жүрген кездері. Жалаң аяқ ауылдың ыстық топырағын басып, қара кешке дейін еш нәрсе сезбей ойнаған күндері. Балалық махаббаты... Текестің суы... Бердібектің барлық сыры мен жырына куә болған осы Текестің суы еді. Кенеттен Бердібектің басына қара бұлт үйіріледі. Оның анасы жастайынан көп қиындық көрген соң, аурушаң болады да ерте көз жұмады. Артында Тұрдыбек есімді шарана қалады. «Шешем жайлы» тарауында жазушы: «Әкемді алсаң, ал құдай, шешемді қой Шекпен тоқып берсе де, өлмеймін ғой»-деп әзіл аралас шындықты жайып салады. Сонымен қатар ана қасиетін, ана қадірін, ана құрметін анық көрсетеді. Анасынынан айырылып қалғаны Бердібекке өте ауыр соққы болады. Әр күні сабақтан келгенде анасы бір уыс қара талқанды дайындап қоятын. Үйде жейтін түк болмаған күндері де ол анасының асқазанын «алдайтын» бір үзім нан болса да тауып беретінін білетін. Анасы қолындағы соңғы затын берсе де, баласы үшін жанын беруге дайын еді. Бірақ бұл бақыты ұзаққа бармады. Алайда, кейіпкердің көңіліне жұбаныш болған ағасы Сатылған еді. Осы шаңырақтағы көзі ашық, көкірегі ояу, сауатты, ақ қағазды жанына серік қылған да ағасы еді. Ағасы әр кез інісінің білім алу үшін жағдай жасауға тырысатын. Өміріндегі алғаш рет үстіне жаңалап киген киімдерін де алып берген ағасы болатын. Жақсы әйел алып, үйдің берекесін кіргізген де ағасы болатын. Бердібек жеңгесін өзіне ана орнына ана көріп, пана тұтатын. Дегенмен, «Қазақтың өзге жұрттан сөзі ұзын»,- дегендей, жайдарлы да жайсаң жеңгесін жұрт күндеп, бұл үйге сыйғызбады. Екінші мәрте арқа сүйер қамқоршысы кетіп қалды. Ал автордың шынайы шеберлігіне «Тұрдыбек» атты бөлімдегі бейнелі сөздері арқау бола алады. Ол бөлімде автор оқырман ойын орамдап, жан дүниесін жалынышты сөздермен жайғастырған. Бердібектің әкесі өте жуас, қой аузынан шөп алмастың бірі болады. Үй шаруасына да селқос қарап, тал түске дейін қара суды сіміріп отыра бергенді намыс көрмейді. Анасы қайтыс болған соң әкесі Күміс есімді екінші әйел алады. Міне, аяқ астынан Бердібекте «мейірімді ана »пайда болады да қалады: «Қара бұлттай қалбиған мынау Күміс Соғады Тұрдыбекті гүрс-гүрс». Тағы қиындық... Тағы уайым... «Ұялмас бетке талмас жақ береді»-деп бұл анасы бос ауыздың өзі болады. Өгей шешеден ең көп зардан шеккен Тұрдыбек болатын. Шешесі мүлдем балаға қарамайтын. Өгей шешенің кесірінен кішкентай бала бір күні еңбектеп жүріп отқа күйіп қалады. Одан соң жүре алмай қалады. Тағы бір күні ойнап жүріп, қолын шоққа басып алады. Оны дәрігерлер де дұрыс қарамай барлық қолын бірге байлап тастайды. Ал баланың қолы жазыла келе бірігіп кетеді. Кішкентайынан осындай қиындық көрген інісін Бердібек аяйтын. Алып кетейін десе, өзі де оқушы еді. Автор жетімдіктің ащы дәмін татқаннан соң келер ұрпаққа мынадай ақыл-кеңес айтады: «Балалар, жас достарым! Мынау қатал дүниеде әкесі не шешесі өліп жетім қалу секілді бақытсыздық әркімнің-ақ басында кездесуі мүмкін. Ол секілді жаны жаралы балалар, мүмкін, араларында бар шығар. Сендер қанша араз болсаңдар да оларға жетім деген тажалдай суық сөзді айтпаңдар. Ұр. Соқ. Төбелес. Тіпті, етінен ет кесіп ал. Ал бірақ әлгіндей деп тілдеме. Тағдыр онсыз да аямаған аяусыз жазалаған бейшараның адамшылдық менмендігін жетім деген сөз біржолата жер етіп, таптап кететінін сендер ұғыңдар! Аяңдар!» Бұл кітаптың әр тарауында автор заманының қаталдыққа толы қиын күндерін қисынымен қиыстырып суреттеген. Кейіпкер образдарын аса үлкен шеберлікпен кестелегені соншалық – оқып отырып кейіпкердің көңілді кейпіне еніп күлесің, жалынышты жүзіне еніп жылайсың. Кітаптың әр парағын парақтап танысқан сайын автордың балалық әлеміне сапар шеккендей боласың. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні, повесть өз тақырыбын, мазмұнын жеткілікті деңгейде аша білген. Ең бастысы, Сахарада сайрандаған қазақ баласының сыпайы да сотқар қылық, сынық мінезін дәл мүсіндеген.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет