20-билет 1. І.Жансүгіров өмірі. Ілияс Жансүгіров (5 мамыр 1894 жыл, Алматы облысы Ақсу ауданы - 1938 жыл) — қазақ ақын, драматург, прозаик, фельетоншы, сатирик, журналист, аудармашы және қоғам қайраткері. Алғашында өз әкесінен, ауыл молдаларынан сауат ашқан. Қарағаш ауылында жәдитше бастауыш мектепті бітіреді. Болашақ ақынның бұдан соңғы біраз уақыты ауылда өтеді. Орта жүздің Найман тайпасының Матай руынан шыққан. • 1919 жылы. Ташкенттегі екі жылдық мұғалімдік курсқа түседі. • Оны бітірген соң өз ауылында мұғалім болып, кейін «Тілші» газетінде қызмет атқарады. • 1922 жылы Верныйдағы (Алматыдағы) Қазақ ағарту институтының меңгерушілігіне тағайындалады. • 1925 жылы Мәскеудегі Журналистика институтына оқуға түсіп; • 1928 жылы бітіріп шыққан соң, «Еңбекші қазақ» газетіне қызметке жіберіледі. Жансүгіров шығармалық жұмыспен қатар Қазақстан Жазушылар одағын ұйымдастыру ісіне де белсене қатысқан. • Бұрынғы ҚазАПП (1926) таратылған соң 1932 жылы Жазушылар одағын ұйымдастыру комиссиясының төрағасы болып сайланып; • 1934 жылы өткен 1-съезге дейін қызмет істейді. Съезде Қазақстан жазушылар одағының алғашқы төрағасы болып сайланды. • 1934–1937 жылдары Қазақ саяси баспасының редакторы, сонымен бір мезгілде; • 1933–1936 жылдары Қазақ АКСР-і ОАК-нің мүшесі болды. • 1937 жылы жалған саяси айыппен тұтқындалады. • 1938 жылы ату жазасына кесілген. • 1958 жылы ақталды.[2]
2. І.Жансүгіровтің еңбек тақырыбындағы шығармашылығы. Ілияс Жансүгіровтің классикалық туындылары қазақ халқының реалистік өмірін мейлінше бейне тудырар көркемдік әдіспен шынайы, дәл айтуға, көркем бейнелеуге көп күш жұмсаса, ол жөнінде толыққанды зерттеу жүргізілмеген. Ілияс Жансүгіровтің әр тақырыпта жазған алғашқы туындыларынан бастап, прозалық шығармаларында ел өмірі мен бірге халықтың ауыр тұрмысы, билеуші таптардан көрген құқайы, теперіші, аянышты халі өте шынайы, көркем тілмен жазылғанына көз жеткізе аламыз. Қазақ әдебиетінде көркемдік дәстүрді қалыптастырған бірінші ақын Ілияс Жансүгіров болса, ондағы образдық көркемдік бейне болмысы оның әр шығармаларында көрініс берген. Бұл игі дәстүрді кейінгі буын қаламгерлері кейінгі кезеңге жалғастырып, белгілі бір аумақты арнаға түсіріп, бүгінгі күні қазақ әдебиеті қомақтана түскені жалпы жұртқа мәлім болса, бұл жұмыстың өзектілігі ашылары һақ.