1 билет Балалар әдебиеті туралы түсінік


Салт дәстүрге байланысты өлең түрлері



бет2/30
Дата02.06.2023
өлшемі95,8 Kb.
#98103
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30
Байланысты:
балалар әдеб экзамен

Салт дәстүрге байланысты өлең түрлері

1.Бауырласқан тәніміз,
Бұзылмаған антымыз.
Кең даланың ежелгі,
Қазақ дейтін халқымыз.
Өзге ұлттай біздің де,
Бар дәстүр мен салтымыз.


2.Ата салтым – асыл мұрам, ардағым,
Бабалардың жалғастырар арманын.
Сан ғасырда қалпын бұзбас қадірім,
Өткенімді бүгінменен жалғадым.
2 билет

  1. Балалар әдебиетінің қалыптасуы мен дамуы

ХІХ ғасырдың екінші жартысына дейін қазақта балалар әдебиеті деген ұғым бола қойған жоқ. Оған қарап, қазақта балаларға арналған рухани қазына жасалмаған екен деп ойлауға болмайды. Қазақтың бай ауыз әдебиеті, халық әдебиеті, жыраулар поэзиясы – тұнып тұрған балалар әдебиеті. Қазақ балалар әдебиетінің түп атасы – Ыбырай Алтынсарин. Негізі ХІХ ғасырда қаланған балалар әдебиеті ХХ ғасырда С.Дөнентаев, С.Көбеев, Б.Өтетілеуов, Т.Жомартбаев шығармалары арқылы дамып, өрістеді. Жиырмасыншы жылдардың аяғында І.Жансүгіров, С.Мұқанов, Ө.Тұрманжанов секілді қаламгерлердің тікелей балалар әдебиетімен шұғылдануы, өздерімен бірге қаламдастарын тартып, көптеген мәселелерді ортаға салып, ойласып шешуі - әдебиеттің бұл саласына ерте назар салына бастағанын аңғартады. Жете үңіліп қарағанда, бүгінгі балалар әдебиеті уақыт талабына сай дамып келе жатыр. Балалар әдебиетінің ең басты себебі балалар әдебиетінің кәсіби талабынан, өзіндік ерекшелігінен туындайды.

  1. Балалар фольклорының түрлері, зерттелуі, даму заңдылықтары

Қазақ балалар әдебиеті де қазақ қоғамымен бірге туып, біте қайнасып келе жатқан рухани іргелі сала. Балалар әдебиеті - келешек әдебиеті. Қазақ балалар поэзиясына зерттеулер жүргізу кеш қолға алынғанымен, құнды еңбектерімен тарихта атын қалдыра білген ғалымдар да баршылық. Қазақ балалар әдебиетінің зерттелуі жайлы сөз қозғалғанда, алдымен ойымызға оралатын, ғылыми еңбектері бүгінгі күні де өзектілігін жоймаған, әрбір балалар әдебиетін зерттеуші басшылыққа алатын еңбек – Ш.Ахметовтың ғылыми жұмыстары. Дегенмен, заман талабына сай, жаңару мен өзгеру кезеңінде өз ғасырына сай жазылған ғалым еңбектерінің пайдаға аспайтын тұстары да кездесіп жатады. Балаларға арналған әдебиеттерге арнайы мән беріліп, ізденіс жұмыстары ХХ ғасырдың екінші жартысынан бастап зерттеле бастады. Аталмыш кезеңнің үздік зерттеулері деп Қадыр Мырзалиев, Бекен Ыбырайым, Серік Қирабаев сынды ғалымдардың еңбектерін айта аламыз. «Қазіргі қазақ балалар повестерінің көркемдік ерекшеліктері» және «Қазіргі қазақ балалар прозасы және рухани-эстетикалық даму мәселелері» атты Бекен Ыбырайым секілді ғалымның тың зерттеу жұмыстары, С.Өскенбаевтың 1970 жылы жарық көрген «Қазақ балалар прозасының даму тенденциялары» атты еңбектері балалар әдебиетінің алғашқы және тың зерттеулері болуымен ерекшеленеді. Балалар әдебиетінің мәселелерін қаузап, сыни тұрғыда жазылған жарияланымдары мен көзқарастары баспа беттерінен көрініс тауып тұрды. Ауыздан-ауызға тарап бүгінгі күнге дейін жалғастық тапқан фольклор жырлары мен балаларға арналған тың туындыларды зерттеп, Ахмет Байтұрсынов, мен пайдасы туралы еңбектер жазды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет