1 билет «Күлтегін» жыры жайлы әңгімелеңіз Күлтегін жыры


Балқы Базар жырау жайлы ой толғаңыз 30



бет25/31
Дата03.12.2022
өлшемі143,26 Kb.
#54545
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   31
1 Балқы Базар жырау жайлы ой толғаңыз 30
Базар Жырау Оңдасұлы Балқы Базар (1842, қазіргі Қармақшы ауданы ауыл – 1911, ӨзбекстанТамды ауданы Жалпақтау деген жерде) – жырау.
Руы – Шөмекей ішіндегі Балқы, сондықтан ел арасында Балқы Базар жырау аталып кеткен. Базар өлеңдері алуан салалы. «Халық үшін туған қайратты ер», «Жігіттік», «Жиырма бес», «Назекеңе», «Ғашық жарым», «Дүние» т.б. өлеңдерінің мәні ерекше.
Ақын атаулы соқпай өтпеген атақты «Жиырма бес» туралы Базар да өзінше толғайды. «Жігіттер» деген өлеңінде ақын жастықшақты табиғаттың долы күшіне қара дауыл, нөсер жауынға ұқсата жырлайды. Елінің керегіне жарар азамат болуды әрбір жігітпін деген жастардан күтеді.
Жырау атағы әйгілі батырларды ардақтап жыр толғайды.
Базардың кейбір арнаулары өзінің жеке адамдарға деген көңіл-күйін танытады. «Сүйген жарыма», «Нарманға», «Бақа биге» толғаулары осындай арнау өлеңдер.
Базардың әлеуметтік мәселелерді көтерген «Әр кемелге –бір зауал», «Сұм дүние» сияқты философиялық толғауларында «Алғыр қыран», «Қамал бұзар батыр, жел жатпес жүйрік», «Күн тимес сұлу» бәрі де дүниеден өтеді. Оларға бақ, дәулет, дүние ара-тұра алмайтындығын көрсетеді.
Болашақ жырау әкесінен ерте жетім қалып, есейгенше нағашысы Өтемістің қолында тәрбиеленген. Тоғыз жасында Тәспен би оны өз қолына алады. Тәспен ауылна сол кездегі Сыр бойыАрқа өңіріне белгілі жыраулар жиі келіп, апталап-айлап жатады екен. Бұл Базардың жыраулық жолға түсуіне бірден бір себеп, үлкен мектеп болады. Базар жырау 15 – 16 жасында бала жырау атанады. 1858 жылы Тәспен би Қызылқұмдағы игі жақсыларды шақырып, ұлан-ғайыр той жасап, Базардың астына жүйрік ат мінгізіп, үстіне шапан жауып, жыраулық жолына сәт сапар тілейді. Базар осы кезден бастап Ор төңірегінЫрғызСыр бойыҚызылқұмдыҮргенішХиуа жағын жырау ретінде аралайды. Осы төңіректе кеңінен жайылған Ноғайлы дәуірінің қиссаларымен танысып, оларды жаттап, халық арасында жырлайды. Хорезм жағында болған кездерінде Орта Азия жұртшылығы арасында кеңінен мәлім дастандарды («Көроғлы», «Жүсіп – Ахмет», т.б.) қазақ тілінде жырлап, Сыр бойына таратады. Сонымен қатар шығыс аңыздарының ізімен «Әминә қыз», «Айна – тарақ» дейтін шағын дастандар да шығарады. 1907 жылы Базар жырау Қазан қаласынан баспадан шыққан «Айман – Шолпан» жырын қайтадан жаңғырта жырлайды. Кейіннен «Қыз Жібек» жырына да көп өзгеріс енгізіп, қайта жырлап, ел арасына таратады. Мұның өзі Базар жыраудың нәзирашылдық жолды ұстанғанын байқатады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет