1 билет «Күлтегін» жыры жайлы әңгімелеңіз Күлтегін жыры


Шәңгерей Бөкеевтің «Өмірдің өтуі» өлеңіне поэтикалық талдау жасаңыз



бет27/31
Дата03.12.2022
өлшемі143,26 Kb.
#54545
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31
2 Шәңгерей Бөкеевтің «Өмірдің өтуі» өлеңіне поэтикалық талдау жасаңыз 30
Қара өлең (а б а а)
9 шумақ
46 тармақ
7-8 буынды
8 бунақты
3 Балқы Базар жыраудың «Әлі де сенде арман жоқ» өлеңінің композициялық құрылымына талдау жасаңыз 40
Пәні: XIX ғасырдағы қазақ әдебиеті
Оқытушы: Имангазинов М.М.

№19

Сұрақтар/тапсырма

Балл

Жинаған балл

1

Б.Жолбарысұлы жайлы ой толғаңыз

30




2

Б.Жолбарысұлының «Есімбекке» өлеңіне поэтикалық талдау жасаңыз

30




3

М.Мөңкеұлының «Мұраттың жалпыға айтқаны» толғауына образдық талдау жасаңыз

40






1.Бақтыбай Жолбарысұлы (1842, Алматы облысы, Текелі — 1902, Ескелді ауданы, Өтенай ауылы, Балдырған жайлауы) — айтыс ақыны.
Жалайыр тайпасының Сиыршы руынан шыққан.[1] Жеті жасында жетім қалып, бірнеше жыл Балқаш, Сексеуіл, Шұрық жақтағы нағашыларының қолында болады. Кейін еліне қайтып келіп, бай ағайындарының малын бағады. Жиын-тойларда өлең құрастырып, ақындығын танытады. Ақыры өнері жалшылықтан құтқарып, өлеңнің соңына біржола түседі. Әсіресе, атақты Тезек төремен айтысы (1861) Бақтыбайдың ақындық даңқын бүкіл Жетісу өңіріне әйгілі етеді.Бақтыбайдың жекелеген толғау, сықақ, жоқтау өлеңдері көп болғанымен, айтыс өнері оны биікке көтерді. Мәйке қызбен, Арыстан, Жүсіпбек, Әсет, Бәйімбет, Қыпшақбай, т.б. ақындармен айтысы суырып-салма шеберліктің, тапқырлық пен батылдықтың айқын үлгісі.[2]
2. Б.Жолбарысұлының «Есімбекке» өлеңіне поэтикалық талдау жасаңыз
5 шумақ
Ерікті ұйқас(а б а ә а)
8 бунақ
7-8 буын
23 тармақ



3. М.Мөңкеұлының «Мұраттың жалпыға айтқаны» толғауына образдық талдау жасаңыз
1)Шығарма туралы
Замана сырына үңіле келіп, көне жыраулар үлгісінде адам өмірі, жастық, кәрілік, саулық, өмір, жарастық хақында толғанады.
2)негізгі образлар
Бай, бәйбіше, қарындас, ер жігіт
Пәні: XIX ғасырдағы қазақ әдебиеті
Оқытушы: Имангазинов М.М.

№20

Сұрақтар/тапсырма

Балл

Жинаған балл

1

Шәңгерей Бөкеев жайлы ой толғаңыз

30




2

Шәңгерей Бөкеевтің «Өмірдің өтуі» өлеңіне поэтикалық талдау жасаңыз

30




3

1925 жылы жарияланған «Исатай –Махамбет» атты кітап жайлы ой қозғаңыз

40






1.Шәңгерей Сейіткерейұлы Бөкеев (1847, Батыс Қазақстан облысы Орда қаласы — 1920, Батыс Қазақстан облысы Ақбақай елді мекені) — ақын.Бес жасында ата-анасы қайтыс болып, жетім қалады. Бірақ ағаларының қамқорлығымен білім алған. Орынбор кадет корпусында, Астрахан гимназиясында оқыған. Орыс тілін үйреніп, әдебиет пен мәдениетке ден қояды.[1]

  • Сарытау (Саратов) мен Самара аралығындағы ата қонысы — Көлборсыда өмір кешеді. Бөкеев аңшылық-саятшылықты, табиғат сұлулығын, ән-күйді, көркем сөз өнерін ұнатады, өлеңдер жазады.

  • 1917 жылы Көлборсыдан көшіп, қазіргі Тайпақ ауданына келеді. Бөкеев шығармалары 1911 — 12 жылы “Шайыр”, “Көксілдер”, 1926 жылы “Үш жоқтау” жинақтарында жарық көрген.

  • 1934 жылы жеке жинағы шығады. Одан кейінгі жылдарда шығармалары оқулықтар мен жинақтарда жарияланып отырды. Бөкеев — Еуропа әдебиетінен сусындап, қазақтың суырып салма поэзиясы дәстүрін жазба әдебиетке ұластырған ақын. Уақыт, заман, өмір, табиғат, ғылым, өнер туралы толғанады. “Өмірдің өтуі”, “Ғылым”, “Эдисон”, т.б. өлеңдері өзгермелі, өтпелі өмірдің заңдылығын ежелгі қазақ поэзиясының ең құнарлы сөздерімен, әсерлі суреттерімен бейнелейді.


2.Шәңгерей Бөкеевтің «Өмірдің өтуі» өлеңіне поэтикалық талдау жасаңыз 30
Қара өлең (а б а а)
9 шумақ
46 тармақ
7-8 буынды
8 бунақты
3. 1925 жылы "Исатай-Махамбет" атты кітап басылып шыққаны мәлім (Қазақстан мемлекет баспасының күншығыс бөлімі. Ташкент. 1925 жыл). Кітаптың мазмұны: 1. Исатай қозғалысының қысқаша тарихы. 2. "Исатай-Махамбет". Ығылман ақынның өлеңі. 3. Махамбет батырдың Баймағамбет сұлтанға айтқан сөзі. 4. Махамбет батырдың басқа сөздері.
Ақын шығармашылығының екінші басылымы: "Махамбет Өтемісов. Махамбет, Өлеңдер". — деп аталып, 1939 жылы шықты. ("Өлендерін жинаған және сөз басын жазған Хажым Жұмалиев". Қазақстан Көркем әдебиет баспасы, Алматы, 1939 жыл). Осыдан кейін профессор Х.Жұмалиевтің редакциясымен ақынның шығармалар жинағы бірнеше рет (1948, 1951 жөне 1962 жыл) басылып шықты.
Ал, үшінші басылымы "Ерулі атқа ер салмай" деген атпен 1974 жылы, содан соң 1979 жылы "Жыр - семсер" деген атпен "Жазушы" баспасынан қайта жарық көрді. Бұл екі жинақты да: "Баспаға әзірлеген, кіріспе мақала мен түсініктерін жазған, библиографиясын құрастырған Берқайыр Аманшин". Сөйтіп, Махамбет өлеңдері жеке жинақ кітап ретінде 1925 жылдан бастап сегіз рет басылып шығыпты.

Пәні: XIX ғасырдағы қазақ әдебиеті
Оқытушы: Имангазинов М.М.

№21

Сұрақтар/тапсырма

Балл

Жинаған балл

1

Ақтамберді жырау жайлы ой қозғаңыз

30




2

Сүйінбайды пір тұтқан айтыскер, ақын жайлы ой қозғаңыз

30




3

Дулат Бабатайұлының «Еспенбет» дастанына образдық талдау жасаңыз

40




1.Ақтамберді Сарыұлы (1675, қазіргі Оңтүстік Қазақстан, Қаратау, — 1768 — қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы Жүрекжота мекені)[1] — жырау, ақын, қолбасы, қазақтың көне жыраулық мектебінің белді өкілі, дипломат. Найман тайпасының қаракерей руының Сыбан тармағынан шыққан.
Он екіде аттанып, қылыш ілдім білекке” дегеніне қарағанда күреске ерте араласқан жауынгер жырау санатына жатады. Тұрмыстың қыр-сырын, отбасы, елдік, ерлік, жер мәселелерін жырларында жақсы бейнелейді. Қысқа нақыл, шешен сөздердің шебері. 1742 жылы Орта жүз ру басшыларының Орынборда ант беру жиналысына өкіл болды. 1738 — 1752 жылдары қазақ-қалмақтың қанды қақтығыстарының барлығына дерлік қатысқан. “Ақтабан шұбырынды” оқиғасының зұлмат қан кешуін бастан өткерген. Ес білгеннен бастап 70 жыл бойы ат үстінен түспей, елі мен жерін қорғаған қас батыр, айтулы шешен, қабырғалы би, атақты жырау.Қазақ жауынгерлерінің азаттық, құлдық жөніндегі түсініктері, көшпелі халықтың тыныс-тіршілігі, болашаққа деген сенімі, адалдық-жауыздық, қиянат, әділетсіздік хақындағы таным-түсініктері Ақтамберді талғамынан өтіп жыр-толғауға айналған.
2.Жамбыл Жабаев жастайынан сөз өнерін пір тұтып, бала кезінде-ақ, Сүйінбай Аронұлынан бата алады.Жас талаптың Жетісу өңірінің даңқты ақыны Сүйінбаймен кездесіп, батасын алуы оның ақындық бағын ашқан айтулы оқиға болады. Бірде 14-15 жастардағы Жамбыл жарапазан айтуды сылтауратып, Сүйінбай ауылына келеді. Үйінің сыртында ат үстінде тұрып, жарапазанға жалғастыра өз жанынан өлең шығарып, ұзақ жырлайды.Айтқанына сүйсінген Сүйінбай Жамбылды үйге шақырып, ұзақ отырып, өлеңін зор ықыласпен тыңдайды. Бала ақынның болашағынан зор үміт күткен көреген жырау: "Осы шабысыңнан тайма! Өлең-жырыңды дауылдата бер! Жолың болсын! Бақытың ашылсын, балам! Шындықты айт, әділдікті жырла! Кәне, тозығы жеткен жолға түспе, жаңа жол, даңғыл жолға түс! Өлеңің бүкіл халық сүйсініп, көңілімен иіліп тыңдайтын өлең болсын! Сенің көңіліңнің асылы патшаның қазынасынан да бай болсын!," - деп бата береді.Бұдан кейін де Сүйінбай Жамбылды бірге алып жүріп, орындау шеберлігін көрсетіпті.
Сондықтан да осыдан кейінгі өлеңдерінде «Менің пірім – Сүйінбай, Сөз сөйлемен сиынбай» деп ұстазының алдына түспейтіндігін үнемі айтып отырады. Осылайша жастайынан өлең-жырға жақын өскен ол он бес жасынан-ақ «жас ақын», «жап-жақсы ақын», «Жамбыл ақын» болып, елге таныла бастаған екен.Ақын шығармаларының шоқтығы биігі – айтыстары деп айтамыз. Жамбылдың Құлманбет, Досмағанбет, Сарыбас, Майкөт, Бақтыбай, Сары, Бөлтірік, Жүнісбай, Айкүміс, Бөлектің қызы, Шашубаймен айтыстары суырыпсалмалық өнерінің биікке шарықтағандының айғағы. Осылардың ішінде Айкүміспен айтысы қыз бен жігіт айтысының жақсы бір көрінісі болса, Құлманбетпен айтысы қазақ әдебиетіндегі айтыстың жақсы бір үлгісі. Құлманбет ақын Албанның би, болыстарының байлығымен, дәулетімен мақтанғанда Жамбыл «Адамдықты айт, ерлікті айт, батырлықты айт, Ел бірлігін сақтаған татулықты айт!» деп жеңіп кетеді.
3.Бұл дастанында жетім бала, жас батырдың қалмақтармен соғыста көрсеткен ерлігін сөз қылады.Дастанның басты кейіпкері Еспенбет өзінің құрдастарына қарағанда ойлы, көзі ашық, көкірегі ояу, намысты, арманы биік болып өседі.
жетім Еспембет нағашысы Ер Қосайдың үйінде тәрбиеленеді.
Есейген соң нағашысының елінде жүруе арланып, ол өзінің туған жеріне кетуге рұқсат сұрайды.
Нағашысы Қосайдың ұсынған сыйлықтарынан бас тартып, тек Ақбөрте тайды беруін сұрайды.
Нағашы атасы Ер Қосай ақ батасын береді.Еспембет нағыз батыр, еркіндікті сүйген даланың ұлы. Оған ешқандай дүниенің байлығы керегі жоқ, оның қалауы – Ақбөртені тай қылып мініп, елінің кегін қайтару. Туған жеріне оралып, қару асынып, жауға қарсы тойтарыс беру.
22 1.Дулат Бабатайұлының «Шаштараз» мысалына поэтикалық талдау жасаңыз.
«Шаштараз» мысалынан үзінді.
Елін баққан ер болмақ,
Жауын болжап, жер шолмақ.
Аузын баққан би болмақ,
Алыстан шолып, кең толғап.
Зейнеті көп, пайдасы аз,
Айта берсең – бәрі сөз.
Құлақта қақас қоспа көп,
Дәл сөйленбес көрмей көз.
Сөз қоспай дәл айтпасаң,
Естіме, көрме, сөзден без.
Аузыңа ие болмасаң,
Бәле үйір, жалакез.
Аузыңнан шықса, жел естіп,
Жер түбіне жетер тез.
Дастан: 36 шумақ,209 тармақ,7-8 буынды,2-3 бунақты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет