1 билет «Күлтегін» жыры жайлы әңгімелеңіз Күлтегін жыры


Базар жыраудың туған жері жайлы ой қозғаңыз



бет28/31
Дата03.12.2022
өлшемі143,26 Kb.
#54545
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31
2.Базар жыраудың туған жері жайлы ой қозғаңыз.
«Жыраулардың жампозы» атанған Базар жырау Оңдасұлы (1841-1911) есімінің күні бүгінге дейін исі қазақтың жадында жатталып келуі тегін емес. Шығармашылық ғұмыры ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың алғашқы он жылдығына тура келетін Базар жыраудың жыр-толғауларының сол кездің өзінде-ақ Сыр бойына ғана емес, еліміздің түкпір-түкпіріне тарап үлгергені туралы, сондай-ақ, осы аймақтардағы сөз ұстанған өнерпаздардың Базар жырау жырларымен ауызданып, өнерлік жолын бастағаны жөнінде нақты деректер ғылымға белгілі. Профессор Х. Сүйіншәлиевтің мәліметтеріне сүйенсек, Базар жырау «қазіргі Қызылорда облысының Қазалы ауданының 6-ауылында туып-өскен. Базардың өлеңін жинаушылардың бірі Әлқуат Қайнарбаевтың деректеріне қарағанда, ақын 1839 жылы туып, 1911 жылы дүниеден озған». Соңғы жылдардағы зерттеуде: «Бұқар жырау мен Махамбеттен кейінгі толғау алыбы – Базар жырау (Базар Оңдасұлы Өтемісов (1842-1911 жж.) қазіргі Қызылорда облысының Қармақшы ауданы, «Қарақ» деген жерде туып, бейіті Өзбекстан Республикасының Үшқұдық ауданының «Жалпақтау» деген жерінде) шығармашылығының мазмұны мен тақырыбы қазақ өмірінің шындығынан туған» ,– деп көрсетілген. Ғ. Іскендерұлы «Жат жұртта жер­ленген жампоздар» атты мақаласында былай деп жазады: «Базар Оңдасұлы (1842-1911) – жырау. Қазіргі Қызылорда облысының Қармақшы ауданында дүниеге келген. Базар 15-16 жасынан бастап Ор төңірегін, Ырғыз, Сыр бойын, Қызылқұмды, Үргеніш, Хиуа жағын жырау ретінде аралайды. Жыраудың өз айтуымен хатқа түскен 15 мың жолға жуық өлең-жырлары, 5 дастаны сақталған... Базар жыраудың зираты Өзбекстанның Тамды ауданының Жалпақтау деген жерінде».
3.Базар жыраудың философиялық толғауы жайлы ой қозғаңыз.
Поэзиямыздың тарихындағы барынша жетілген, өмір құбылыстарының философиялық мәні мен маңызын, адам өмірінің саяси-әлеуметтік мәселелерін терең жырлайтын Базар жырау толғауларын өз заманының үздік туындылары болды деп нық айтуға болады. Мысал үшін жыраудың «Әр кемелге – бір зауал» толғауында адам, аң-құс, жануарлар бейнесі типтендіріле отырып, өмір құбылыстарының мәні ашыла түседі, дүниенің жалғандығы мен өткіншілігі, өзгермелілігі «батыр – бір оқтық, бай – бір жұттық» дегендейін ыңғайда жырланады. Желге жеткізбес жүйрік аң, кер құлан, назбедеу тұлпар, қыран бүркіт, бай мен батыр, Базарша айтқанда, бәріне де зауал бар, мәңгілік еш нәрсе жоқ. «Әлі де сенде арман жоқ» делінетін толғауда да сондай:
«Көзі ақықтай сүзілген,
маржандай тісі тізілген,
келімі келген кермиық,
сағағынан үзілген,
белгілі ару қор болып –
кімдерден жылап қалған жоқ», –
делініп ару жайында, одан әрі тұлпар ат, батыр туралы айтылып кетеді.
Жыраудың «Әр кемелге – бір зауал» атты толғауын кішігірім философиялық трактаттан кем емес деп айта алар едік. Бірақ «Әр кемелге – бір зауал» – философиялық трактат емес, толғау өлең. Дүние, оның өтпелілігі – бұлар әрі таза ойға негізделген философиялық тұжырым болғанымен, өлең контексінде сезіммен суарылып беріліп отыр. Өйткені бұл дүние батырдан, биден, арудан, тұлпар ат, сұңқар құс, бәрінен қалған. Дүниеде мәңгілік еш нәрсе жоқ. Өкінішті, өкінішті болғандықтан жүрек толқытар сезім.
«Өлшеулі демі біткенде,
Ажалдың оғы жеткенде,
Бадана көзді берік сауыт
Тең болар оның наласы
Жалаңқат киген шекпенге», –дейді Базар жырау.
Бұл тұста жырау бадана көзді берік сауыт пен жалаңқат киген шекпенді қатар бере отырып, бәрібір ажалдың келетініне, адам баласының өлімге қалайда мойынсұнатынын толғап отыр. Өкінішті-ақ, сондықтан жүрекке салмақ түсіретін ауыр сезім. Жалпы ой толғауларының өзін таза ойдан, ақылдан ғана тұрады десек, қателесер едік. Терең ойды сезімге орап, бөлеп айту – толғау өлеңге де тән сипат.Дүние қалай қысқа, шолақ болса, оның қызығы да сондай, қусаң жеткізбейтін қашаған, баянсыз. Базар жырау толғауларында осы мотив біраз қаузалып, жырланып отырады.
«Опасы жоқ бұл дүние,Түспеді қолға, қуғанмен,Неше алуан түрленіп»,–
деп толғанады ұзақ.
23 1.Базардың ең өткір сатиралық шығармасы жайлы әңгімелеңіз.
Әйгілі жыраудың өткір сатиралық шығармасы – «Қаражан болысқа» өлеңі. «Қаражан болыс жұрт жиып,той жасап, арнайы кісі жіберіп,Базар жырауды шақыртады. Кілем төсеп,құрметтеп,төрге отырғызып: «Базеке, тойға қызмет етіңіз», – дейді. Тыңнан тербеп, соныға сілтеген арқалы жыраудың толғаулары таң атқанша толас таппайды. Бірақ бай айтқан уәдесіне тұрмай ертеңіне өзі арық, жауыр, кәрі ат береді. Нысанаға алған кісісін бет-жүзіне қарамай кемшілігін тізе, жер-жебіріне жететін болған арқалы жырау Қаражан болыстың жалған сөйлеп, жалт бергенін көп алдында аямай айтып, сойып салады». Ақын Қаражан болыстың көкірек кергенін, арсыздығын былайша әшкерелейді: «Дүниенің қызығына түсемін деп, Талайлар құр қалып жүр абыройдан. Өзі арық, өзі жауыр, алжыған көк, Қолыңа қапелімде түсті қайдан?! Май құйсаң да оңбайтын өте кәрі, Қонбайды өлетінге берген дәрі. «Болыстың берген аты осы ма?» – деп, Мазақтап күле берді жұрттың бәрі, Мен – Базар, сен – Қаражан деп айтамын Болыстың өкпелесе ықтияры. Той қылдың мақтанышпен жұртты жиып, Төбеге тұрды халық әрең сыйып, Жануар көп тұтынған малың екен, Қолыңнан не қып шықты көзің қиып. Шақыртып, әдейі арнап алып едің, Мен саған келіп пе едім өзім тиіп». Базар жырау осылай төбе толған халық көзінше сараң мырзаның масқарасын шығарып, астындағы атын түсіп беруге мәжбүр етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет