1-билет Компьютерлік желілердің жіктелуі


Іздеу машиналары. Индекс арқылы іздеу



бет21/25
Дата18.03.2023
өлшемі91,25 Kb.
#75324
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25
Байланысты:
1-билет Компьютерлік желілерді жіктелуі

3. Іздеу машиналары. Индекс арқылы іздеу
Интернетте миллиондаған сайттар бар, соның ішінде өзекті ақпаратпен қоса көптеген ескі қорлар орналыстырылған. Интернет – белгілі бір басқарушысы жоқ демократиялық ақпарат көзі болып табылады. Кез келген адам желіге өзінің қорын орналастыра алады. Қорытындылап келгенде, интернетте ақпараттың қайталанбауына, оның стандартқа сай келуіне көп адамдар мән бере бермейді. Желіде барлығы бар екені белгілі, бірақ желіден қажетті ақпаратты алу қиын. Яғни, мәліметті табу үшін, оны жақсы іздей білу керек. Осы бөлімде интернет желісімен жұмыс істейтін іздеу аспаптары сипатталып, іздеу жүйесінің жұмыс механизмі түсіндірілген, іздеу оптимизациясына практикалық түсініктеме берілген.
Интернетте ақпаратты іздеуге арналған мынадай әртүрлі аспаптар бар: іздеу машиналары
(поисковиктер), индекстелген каталогтер (рубрикаторлар), рейтингілер, метаіздеуіш жүйелер және тематикалық сілтемелердің тізімі, онлайн энциклопедиялары мен анықтамалар. Осы кезде әр түрлі үлгідегі ақпаратты табуда іздеу аспаптарының түрлі категорияларын қолдану тиімді болып келеді.
19 билет

  1. Каналдар коммутациясы

Телефон тұтқасын көтеріп, абонент немесе компьютер нөмір тергенде, телефон желісінің коммутациялық жабдығы қарсы шеттегі абонентке немесе компьютерге апаратын сымды табады. Басқаша айтқанда, телефондық коммутатордан шақыру қабылдағанда ол кіріс және шығыс желілері арасында физикалық байланыс орнатады. Соңғы нөмірді теру мен жауапты сигналды алу арасындағы үзіліс бірнеше секунд құрауы мүмкін, әсіресе қалааралық немесе халықаралық қоңырау шалулар жағдайында. Осы уақыт бойы желефон жүйесі басқа шеттегі абонентпен байланыс орнатуға тырысады.Байланыс орнатылған соң мәліметтер жіберудегі іркіліс тек электромагнитті сигнал таралу уақытымен (1000 км-ге 5 мс) анықталады. Бұдан басқа, пакеттер коммутациясына қарағанда трафикке жүріс жолында ешқандай шамадан тыс жүк төнбейді – яғни сіз ешқашан телефон арқылы тауып сөйлескен соң біреу сымды қиып жібермесе «бос емес » сигналын естімейсіз. Жақында ғана байланыс телефон станциясында кабелдік жалғастырғышты сәйкес шығыс және кіріс желілеріне қосу жолымен оператормен жүзеге асырылатын, алайда автоматты коммутация өткен ғасырдың өзінде ойлап табылды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет