2 Символдық адрестер немесе атаулар.
Бұл адрестер адамдардың есте сақтауы үшін арналған, сондықтан әдетте мағыналық жүктеуді алып жүреді. Символдық адрестерді кішкене, сондай-ақ ірі желілерде қолдану оңай. Үлкен желілерде жұмыс істеу үшін символдық күрделі иерархиялық құрылымды иемденуі мүмкін, мысалы, ftp – archl.ucl.ас.uk.
Сандық құрама адрестер. Символдық атаулар адамдер үшін
№20 билет ыңғайлы, бірақ өзгергіш пішімнен және оларды жіберудің үлкен ұзындығынан желі бойынша таратылуы аса үнемді емес. Сондықтан көптеген жағдайда үлкен желілерде жұмыс істеу үшін тораптардың адресі ретінде бекітілген және тұтас пішімді сандық құрама адрестер қолданылады. Осы тип адресінің типтік өкілдері IP – және ІРХ – адрестері болады. Оларға екі деңгейлі иерархия сүйенеді: адрес үлкен бөлімге – желінің нөміріне сай бөлу желінің нөмірі негізінде, желілер арасындағы хабарламаны жеткізуге мүмкіндік береді, ал торап нөмері керекті желіге хабарлама жеткеннен кейін ғана қолданылады.
Мультимедианың техникалық құралдары
Мультимедиа құралдарына оқыту процесінде әртүрлі типті ақпараттарды ұсынушы кез келген оқыту құралдарын жатқызуға болады. Атап айтқанда:дыбыстық құралдар (CD-ойнатқыш, магнитофон т.б.);телерадио жүйелері (телеқабылдағыш, радиоқабылдағыш, оқыту теледидары, DVD-ойнатқыш т.б.);проекциялық құрылғылар (графопроектор, мультимиедиалық проектор, оверхед проектор, бейнепроектор, интерактивті проектор);интерактивті тақта;ақпарат көбейткіш құралдар (микрофильмдеу құралдары,ксерокс, ризограф);компьютерлік құралдар;телекоммуникациялық жүйелер мен желілер (кабельдік, спутниктік, оптоволокондық желілер т.б.).Мультимедиалық қосымшаларды жасау технологиялары бойынша отандық және шетелдік жүйелерді қарастыру және сараптаудан соң ең көп тараған мультимедиалық қосымшалардың жіктелуін және олардың ұғымдарын ұсынуға болады. Мультимедиалық қосымшалар келесі түрлерге бөлінеді:
№21 билет Дейтаграмма әдісі
Десте жалғаушы (коммутациялаушы) желілерде дерек дестесін жолдаудың екі түрлі механизмі колданылады - дейтаграммалық және виртуалды арналармен жолдау.
Дейтаграмма жалғыз дестеден түратын дерек. Дейтаграмманың ерекшелігі алдын - ала жалғауды кажет етпейді. Торапқа келіп түскен дейтаграмманы енді кай торапқа жіберу керектігін дестенің басында керсетілген мекен-жайына байланысты әр торап өзіндегі бағыттау кесте бойынша шешеді және бір-біріне байланыссыз таратылып, жеке-жеке өңделеді.
Дейтаграмма әдісі алдын - ала жалғауды қажет етпейтіндіктен жолданатын дейтаграммалардың кешеулдеуі аз болады. Бұл әдіс кысқа дейтаграммаларды, әсіресе, дейтаграмманың жолдау уакыты мен жалғау уақыты өлшемдес болған жағдайда өте тиімді.
Дейтаграммалық әдіс желідегі өзгерістерге жылдам бейімделеді. Жалғанатын виртулды арнаның (SVC тәртібі) жалғаушы қүрылғысы немесе виртуалды арна-ның бағытталған бөлігі Бұлінген жағдайда виртуалды арнаны Бұлінген бөлігінен басқа бағытпен қайтадан құруды қажет етеді.