Байланысты: 1 билет Отанды тарихты о уды т жырымдамалы негіздері
50. Ауыл шаруашылығындағы дағдарыс және өзгерістердің мәні Аграрлық секторда ғылымға жеткілікті дәрежеде негізделмей жүргізілген реформалар ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісінің құлдырауына алып келді, әсіресе мал шаруашылығы көбірек жапа шекті. Ауыл шаруашылығы саласының құрылымы, әсіресе ондағы өсімдік пен мал шаруашылығы қатынастары мүлдем өзгерді. Мәселен, 2002 жылы ауыл шаруашылығының жалпы өнімінде (1994 ж. бағамен) өсімдік шаруашылығы үлесіне 80% және мал шаруашылығы үлесіне небәрі 20% ғана тиесілі (1990 жылы 39% жэне 61% болған) болды. Мысалы, 1 шартты мал басына есептелген шартты саны азайып кеткен 1990 жылы 16,6 млн. бас болса, 2003 жылы 7,5 млн. басқа дейін немесе 55%-ға кеміген), ал мал шаруашылығы өнімдерінің жалпы өндірісі 77%-ға азайған. Бұл жағдайда шаруашылық категориялары бойынша мал шаруашылығы саласында қайта бөлістіру өзгерді: ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының үлесі біраз азайып кеткен ондағы мал басы саны және мал шаруашылығы өнімдерінің өндірісі де кеміген. Қазіргі кезеңде Батыс Қазақстан облысында республикадағы барлық мал басының 9,8% орналасқан (шартты басқа есептегенде). Одан да өзге ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында жер көлемі аумағы да қысқарды. 1 кәсіпорынға орташа 2100 га жыртылған жерден және 5500 жайылым және шабындықтан келіп отыр.
Ауыл шаруашылық кәсіпорындары негізінен астық өндірісіне мамандандырылған. Бұған қалыптасқан егістік алқаптарының құрылымы да ықпал етеді, басқаша айтқанда азық дақылдарына арналған аумақтар мал шаруашылығы саласының дамуына сәйкес емес, олар бар болғаны орташа есеппен 550-600 шартты басты қамтамасыз ете алады. Мұндай фактор, шағын көлемдегі жер аумағы ретінде, ауыл шаруашылығы кәсіпорындарындағы шоғырландыру деңгейінің өте төмен екендігін анықтап отыр: 1 кәсіпорынға орташа МІҚ 300 басқа дейін және қой мен ешкі 1500 басқа дейін. Осы жағдайда оның жартысынан астамы 30-35 бас МІҚ және 100-250 қой мен ешкі келеді. Жалпы өнімдер көлемдері бойынша ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының негізгі бөлігі шағын көлемді өндіріспен сипатталады: орташа республика бойынша бұл көрсеткіш 1 шаруашылыққа 34 млн. теңгені құрайды.
Тек солтүстік өңірде ғана аздап өзгешелеу — 1 шаруашылыққа жалпы өнім көлемі 64 млн. теңге құрайды. Бірақ мұндай жағдай астық өндіруші кәсіпорындар есебінен қалыптасып отырғандығын айтуға болады. Оңтүстік және батыс өлкелерде көбінесе жалпы өнім көлемдері бойынша, барынша ұсақ ауыл шаруашылығы кәсіпорындары құрылып отыр, сондай-ақ жер көлемі, мал басы саны, жұмыскерлер саны да өте аз.
Шаруа қожалықтары бойынша жыртылған жер аумағы негізгі массада орташа 10 га келеді, сонымен қатар мал шаруашылығы да өте ұсақ көлемде көрініс тапқан: МІҚ 20 басқа дейін және 110-ға дейін қой мен ешкі. Бұл жағдайда мал шаруашылығымен 10% ғана шаруашылық айналысады. Қалыптасқан ауыл шаруашылық кәсіпорындарының ұсақ көлемді болып келуі жер көлемі бойынша да және мал басы бойынша да үздіксіз технологиялық процесті қалыпты жағдайда қамтамасыз ете алмайды, ол ақырында өңдіріс тиімділігінің төмендеуіне келіп жеткізеді. Бәсекеге қабілетті және экономикалық жағынан пайдалы шаруашылықты құру ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының көлеміне айрықша талаптар қояды., оның өзі сол жергілікті аграрлық сектордың дамуына сәйкес болып келуі жөн.
Ауыл шаруашылық кәсіпорындары көлемдерінде, жер аумағы бойынша үлкен айырмашылықтар байқалады, бір облыс ішіндегі өлкелерде ұтымды өндіріс ұйымдастыру барлық уақытта да дәлелденген болып саналмайды. Көп кездесе бермейтін ірі кәсіпорындармен қатар, онша көп болмаса да, өте шағын көлемдегілер де жиі кездеседі. Шағын кәсіпорындарға қарағанда ірі шаруашылықтардың басымдығы байқалады онда барлық өндіріс факторлары тиімді сәйкестік тапқан және көп пайдаланылады, және соның негізінде жақсы қорытындыларға жетуге мүмкіндік мол.