21. Білім жетістіктерін Халықаралық бағалауды көрсетіңіз.
PISA оқушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың халықаралық бағдарламасы ЭЫДҰ және ұлттық орталықтарының қатысуымен жетекші халықаралық ғылыми ұйымдардан тұратын консорциуммен жүзеге асырылады.Аталған халықаралық бағдарлмада оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау негізгі үш бағыт бойынша жүргізіледі: «оқу сауаттылығы», «математикалық сауаттылық» және «жаратылыстану ғылымдары бойынша сауаттылық». Оқушылардың жалпыоқулық және интеллектуалды білікке ие болуын бағалауға баса назар аударылады.
PISA зерттеуі үшжылдық циклмен жүргізіледі. Әр циклда жоғарыда аталған үш бағыттың біреуіне ерекше назар (тестілеу уақытының үштен екі бөлігі) аударылады. Қалған екеуі бойынша аталған саладағы оқушылар сауаттылығының жалпы сипаттамасы келтіріледі. 2000 жылы негізгі бағыт – «оқу сауаттылығы», 2003 жылы – «математикалық сауаттылық», 2006 жылы – «жаратылыстану ғылымдары бойынша сауаттылық».
Айта кету керек, зерттеудің негізгі бағыттары құралдарын әзірлеудің тұжырымдамалық сипаты, нәтижелерді өңдеу және көрсету әдістері әлемнің жетекші мамандары қатысатын ғылыми форумдарда талқыланады және жобаға қатысушы мемлекеттердің өкілдерімен (әдетте, білім министрліктерінің өкілдерімен) олардың практикалық маңыздылығын есепке ала отырып бекітіледі
PISA-2012 тест тапсырмаларының жалпы санының 17% -ы 15 жас шамасындағы білім алушылардың оқу сауаттылығын анықтауға бағытталған тапсырмалардан тұрады.
Оқырман құзыреттілігі жазбаша мәтіндердің мазмұнын білімді және қоғам өміріне белсене араласу мүмкіндігін дамыту үшін қолдану мақсатында мәнін түсінуді тұспалдайды. Мұнда мәтінді түсінумен байланысты біліктер бағаланды. Сонымен тестілеу қатысушылары жалпы бағдар бойынша өз біліктерін және оның толық мағынасын ұғынуды мәтін мазмұнында көрсетулері керек еді. Бұдан басқа, ақпаратты табу және мәтінді түсіндіру бойынша функционалдық сауаттылық бағаланды.
Достарыңызбен бөлісу: |